Latest
Оқиға
21 қазан 2026
Өзгеріске бастайтын 30 қазақстандық: Астанада БҰҰ күніне орай GLOCAL көрмесі ашылды
Көбірек мәлімет алу
Оқиға
16 қазан 2026
БҰҰ халықаралық қауымдастыққа Қазақстанның 2026–2030 жылдарға арналған даму басымдықтарын таныстырды
Көбірек мәлімет алу
Баспасөз мәлімдемесі
14 қазан 2026
Жаһандық дипломатиядан жергілікті іс-қимылға: БҰҰ мен Швейцария Астанада бірлескен дәріс өткізді
Көбірек мәлімет алу
Latest
Тұрақты даму мақсаттары Қазақстан
Қазақстандағы БҰҰ жүйесі елдің ЭЫДҰ стандарттарына қол жеткізу арқылы әлемнің ең дамыған 30 елінің қатарына қосылу ұмтылысын нық қолдайды. Біз 2030 жылға дейінгі Тұрақты даму жөніндегі жаһандық күн тәртібі мен оның 17 Тұрақты даму мақсаты Қазақстанға «Қазақстан-2050» стратегиясында және кейінгі реформалар күн тәртібінде айқындалған даму мұраттарына тиімді қол жеткізуге көмектесетін маңызды құрал екеніне сенімдіміз.
Баспасөз мәлімдемесі
14 қазан 2026
Жаһандық дипломатиядан жергілікті іс-қимылға: БҰҰ мен Швейцария Астанада бірлескен дәріс өткізді
АСТАНА, 2026 жылғы 14 қазан – Біріккен Ұлттар Ұйымының Қазақстандағы өкілдігі Швейцария Елшілігімен және Мақсұт Нәрікбаев университетімен (MNU) бірлесіп, «БҰҰ-ның ел деңгейіндегі қызметі: жаһандық құрылымнан жергілікті іс-қимылға дейін» атты дәріс ұйымдастырды. Кездесуде студенттер мен оқытушылар БҰҰ-ның халықаралық деңгейдегі қызметімен және жаһандық міндеттемелердің ел ішінде нақты нәтижелерге қалай айналатынымен танысты. Іс-шараның негізгі баяндамашылары Швейцарияның Қазақстандағы Елшісі Кристин Хонеггер Золотухин және БҰҰ-ның Қазақстандағы Тұрақты үйлестірушісі Саранго Раднарагча болды. Кездесуді Мақсұт Нәрікбаев университетінің провосты Анар Ибраева құттықтау сөзімен ашты. Швейцария Елшісі Женева қаласының халықаралық дипломатия орталығы ретіндегі рөліне, Швейцарияның көпжақты ынтымақтастықты дамытуға қосқан үлесіне және жаһандық сын-қатерлерді шешудегі халықаралық институттардың маңызына тоқталды.Өз кезегінде Саранго Раднарагча БҰҰ жүйесінің Қазақстандағы қызметі, елдік топ құрамындағы агенттіктердің өзара үйлестіру тетіктері және ұлттық серіктестермен ынтымақтастық туралы баяндады. Сондай-ақ ол Тұрақты даму мақсаттары (ТДМ) мен халықаралық міндеттемелердің Қазақстанның даму басымдықтарына сәйкес нақты бағдарламалар мен бастамалар арқылы қалай жүзеге асырылатынын түсіндірді. Интерактивті пікірталас барысында студенттер баяндамашыларға сұрақтар қойып, көпжақты дипломатия, халықаралық ынтымақтастық және БҰҰ-ның ел деңгейіндегі жұмысы туралы пікір алмасты.Кездесу соңында Швейцарияның даму және ынтымақтастық агенттігі жариялаған «БҰҰ-ның ел деңгейіндегі қызметі: Біріккен Ұлттар Ұйымының операциялық жүйесі жөніндегі практикалық нұсқаулық» атты басылымның бірнеше данасы университет кітапханасына табысталды. Нұсқаулық БҰҰ жүйесінің жұмыс істеу қағидаттары, агенттіктер арасындағы үйлестіру, бағдарламаларды жоспарлау және іске асыру туралы практикалық мәлімет береді.Бірлескен бастама БҰҰ, Швейцария және академиялық қауымдастықтың көпжақты ынтымақтастық туралы білімді кеңейтуге, жастармен диалогты нығайтуға және халықаралық ұйымдардың қызметін тереңірек түсіндіруге бағытталған ортақ ұмтылысын көрсетеді.
1 of 3
Баспасөз мәлімдемесі
12 маусым 2026
Шағын гранттар Қазақстанда жергілікті қоғамдастықтар мен тұрақты шешімдерді дамытуға қалай ықпал етеді
Үш жыл ішінде бағдарламаға қатысушылар Қазақстанның 10 облысында: Алматы, Ақмола, Шығыс Қазақстан, Қарағанды, Қостанай, Қызылорда, Түркістан және Абай, Жетісу және Ұлытау облыстарында 25 бастаманы іске асырды. ШГБ жетінші кезеңінің негізгі нәтижелерінің бірі жергілікті қоғамдастықтар мен азаматтық қоғам ұйымдарының әлеуетін нығайту болды. Өз бастамаларын жүзеге асыра отырып, ауылдық аумақтардың тұрғындары проблемаларды анықтау мен шешімдерді жоспарлаудан бастап қаржыны басқаруға, сатып алуға, іс-шараларды жүзеге асыруға және нәтижелерді бағалауға дейінгі жобаларды басқарудың толық циклынан өтті. Мұндай практикалық тәжірибе азаматтардың жергілікті даму және шешім қабылдау процестеріне неғұрлым белсенді қатысуы үшін қажетті дағдыларды қалыптастыруға ықпал етеді.«Бүгінгі таңда тұрғындардың белсенді қатысуынсыз аумақтарды орнықты дамыту мүмкін емес. Жергілікті жобаларды қолдай отырып, біз экологиялық міндеттерді шешіп қана қоймай, қоғамдастықтардың әлеуетін нығайтып, азаматтардың өз аумақтарын дамытуға белсенді қатысуы үшін жағдай жасаймыз»,
- деп атап өтті Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігінің Климаттық саясат департаменті директорының орынбасары Шаттық Тастемирова.ШГБ жетінші кезеңі 25.900 тікелей бенефициарларды, соның ішінде әйелдер, ерлер мен жастарды қамтыды. Мыңдаған үй шаруашылықтары орнықты агроэкологиялық тәжірибелер мен жер ресурстарын орнықты басқару әдістерін енгізді, 120-дан астам ұйым жаңартылатын энергия және энергия тиімділігі технологияларына қол жеткізді.Жергілікті қауымдастықтар алған тәжірибе маңызды экологиялық нәтижелермен қатар жүрді. Мәселен, 87.700 гектар тозған жер қалпына келтірілді, 23.200 тонна парниктік газдар шығарындылары қысқартылды. 124.000 гектар ландшафт қазір жергілікті қауымдастықтардың орнықты басқаруында, ал жеті тәжірибе мен технология одан әрі кеңейіп, оны басқа қауымдастықтар қолданады. «Шағын гранттар бағдарламасы бұл тәжірибелік білім алу мүмкіндігі, әрі адамдар мен жергілікті қауымдастықтарға инвестиция болып табылады. Қауымдастық мүшелері жобаларды тұжырымдамадан іске асыруға дейін жеткізе отырып, жоспарлау, ресурстарды басқару және нәтижелерді бағалау саласында практикалық тәжірибе алды. Бұған жабдықтарды сатып алу және ұзақ мерзімді орнықтылықты қамтамасыз ету де кіреді. Бұл дағдылар аумақтардың орнықты дамуына және жергілікті көшбасшылықты қалыптастыруға негіз болады»,
- деп атап өтті Қазақстандағы БҰҰДБ Тұрақты өкілінің орынбасары Сухроб Ходжиматов.Іс-шараға мемлекеттік органдардың, БҰҰДБ-ның, ШГБ ұлттық үйлестіру комитетінің, жергілікті қоғамдастықтар мен үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері қатысты. Іс-шара барысында грантталушылардың, бенефициарлардың және жоба серіктестерінің қатысуымен панельдік сессиялар өтті. Сондай-ақ мини-презентациялар мен өнімдерді көрсетуді қамтыған білім жәрмеңкесі ұйымдастырылды.Қолдау тапқан бастамалардың қатарында жастарға климаттық білім беру, агроэкология мектептерін дамыту, орнықты ауыл шаруашылығы тәжірибелерін енгізу, тозған жерлерді қалпына келтіру, жаңартылатын энергетиканы дамыту және қалдықтарды басқару жөніндегі жобалар бар. ШГБ жетінші кезеңінің нәтижелері шағын гранттар жергілікті қоғамдастықтарға орнықты шешімдерді енгізуге және Қазақстанның Ұлттық экологиялық және климаттық мақсаттарына қол жеткізуге үлес қосуға көмектесе отырып, дамудың тиімді құралы бола алатынын көрсетеді.***Жергілікті әрекеттер = Жаһандық әсерБҰҰДБ Шағын гранттар бағдарламасын 1992 жылы ЖЭҚ пилоттық бағдарламасы ретінде іске қосты. Бағдарламаның мақсаты ЖЭҚ негізгі тақырыптық салаларында жұмыс істейтін үкіметтік емес және коммерциялық емес ұйымдардың (ҮЕҰ) қызметін дамытуға жәрдемдесу. Бүгінгі таңда ЖЭҚ Шағын гранттар бағдарламасы 127 елде жұмыс істейді. Жаһандық экологиялық қордың Шағын гранттар бағдарламасы (SGP) 30 жылдан астам уақыт бойы азаматтық қоғам ұйымдарына және жергілікті қауымдастықтар деңгейіндегі бастамаларға жаһандық экологиялық мәселелерді шешуге, сонымен қатар өмір сүру жағдайларын жақсартуға бағытталған қаржылық және техникалық қолдау көрсетіп келеді. 1997 жылдан бері бағдарлама Қазақстан бойынша биоалуантүрлілік, жердің тозуы, климаттың өзгеруі, химиялық заттар мен қалдықтар, сондай-ақ халықаралық сулар салаларында 374 жобаны қолдады.Елдегі SGP жұмысы туралы толығырақ ақпарат алу үшін SGP Қазақстан парақшасына өтіңіз.SGP ның жаһандық портфелі туралы ақпарат алу үшін SGP жаһандық сайтына өтіңіз.
- деп атап өтті Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігінің Климаттық саясат департаменті директорының орынбасары Шаттық Тастемирова.ШГБ жетінші кезеңі 25.900 тікелей бенефициарларды, соның ішінде әйелдер, ерлер мен жастарды қамтыды. Мыңдаған үй шаруашылықтары орнықты агроэкологиялық тәжірибелер мен жер ресурстарын орнықты басқару әдістерін енгізді, 120-дан астам ұйым жаңартылатын энергия және энергия тиімділігі технологияларына қол жеткізді.Жергілікті қауымдастықтар алған тәжірибе маңызды экологиялық нәтижелермен қатар жүрді. Мәселен, 87.700 гектар тозған жер қалпына келтірілді, 23.200 тонна парниктік газдар шығарындылары қысқартылды. 124.000 гектар ландшафт қазір жергілікті қауымдастықтардың орнықты басқаруында, ал жеті тәжірибе мен технология одан әрі кеңейіп, оны басқа қауымдастықтар қолданады. «Шағын гранттар бағдарламасы бұл тәжірибелік білім алу мүмкіндігі, әрі адамдар мен жергілікті қауымдастықтарға инвестиция болып табылады. Қауымдастық мүшелері жобаларды тұжырымдамадан іске асыруға дейін жеткізе отырып, жоспарлау, ресурстарды басқару және нәтижелерді бағалау саласында практикалық тәжірибе алды. Бұған жабдықтарды сатып алу және ұзақ мерзімді орнықтылықты қамтамасыз ету де кіреді. Бұл дағдылар аумақтардың орнықты дамуына және жергілікті көшбасшылықты қалыптастыруға негіз болады»,
- деп атап өтті Қазақстандағы БҰҰДБ Тұрақты өкілінің орынбасары Сухроб Ходжиматов.Іс-шараға мемлекеттік органдардың, БҰҰДБ-ның, ШГБ ұлттық үйлестіру комитетінің, жергілікті қоғамдастықтар мен үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері қатысты. Іс-шара барысында грантталушылардың, бенефициарлардың және жоба серіктестерінің қатысуымен панельдік сессиялар өтті. Сондай-ақ мини-презентациялар мен өнімдерді көрсетуді қамтыған білім жәрмеңкесі ұйымдастырылды.Қолдау тапқан бастамалардың қатарында жастарға климаттық білім беру, агроэкология мектептерін дамыту, орнықты ауыл шаруашылығы тәжірибелерін енгізу, тозған жерлерді қалпына келтіру, жаңартылатын энергетиканы дамыту және қалдықтарды басқару жөніндегі жобалар бар. ШГБ жетінші кезеңінің нәтижелері шағын гранттар жергілікті қоғамдастықтарға орнықты шешімдерді енгізуге және Қазақстанның Ұлттық экологиялық және климаттық мақсаттарына қол жеткізуге үлес қосуға көмектесе отырып, дамудың тиімді құралы бола алатынын көрсетеді.***Жергілікті әрекеттер = Жаһандық әсерБҰҰДБ Шағын гранттар бағдарламасын 1992 жылы ЖЭҚ пилоттық бағдарламасы ретінде іске қосты. Бағдарламаның мақсаты ЖЭҚ негізгі тақырыптық салаларында жұмыс істейтін үкіметтік емес және коммерциялық емес ұйымдардың (ҮЕҰ) қызметін дамытуға жәрдемдесу. Бүгінгі таңда ЖЭҚ Шағын гранттар бағдарламасы 127 елде жұмыс істейді. Жаһандық экологиялық қордың Шағын гранттар бағдарламасы (SGP) 30 жылдан астам уақыт бойы азаматтық қоғам ұйымдарына және жергілікті қауымдастықтар деңгейіндегі бастамаларға жаһандық экологиялық мәселелерді шешуге, сонымен қатар өмір сүру жағдайларын жақсартуға бағытталған қаржылық және техникалық қолдау көрсетіп келеді. 1997 жылдан бері бағдарлама Қазақстан бойынша биоалуантүрлілік, жердің тозуы, климаттың өзгеруі, химиялық заттар мен қалдықтар, сондай-ақ халықаралық сулар салаларында 374 жобаны қолдады.Елдегі SGP жұмысы туралы толығырақ ақпарат алу үшін SGP Қазақстан парақшасына өтіңіз.SGP ның жаһандық портфелі туралы ақпарат алу үшін SGP жаһандық сайтына өтіңіз.
1 of 3
Жарияланым
15 қаңтар 2026
Қазақстан үшін 2026–2030 жж. арналған БҰҰ Тұрақты даму бойынша Ынтымақтастықтың негіздемелік бағдарламасы
Қазақстан үшін 2026–2030 жылдарға арналған Біріккен Ұлттар Ұйымының Тұрақты даму бойынша Ынтымақтастықтың негіздемелік бағдарламасы (Бағдарлама) – тұрақты дамуға жетуді жеделдетуге арналған батыл әрі трансформациялық бағдарлама. Ұлттық басымдықтар мен Тұрақты даму жөніндегі 2030 күн тәртібіне негізделген бұл Ынтымақтастықтың негіздемелік бағдарламасы БҰҰ Елдік тобы мен Қазақстан Үкіметінің стратегиялық әріптестігін білдіреді және елдің инклюзивті өркендеуіне жету жолында ешкім артта қалмайтынын қамтамасыз етеді. Ынтымақтастық негізі БҰҰ Елдік тобының Үкімет, азаматтық қоғам, сарапшылар, жастар өкілдері және жеке сектор арасындағы сараптамалық, кеңестік және бірлескен жұмыстың нәтижесі болып табылады. Осы серіктестер болашаққа бағытталған екі талдау іс-шараларына, фокус-топ талқылауларына және басқа консультацияларға қатысқан. Сонымен қатар аймақтық БҰҰ өкілдіктері мен тақырыптық коалициялар да пікір білдірген.Табысы орташадан жоғары ел ретінде Қазақстан экономикалық өсім, әлеуметтік прогресс және институттық даму салаларында елеулі жетістіктерге қол жеткізді. Сан алуан және ресурстарға бай экономикаға ие болған ел тұрақты өсуін сақтап келе жатыр, дегенмен мұнай экспортына тәуелділік, аймақтық экономикалық айырмашылықтар, демографиялық өзгерістер және экологиялық тұрақтылық мәселелері сияқты сын-қатерлермен кездесуде. БҰҰ Елдік тобы өзінің сараптамасын пайдалана отырып, күш-жігерін жинап, халықаралық нормаларға берік бола отырып, инновацияны, тұрақтылықты және әділдікті дамытумен қатар, осы сынақтарды жеңуде Қазақстанға қолдау көрсетуде.
1 of 3
Оқиға
21 қазан 2026
Өзгеріске бастайтын 30 қазақстандық: Астанада БҰҰ күніне орай GLOCAL көрмесі ашылды
Өрттен қорғалған орман, кітап оқуға қайта қызыға бастаған оқушылар және дәрігер болуға ұмтылған жас босқын. Бұл — бүгін Қазақстандағы Біріккен Ұлттар Ұйымы мен Қазақстан Республикасының Ұлттық музейі бірлесіп ашқан GLOCAL: Жаһандық мақсаттар. Адам тағдырлары. фотокөрмесі мен мультимедиалық экспозициясында ұсынылған 30 оқиғаның бір парасы.БҰҰ күніне орай ұйымдастырылған көрме келушілерді мақсаттар мен көрсеткіштердің ар жағындағы нақты адамдармен таныстырады. 30 фотопортрет пен бейнесұхбат арқылы GLOCAL Тұрақты даму мақсаттарының (ТДМ) адамдардың еңбегі мен бастамалары нәтижесінде қалай жүзеге асып жатқанын көрсетеді. Көрменің ашылу салтанатында сөз сөйлеген БҰҰ-ның Қазақстандағы Тұрақты үйлестірушісі Саранго Раднарагча: «Жаһандық міндеттемелердің жергілікті жерлерде нақты іске айналуы — бүгін біз ашып отырған көрменің басты идеясы. Тұрақты даму — адамдарға дайын күйінде ұсынатын нәрсе емес. Оны біз адамдармен бірге жүзеге асырамыз. Осы БҰҰ күнінде бізді біріктіретін мұраттарды ғана емес, сол мұраттарды өмірде жүзеге асырып жүрген адамдарды да ұлықтайық», — деді. Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің бірінші орынбасары Ержан Ашықбаев өзінің құттықтау сөзінде: «Қазақстан тұрақты даму мақсаттарын ұлттық даму күн тәртібіне енгізіп, олардың нысаналы көрсеткіштерін, соның ішінде Қазақстан Республикасының 2029 жылға дейінгі ұлттық даму жоспарына ықпалдастырды. Бүгінгі көрменің тақырыбы осы жаһандық күн тәртібін ұлттық басымдықтармен және еліміздің өңірлерінде, қалалары мен ауылдық елді мекендерінде жүзеге асырылып жатқан нақты іс-қимылдармен ұштастырудың маңыздылығын көрсетеді», - деп атап өтті. Көрме Астана, Алматы, Шымкент, Қызылорда қалаларынан, сондай-ақ Қарағанды, Ақмола, Түркістан және Маңғыстау облыстарынан келген түрлі буын өкілдерінің жаңашылдыққа, табандылық пен өзгеріске толы оқиғаларын біріктіреді. Ең жас қатысушылар небәрі 17 жаста. Олардың арасында ауаны ластайтын бөлшектерді принтер картридждеріне арналған пигменттерге айналдыру технологиясын әзірлеп жүрген жас өнертапқыш, күн энергиясының көмегімен ауадан ауызсу өндіретін кәсіпкер және бастамасы нәтижесінде оқушылардың кітап оқуға қызығушылығын 15 пайыздан 35 пайызға дейін арттырған ауыл мұғалімі бар. Ал жас экобелсенді екі баланың емделуіне қаражат жинауға көмектесу үшін 15 мыңнан астам пластик бөтелке қақпағын жинаған. Көрмеде басқа да тағылымды оқиғалар ұсынылған. Олардың қатарында адам папилломасы вирусына (АПВ) қарсы вакцинация бойынша 5 мыңнан астам медицина қызметкерін оқытуға атсалысқан маман; Ауғанстаннан келген, тігін кәсібін қайта жолға қойып, Eurasian Fashion Week сән апталығына қатысқан босқын әйел; Маңғыстаудағы 145 ауыл тұрғыны мен мүгедектігі бар адамға дәстүрлі қолөнерді үйреткен шебер әйел; сондай-ақ Ливандағы БҰҰ бітімгершілік миссиясында қызмет етіп, Қазақстанның халықаралық бейбітшілік пен қауіпсіздікке қосқан үлесін көрсеткен әскери дәрігер бар. Бұл жетістіктер жеке бастама, білім, мүмкіндік пен әріптестіктің адамдар мен тұтас қауымдастықтардың өмірін қалай өзгерте алатынын дәлелдейді. GLOCAL көрмесі 2030 жылға дейінгі күн тәртібінің өзара байланысты бес бағытын — Ғаламшар, Өркендеу, Адамдар, Бейбітшілік және Әріптестікті — қамтиды. Экспозиция қоршаған ортаны қорғау мен инновацияның денсаулық сақтау, білім беру, тең мүмкіндіктер, адам құқықтары және ынтымақтастықпен байланысын ашады. Көрме 2030 жылға дейін Тұрақты даму мақсаттарына қол жеткізу жолындағы жұмысты жеделдетуге үндейтін БҰҰ-ның «Five Years For…» жаһандық науқаны аясында ұйымдастырылған. Көрме Қазақстан мен БҰҰ арасындағы 2026–2030 жылдарға арналған Тұрақты даму саласындағы ынтымақтастықтың негіздемелік бағдарламасы шеңберіндегі кең ауқымды әріптестікті де көрсетеді. Бағдарлама төрт стратегиялық басымдықты — адамдардың әлеуетін арттыру мен институттарды нығайтуды, орнықты және инклюзивті экономиканы, экологиялық орнықтылықты және қоғамдық келісімді нығайтуды — қамтып, елдегі тұрақты дамуды ілгерілетуге бағытталған бірлескен жұмыстың негізін қалайды. GLOCAL көрмесі фотосуреттер мен жеке оқиғалар арқылы келушілерді Тұрақты даму мақсаттарының артында тұрған адамдармен және олардың қоғам өміріне әкеліп жатқан өзгерістерімен танысуға шақырады. Бұл оқиғалар дамудың шынайы өлшемі қабылданған міндеттемелер ғана емес, олардың адам өміріне тигізетін нақты әсері екенін еске салады. Көрме 2026 жылғы 21 қазаннан 4 қарашаға дейін Астана қаласындағы Қазақстан Республикасының Ұлттық музейінде көпшілікке ашық болады.GLOCAL көрмесі туралыGLOCAL атауы ағылшын тіліндегі global («жаһандық») және local («жергілікті») сөздерінің бірігуінен шыққан. Бұл көрменің басты идеясын — жаһандық мақсаттардың жергілікті бастамалар арқылы жүзеге асатынын — білдіреді. 30 портрет пен өмірлік оқиға Қазақстанның түкпір-түкпіріндегі адамдар мен қауымдастықтардың тұрақты дамуға қосқан үлесін көрсетеді. Жоба 2030 жылға дейін Тұрақты даму мақсаттарына қол жеткізуді жеделдетудің маңызын көрсететін БҰҰ-ның «Five Years For…» жаһандық науқаны аясында ұсынылған.
1 of 5
Оқиға
16 қазан 2026
БҰҰ халықаралық қауымдастыққа Қазақстанның 2026–2030 жылдарға арналған даму басымдықтарын таныстырды
Астанадағы Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде Біріккен Ұлттар Ұйымының Қазақстандағы елдік тобы дипломатиялық корпус пен халықаралық даму жөніндегі серіктестерге арналған брифинг өткізді. Іс-шара барысында БҰҰ-ның 2026–2030 жылдарға арналған Тұрақты даму саласындағы ынтымақтастықтың негіздемелік бағдарламасының стратегиялық басымдықтары мен негізгі бастамалары таныстырылды. Брифингке елшілер, дипломатиялық өкілдіктердің, халықаралық ұйымдардың және БҰҰ агенттіктерінің өкілдері қатысты. Қатысушылар БҰҰ-ның Қазақстанмен 2021–2025 жылдардағы ынтымақтастығының нәтижелерін қорытындылап, алдағы бес жылға арналған басымдықтарды талқылады және серіктестікті нығайту мен бірлескен іс-қимыл мүмкіндіктерін қарастырды. Брифингті ашқан БҰҰ-ның Қазақстандағы Тұрақты үйлестірушісі Саранго Раднарагча алдыңғы ынтымақтастық бағдарламасы аясында қол жеткізілген нәтижелерге тоқталып, БҰҰ-ның 2026–2030 жылдарға арналған жұмысының стратегиялық бағыттарын таныстырды.Жаңа Негіздемелік бағдарлама Қазақстан Үкіметі мен БҰҰ жүйесінің алдағы бес жылдағы ынтымақтастығын айқындайтын негізгі стратегиялық құжат болып табылады. Қазақстанның ұлттық даму басымдықтарына және Тұрақты даму саласындағы 2030 жылға дейінгі күн тәртібіне сәйкес әзірленген бағдарлама Тұрақты даму мақсаттарына (ТДМ) қол жеткізуді жеделдетуге, ұлттық әлеуетті нығайтуға және ешкімді назардан тыс қалдырмау қағидатын жүзеге асыруға бағытталған. БҰҰ агенттіктерінің өкілдері бағдарламаның төрт стратегиялық басымдығын таныстырды:Адамдар әлеуетін кеңейту және мықты институттар – Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы (ДДСҰ) мен БҰҰ-Әйелдер құрылымы бірлесіп таныстырған бұл бағыт сапалы денсаулық сақтау, білім беру және әлеуметтік қорғау қызметтеріне қолжетімділікті жақсартуға, есеп беретін институттарды нығайтуға және инклюзивті мемлекеттік қызметтерді қамтамасыз етуге бағытталған.Орнықты және инклюзивті экономика – ЮНИСЕФ таныстырған бұл бағыт экономиканы әртараптандыруға, лайықты еңбек жағдайларын қалыптастыруға, инновацияларды дамытуға, кәсіби дағдыларды жетілдіруге және әсіресе әйелдер, жастар мен осал топтар үшін экономикалық мүмкіндіктерді кеңейтуге басымдық береді.Тұрақты қоршаған орта – БҰҰ Даму бағдарламасы (БҰҰДБ) таныстырған бұл бағыт климаттың өзгеруіне төзімділікті арттыруды, қоршаған ортаны қорғауды, биоалуантүрлілікті сақтауды, табиғи ресурстарды орнықты басқаруды және жасыл экономикаға көшуді қамтиды.Әлеуметтік бірлікті нығайту – БҰҰ Халық қоныстануы қоры (ЮНФПА) таныстырған бұл бағыт адам құқықтарын қорғауға, гендерлік теңдікті қамтамасыз етуге, әлеуметтік инклюзияны арттыруға, азаматтардың қоғамдық өмірге қатысуын кеңейтуге және қоғамның барлық топтарының тұрақты дамуға үлес қосуына жағдай жасауға бағытталған.БҰҰ-ның елдік тобы сондай-ақ цифрлық трансформация, жасанды интеллектіні жауапкершілікпен пайдалану, инклюзивті экономикалық даму, климаттың өзгеруіне қарсы іс-қимыл, әйелдер мен жастарды қолдау салаларындағы негізгі бастамалар мен бірлескен жұмыс мүмкіндіктерін ұсынды. Табысы орташадан жоғары ел ретінде Қазақстан экономикалық және әлеуметтік дамуда елеулі жетістіктерге қол жеткізді. Сонымен қатар өңірлік теңсіздікті қысқарту, экономиканы әртараптандыру, демографиялық өзгерістерге бейімделу және экологиялық тұрақтылықты қамтамасыз ету мәселелері өзектілігін сақтап отыр. Елдің даму қажеттіліктерінің өзгеруіне сәйкес БҰҰ халықаралық тәжірибе мен серіктестік мүмкіндіктерін пайдалана отырып, кешенді саяси ұсынымдар беруге, техникалық сараптамалық қолдау көрсетуге, ұлттық әлеуетті нығайтуға және инновациялық шешімдерді ілгерілетуге басымдық беріп келеді.Брифинг ашық пікірталаспен аяқталды. Оның барысында дипломатиялық өкілдіктер мен халықаралық даму жөніндегі серіктестер ортақ басымдықтар бойынша пікір алмасып, үйлестіруді күшейту, ресурстарды жұмылдыру және бірлескен бастамаларды жүзеге асыру мүмкіндіктерін талқылады. Іс-шара БҰҰ-ның Қазақстандағы елдік тобы 2023 жылдан бері халықаралық серіктестермен тұрақты түрде өткізіп келе жатқан диалогтың жалғасы болды. Бұл кездесулер ашықтықты, есептілікті және ынтымақтастықты нығайтуға бағытталған. БҰҰ-ның Қазақстанға арналған 2026–2030 жылдардағы Тұрақты даму саласындағы ынтымақтастықтың негіздемелік бағдарламасының толық мәтінімен мына сілтеме арқылы танысуға болады:
https://kazakhstan.un.org/en/308402-united-nations-sustainable-development-cooperation-framework-2026-2030-kazakhstan
https://kazakhstan.un.org/en/308402-united-nations-sustainable-development-cooperation-framework-2026-2030-kazakhstan
1 of 5
Оқиға
09 қазан 2026
БҰҰ және серіктестер Қазақстанның тұрақты дамуына ықпал ететін болашақ өзгерістерді талқылады
Бүгін Қазақстандағы Біріккен Ұлттар Ұйымы, Maqsut Narikbayev University (MNU) және Экономикалық зерттеулер институты Қазақстанның 2030 жылға дейінгі және одан кейінгі тұрақты дамуына ықпал етуі мүмкін жаңа тәуекелдер мен мүмкіндіктерді талқылау үшін 40-тан астам сарапшыны біріктірді. MNU-де өткен болашақ өзгерістерді талдауға арналған сарапшылық сессияға талдау орталықтарының, университеттердің, зерттеу ұйымдарының, халықаралық қаржы институттары мен БҰҰ құрылымдарының өкілдері қатысты. Қатысушылар қоғам, технология, экономика, қоршаған орта, саясат пен басқару, сондай-ақ құндылықтар салаларындағы өзгерістердің алғашқы белгілерін қарастырды. Кездесу Қазақстан мен БҰҰ 2026–2030 жылдарға арналған жаңа Ынтымақтастық жөніндегі негіздемелік бағдарламасын іске асыру аясында өтті. Қатысушылар қалыптасып келе жатқан өзгерістердің ортақ басымдықтарға ықпалын және ел қажеттіліктеріне сай БҰҰ қолдауын бейімдеу жолдарын талқылады. Сессияның ашылуында БҰҰ-ның Қазақстандағы Тұрақты үйлестірушісі Саранго Раднарагча, MNU провосты Анар Ибраева және Экономикалық зерттеулер институтының Басқарма төрағасы Біржан Баткеев сөз сөйледі. «Бүгінгі мақсатымыз — болашақ туралы бірыңғай болжамға келу емес. Мақсатымыз — қазірден бастап ескеруіміз қажет болашақтың ықтимал нұсқалары туралы түсінігімізді кеңейту», — деді БҰҰ-ның Қазақстандағы Тұрақты үйлестірушісі Саранго Раднарагча.Жасанды интеллект пен экономикалық трансформациядан бастап демографиялық үдерістер мен климаттың өзгеруіне дейінгі құбылыстар Қазақстанның болашағына елеулі ықпал етуі мүмкін. Тұрақты даму мақсаттарына қол жеткізуге бес жылдан аз уақыт қалған кезде бұл өзгерістерді ерте байқау бүгін негізді шешімдер қабылдау үшін аса маңызды.Сарапшылар өз салаларындағы байқауларымен бөлісіп, ықтимал тәуекелдер мен мүмкіндіктерді және Қазақстан мен БҰҰ-ның оларға қалай жауап бере алатынын талқылады. Кездесу бірлескен зерттеулерге, университеттермен және талдау орталықтарымен тығыз ынтымақтастыққа жол ашып, БҰҰ қолдауын елдің өзгеріп отырған қажеттіліктеріне бейімдеуге ықпал етті.
1 of 5
Оқиға
11 қыркүйек 2026
Жастардың жаңа буыны Қазақстандағы БҰҰ жұмысына атсалысады
Қазақстандағы БҰҰ Жастар консультативтік кеңесінің 2026–2028 жылдарға арналған жаңа құрамы Астанада өткен таныстыру кездесуінде өз жұмысын бастады. Бұл алдағы екі жыл ішінде Қазақстандағы БҰҰ қызметіне жастардың мазмұнды қатысуын нығайтуға бағытталған әріптестіктің бастамасы болды.Жастар консультативтік кеңесі Қазақстанның түрлі өңірлерінен әртүрлі кәсіби тәжірибесі, білімі мен көзқарасы бар жастарды біріктіреді. Кеңес жастарға БҰҰ бағдарламаларына, бастамаларына және шешім қабылдау үдерістеріне өз көзқарастары мен ұсыныстарын енгізуге мүмкіндік беретін алаң болып табылады. Сонымен қатар, ол БҰҰ-ға ұлттық деңгейдегі талқылауларда үнемі қамтыла бермейтін жастарды қоса алғанда, жастардың кең ауқымды пікірлерін естуге көмектеседі. «Бұл Кеңестің мақсаты айқын: біз назардан тыс қалдыруымыз мүмкін мәселелерді көруге көмектесу, қалыптасқан пайымдарымызға сын көзбен қарау және қабылдайтын шешімдерімізді жақсарту. Жастар – бүгінгі дамудың серіктестері. Олардың білімі мен тәжірибесі саясат пен бағдарламалар әзірленетін кезде ескерілуге тиіс», – деді БҰҰ Тұрақты үйлестірушісі Саранго Раднарагча.Таныстыру кездесуі барысында Кеңес мүшелері Қазақстандағы БҰҰ агенттіктерінің мандаттары мен қызметі туралы кеңірек ақпарат алып, алдағы екі жыл ішінде БҰҰ жүйесімен мазмұнды өзара іс-қимыл жасау мүмкіндіктерін талқылады. Сондай-ақ пікірталастар барысында 2026–2030 жылдарға арналған Ынтымақтастықтың негіздемелік бағдарламасының төрт негізгі бағыты аясындағы жастардың рөлі қарастырылды: Адамдардың мүмкіндіктерін кеңейту және мықты институттар; Орнықты және инклюзивті экономика; Тұрақты қоршаған орта; Әлеуметтік бірлікті нығайту. Horizon Scanning форсайт-сессиясы қатысушыларға болашаққа көз жүгіртіп, Қазақстандағы жастар мен келешек ұрпақтың өміріне ықпал етуі мүмкін жаңа үрдістерді, тәуекелдер мен мүмкіндіктерді анықтауға мүмкіндік берді. Сессия барысында жастардың көзқарасы БҰҰ-ға жаңа сын-қатерлерді тереңірек түсінуге және елдің даму траекториясына қатысты өзекті мәселелерді айқындауға қалай көмектесе алатыны талқыланды.Жаңа Кеңес мүшелері үшін таныстыру кездесуі олардың қатысуы БҰҰ-мен нақты әрі практикалық өзара іс-қимылға қалай ұласуы мүмкін екенін жақсырақ түсінуге мүмкіндік берді. «Мен үшін Жастар консультативтік кеңесі – жастар бастамаларына жай ғана қатысу емес, жастардың көзқарасы БҰҰ жүйесіне шын мәнінде жететін алаңның бір бөлігі болу».Тағы бір Кеңес мүшесі қалыптасқан алаңдарда әрдайым өкілдік ете бермейтін жастарды қамтудың маңыздылығын атап өтті:«Қазақстанның әр өңіріндегі жастардың өмірлік жағдайлары мен мүмкіндіктері әртүрлі. Жастар консультативтік кеңесі өңірлердегі және ұлттық деңгейдегі пікірталастарда үнемі өкілдік ете бермейтін жастардың үнін кеңінен жеткізуге көмектеседі деп үміттенемін». 2026–2028 жылдарға арналған жаңа құрам БҰҰ консультацияларына үлес қосып, жастар мен БҰҰ Елдік тобы арасындағы неғұрлым жүйелі өзара іс-қимылдың негізін қалауға көмектескен алғашқы Жастар консультативтік кеңесінің жұмысын жалғастырады. Алдағы екі жылда жаңа мүшелер БҰҰ агенттіктерімен бірлесіп, білім беру, денсаулық сақтау және лайықты еңбек мәселелерінен бастап климатқа төзімділік, цифрлық трансформация, жасанды интеллект және мүмкіндіктерге тең қолжетімділікке дейінгі бағыттар бойынша консультацияларға, бағдарламалар мен пікірталастарға жастардың сан алуан көзқарастарын енгізуге атсалысады.Таныстыру кездесуі жастарды пікір білдіруге шақырумен ғана шектелмей, оларға Қазақстандағы БҰҰ жұмысының қалыптасуына нақты үлес қосуға мүмкіндік беретін ашық әрі сындарлы әріптестікті дамытуға деген ортақ ұмтылыспен аяқталды.
1 of 5
Оқиға
12 тамыз 2026
Қазақстанның азаматтық қоғамы ТДМ-ды іске асырудағы рөлін күшейтуге шақырады
Қазақстанның азаматтық қоғам ұйымдары (АҚҰ) елдегі Тұрақты даму мақсаттарын (ТДМ) қалыптастыруға, іске асыруға және олардың орындалуын мониторингтеуге неғұрлым жүйелі әрі белсенді қатысуға шақырды. Бұл мәселе 2030 жылға дейінгі күн тәртібін іске асыру жөніндегі күш-жігер жеделдей түскен кезеңде ерекше өзектілікке ие.Бұл үндеу Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігі, Ұлттық экономика министрлігі, Экономикалық зерттеулер институты және Қазақстанның Азаматтық альянсы БҰҰ Тұрақты үйлестірушісі кеңсесінің қолдауымен ұйымдастырған дөңгелек үстел барысында айтылды. Іс-шараға азаматтық қоғам, мемлекеттік органдар және БҰҰ агенттіктерінің 70-тен астам өкілі қатысып, консультациялардан ТДМ-ға қатысты саясатты қалыптастыруға азаматтық қоғамның неғұрлым мазмұнды қатысуы мен ықпалын қамтамасыз етуге көшу жолдарын талқылады.Талқылаулар барысында азаматтық қоғамның ұлттық саясатты қоғамдастықтардың нақты жағдайы мен қажеттіліктерімен, әсіресе назардан тыс қалу қаупі бар топтардың қажеттіліктерімен байланыстырудағы маңызды рөлі атап өтілді. Қатысушылар сондай-ақ АҚҰ-ның белсенді қатысуы тұрақты даму басымдықтарын іске асырудағы ашықтық пен есептілікті арттыруға ықпал ететінін атап өтті. «Азаматтық қоғам ұйымдары біздің ашықтығымыз бен есептілігімізді арттыруға көмектеседі. Олар жұмысымыздың нәтижелерін мониторингтеу мен бағалауға қатысады, кері байланыс береді және қай бағыттарда жұмысымызды жақсарта алатынымызды көруге көмектеседі», – деді БҰҰ-ның Қазақстандағы Тұрақты үйлестірушісі Саранго Раднарагча.«Азаматтық қоғам БҰҰ-ның шешімдер қабылдау және консультациялар өткізу тетіктерінің де бір бөлігі болып табылады. БҰҰ-ның бірқатар агенттіктерінде азаматтық қоғамның консультативтік органдары жұмыс істейді, ал Қазақстандағы БҰҰ Елдік тобы Жастар консультативтік кеңесімен тығыз ынтымақтастық орнатқан. БҰҰ – денсаулық сақтау, білім беру және ауыл шаруашылығынан бастап қоршаған ортаны қорғау, гендерлік теңдік, адам құқықтары және қылмыстың алдын алуға дейінгі түрлі салаларда жұмыс істейтін агенттіктердің ауқымды жүйесі. Сондықтан біздің әріптестігіміз Қазақстанның түрлі салалары мен қоғамдастықтарын білдіретін ондаған азаматтық қоғам ұйымдарын қамтиды», – деп қосты ол.Қатысушылар ТДМ-ды үйлестіруге, іске асыруға және мониторингтеуге азаматтық қоғамның қатысуын күшейтуге бағытталған бірқатар ұсынымдар әзірледі. Негізгі ұсыныстар қатарында Қазақстанның ұлттық ТДМ архитектурасына АҚҰ-ның неғұрлым жүйелі қатысуын қамтамасыз ету, азаматтық қоғам ұйымдарының тұрақты ресурстарға қолжетімділігін жақсарту, деректердің сапасы мен қолжетімділігін арттыру, сондай-ақ азаматтық қоғам мен мемлекеттік органдар арасындағы диалогтың тиімді тетіктерін қалыптастыру бар. Ұсынымдарда осал топтардың қажеттіліктері мен қатысуына баса назар аудару, сондай-ақ азаматтық қоғам мен жеке сектор арасындағы ынтымақтастықты нығайту қажеттілігі де атап өтілді. Қатысушылар азаматтық қоғамның мазмұнды қатысуы жекелеген консультациялармен шектелмей, саясатты әзірлеу мен іске асырудың барлық кезеңдерінде өзінің сараптамалық білімін, деректерін және жергілікті қоғамдастықтар деңгейіндегі көзқарастарын ұсынуға мүмкіндік беруі тиіс екенін атап өтті.Дөңгелек үстел мемлекеттік органдар, азаматтық қоғам және БҰҰ жүйесі өкілдеріне практикалық тәжірибе алмасуға және ұлттық әрі жергілікті деңгейлерде ТДМ төңірегіндегі әріптестікті нығайтудың жолдарын айқындауға мүмкіндік берді.Талқылау қорытындысы бойынша әзірленген ұсынымдар Үкімет жанындағы ТДМ жөніндегі үйлестіру кеңесіне ұсынылып, Қазақстанның ТДМ-ға қол жеткізуді бағалау және мониторингтеу жөніндегі ұлттық есебінде көрініс табады. Бұл ұсынымдар Қазақстанның 2030 жылға дейінгі күн тәртібін іске асыру жолында ілгерілеуіне қарай саяси шешімдер, нақты деректер, қоғамдық қатысу және қоғамдастықтардың қажеттіліктері арасындағы байланысты нығайтуға ықпал етеді деп күтілуде.Қазақстандағы Біріккен Ұлттар Ұйымы инклюзивті қатысуды ілгерілету және елдің тұрақты даму жөніндегі күш-жігерінде түрлі топтардың пікірлері мен мүдделерінің ескерілуін қамтамасыз ету мақсатында Үкіметпен, азаматтық қоғаммен, жеке сектормен және басқа да әріптестермен ынтымақтастықты жалғастырады.
1 of 5
Баспасөз мәлімдемесі
29 маусым 2026
Қазақстан мен Өзбекстандағы 100 мыңнан астам бала суды үнемдеу бойынша білім алып, жаңа дағдыларды меңгеруде
Астанада «Су және білім» жобасын басқару комитетінің екінші отырысы өтті. Бұл жобаны ЮНИСЕФ Францияның даму агенттігінің (AFD) қолдауымен және екі елдің үкіметтерімен, соның ішінде ҚР Су ресурстары және ирригация министрлігі, ҚР Оқу-ағарту министрлігі, Өзбекстанның Мектепке дейінгі және мектептегі білім беру министрлігі мен Су шаруашылығы министрлігі, сондай-ақ Халықаралық Аралды құтқару қорымен серіктестікте іске асыруда.Климаттың өзгеруі әлемдегі ең осал аймақтардың бірі — Арал теңізі өңіріндегі су тапшылығын ушықтырып отыр. Бүгіннің өзінде Қазақстандағы балалардың 55%-дан астамы, ал Өзбекстанда 89%-ы су тапшылығын сезінуде. Сонымен қатар, Қазақстандағы балалардың 84%-ы және Өзбекстандағы балалардың 91%-ы аптап ыстықтың зардабына ұшыраған. Бұл жағдай балалардың денсаулығына, білім алуына және дамуына тікелей әсер етіп, олардың лайықты болашаққа деген мүмкіндіктерін шектейді.Жобаның мақсаты — балалар мен жасөспірімдердің судың құндылығын ұғынып қана қоймай, оны мектепте, үйде және өз ортасында тиімді пайдаланудың практикалық дағдыларын меңгеруіне жағдай жасау.«Бұл жоба — ең өзекті мәселелердің бірі болып табылатын су ресурстарының тапшылығына қарсы бағытталған тиімді өңірлік ынтымақтастықтың маңызды үлгісі. Біздің міндетіміз — тек білім беріп қана қоймай, әрбір бала өз ортасында суды сақтауға үлес қосатын "өзгерістер елшісіне" айналуы үшін тұрақты мінез-құлық үлгілерін қалыптастыру», — деп атап өтті ЮНИСЕФ-тің Қазақстандағы Өкілі орынбасарының міндетін атқарушы Раушан Ибрашева.Жоба қазірдің өзінде ауқымды нәтижелер көрсетуде. Қазақстанда 67 000-нан астам бала мен 1 700 мұғалім бұл бастамаға тартылды. 10 ресурстық және 45 қосымша мектепте суды үнемдеу тәжірибесі енгізіліп, 27 000-нан астам баланы біріктіретін су клубтары құрылды. 2 800-ден астам оқу сессиясы мен 5 000-ға жуық іс-шара өткізілді. «Su Sandygy» инновациялық жинағын қоса алғанда, 570-тен астам білім беру материалы әзірленді. Ауқымды ақпараттық науқандар офлайн форматта жүздеген мың баланы, ал онлайн кеңістікте 1,6 миллионнан астам жасты қамтыды.Өзбекстанда 1 000 мектептен 50 000-нан астам оқушы суды үнемдеу бағдарламаларына қатысты. 80 000-нан астам адам ақпараттық науқандармен қамтылып, пилоттық мектептердегі 141 оқушы суды ұтымды пайдаланудың практикалық дағдыларын меңгерді. Сонымен қатар, 113 жас климаттық көшбасшыдан тұратын қауымдастық құрылып, олар тағы 500-ге жуық жасты өз қатарларына тартты. Оқыту процесі тек теорияға емес, суды сүзу мен гидропоникадан бастап, экологиялық журналистика мен қоғамдық бастамаларға дейінгі практикалық жұмыстарға негізделген.Мектептерде тамшылатып суару, сүзу және суды қайта пайдалану жүйелері сияқты су үнемдеу технологиялары енгізілуде. Бұл балаларға нақты шешімдерді іс жүзінде көріп, оларды күнделікті өмірде қолдануға мүмкіндік береді. Мектептер тұрақты әдеттер қалыптасатын орталыққа айналып, балалар бұл дағдыларды өз отбасылары мен қауымдастықтарына таратуда, осылайша жобаның ұзақ мерзімді әсерін күшейтуде.Келесі кезеңде мектептерде су үнемдеу инфрақұрылымын құру, суды үнемдеу және климат тақырыптарын ұлттық оқу бағдарламаларына интеграциялау, жастарды тарту және волонтерлікті дамыту, сондай-ақ су ресурстарын сақтау саласындағы өңірлік ынтымақтастықты нығайту жоспарлануда. «Су және білім» жобасы балалар мен жастардың білімі мен дағдыларына салынған инвестиция бүгіннің өзінде су ресурстарын ұқыпты басқаруға және климаттың өзгеруіне тиімді бейімделуге қабілетті ұрпақты қалыптастыратынын дәлелдейді.
1 of 5
Баспасөз мәлімдемесі
20 мамыр 2026
Көкшетауда «ЮНИСЕФ Жастары» хабы ашылды
Орталықтың ашылуы жоғары деңгейлі делегацияның өңірге сапарының басты оқиғасы болды. Шараға БҰҰ-ның Қазақстандағы Тұрақты үйлестірушісі Саранго Раднарагча, ЮНИСЕФ-тің Қазақстандағы Өкілі д-р Рашед Мустафа Сарвар, БҰҰ Еріктілер бағдарламасының Қазақстандағы үйлестірушісі Никита Шабаев және ҚР СІМ Көпжақты ынтымақтастық департаментінің директоры Дидар Теменов қатысты.
Сапар аясында делегация өкілдері Ақмола облысы әкімінің орынбасары Досұлан Айтбаевпен кездесіп, өңірдегі балалық шақты қолдаудың жүйелі шараларын талқылады. Маңызды кезеңнің бірі ретінде ЮНИСЕФ пен Ш. Уәлиханов атындағы университет арасында меморандумға қол қойылды. Бұл құжат хабтың жастар үшін тұрақты білім беру және әлеуметтік база ретіндегі мәртебесін бекітті. БҰҰ-ның Қазақстандағы Тұрақты үйлестірушісі Саранго Раднарагча өз сөзінде былай деп атап өтті: «Жастар – тек болашақтың көшбасшылары ғана емес, олар – бүгінгі өзгерістердің басты қозғаушы күші. Көкшетауда осы хабтың ашылуы біздің Тұрақты даму мақсаттарына деген ортақ адалдығымызды көрсетеді. Біз әрбір жастың үні естілетін, ал олардың қоғамға пайда әкелуге деген талпынысы нақты қолдау табатын орта қалыптастырып жатырмыз».ЮНИСЕФ-тің Қазақстандағы Өкілі д-р Рашед Мустафа Сарвар жаңа алаңның стратегиялық рөлін ерекше атап өтті: «"ЮНИСЕФ Жастары" бағдарламасы "Learn – Share – Lead" (Үйрен – Бөліс – Баста) моделіне негізделген. Біз еріктілерге бала құқықтары мен менталды саулық туралы терең білім береміз, ал олар бұл білімді замандастарына таратады. Бүгінде волонтерлік мыңдаған қазақстандық жастардың саналы азаматтық ұстанымына айналды, біз оларды осы жолда қолдағанымызды мақтан тұтамыз». Өз кезегінде ҚР СІМ Көпжақты ынтымақтастық департаментінің директоры Дидар Теменов бұл бастаманың мемлекеттік саясат тұрғысынан маңыздылығына тоқталды: «Қазақстанның бастамасымен Біріккен Ұлттар Ұйымы 2026 жылды Халықаралық волонтерлер жылы деп жариялады. Көкшетаудағы хабтың ашылуы – осы ауқымды қозғалысты кеңейту жолындағы тағы бір нық қадам. Мұнда волонтерлік қызмет бала мүддесін қорғауды басты басымдық деп санайтын жаңа буын көшбасшыларын тәрбиелеу құралына айналады».Жаңа кеңістік заманауи коворкинг үлгісінде жабдықталған, оның ішіне:Интернетпен қамтылған топтық жұмыс аймақтары;Подкаст жазуға және білім беру контентін жасауға арналған кәсіби медиа-студия;Бала құқықтары мен менталды саулыққа арналған мамандандырылған кітапхана кіреді.Сонымен қатар, волонтерлер үшін онлайн-курстар мен жеке тапсырмалар жүйесін қамтитын арнайы білім беру платформасына қолжетімділік ашылды.Көкшетаудағы хаб – бүгінде 10 000-нан астам еріктінің басын қосқан ұлттық «ЮНИСЕФ Жастары» желісінің бір бөлігі. Бағдарламаның жетістіктері қуантады: тек 2025 жылдың өзінде бүкіл Қазақстан бойынша еріктілер 500 тоннадан астам қоқыс жинап, 20 000-нан астам ағаш отырғызды. Сондай-ақ, 100 000-нан астам балаға бала құқықтары мен цифрлық қауіпсіздік туралы ағартушылық сабақтарын өткізді. Бағдарлама бастамаларының медиа-қамтылымы 1 миллионнан астам адамды құрады.ЮНИСЕФ-тің алдағы екі жылға арналған жоспары – волонтерлік қозғалысқа 20 000-ға жуық жасты тартып, еліміздің 6 өңірлік хабы арқылы 2 миллионнан астам баланы пайдалы жобалармен қамту. Көкшетаудағы жаңа орталық көшбасшылық қасиеттерін дамытуға және балалардың мүдделерін қорғауға ниетті 16-35 жас аралығындағы барлық белсенді азаматтар — мектеп оқушылары, студенттер мен жас мамандар үшін ашық.
Сапар аясында делегация өкілдері Ақмола облысы әкімінің орынбасары Досұлан Айтбаевпен кездесіп, өңірдегі балалық шақты қолдаудың жүйелі шараларын талқылады. Маңызды кезеңнің бірі ретінде ЮНИСЕФ пен Ш. Уәлиханов атындағы университет арасында меморандумға қол қойылды. Бұл құжат хабтың жастар үшін тұрақты білім беру және әлеуметтік база ретіндегі мәртебесін бекітті. БҰҰ-ның Қазақстандағы Тұрақты үйлестірушісі Саранго Раднарагча өз сөзінде былай деп атап өтті: «Жастар – тек болашақтың көшбасшылары ғана емес, олар – бүгінгі өзгерістердің басты қозғаушы күші. Көкшетауда осы хабтың ашылуы біздің Тұрақты даму мақсаттарына деген ортақ адалдығымызды көрсетеді. Біз әрбір жастың үні естілетін, ал олардың қоғамға пайда әкелуге деген талпынысы нақты қолдау табатын орта қалыптастырып жатырмыз».ЮНИСЕФ-тің Қазақстандағы Өкілі д-р Рашед Мустафа Сарвар жаңа алаңның стратегиялық рөлін ерекше атап өтті: «"ЮНИСЕФ Жастары" бағдарламасы "Learn – Share – Lead" (Үйрен – Бөліс – Баста) моделіне негізделген. Біз еріктілерге бала құқықтары мен менталды саулық туралы терең білім береміз, ал олар бұл білімді замандастарына таратады. Бүгінде волонтерлік мыңдаған қазақстандық жастардың саналы азаматтық ұстанымына айналды, біз оларды осы жолда қолдағанымызды мақтан тұтамыз». Өз кезегінде ҚР СІМ Көпжақты ынтымақтастық департаментінің директоры Дидар Теменов бұл бастаманың мемлекеттік саясат тұрғысынан маңыздылығына тоқталды: «Қазақстанның бастамасымен Біріккен Ұлттар Ұйымы 2026 жылды Халықаралық волонтерлер жылы деп жариялады. Көкшетаудағы хабтың ашылуы – осы ауқымды қозғалысты кеңейту жолындағы тағы бір нық қадам. Мұнда волонтерлік қызмет бала мүддесін қорғауды басты басымдық деп санайтын жаңа буын көшбасшыларын тәрбиелеу құралына айналады».Жаңа кеңістік заманауи коворкинг үлгісінде жабдықталған, оның ішіне:Интернетпен қамтылған топтық жұмыс аймақтары;Подкаст жазуға және білім беру контентін жасауға арналған кәсіби медиа-студия;Бала құқықтары мен менталды саулыққа арналған мамандандырылған кітапхана кіреді.Сонымен қатар, волонтерлер үшін онлайн-курстар мен жеке тапсырмалар жүйесін қамтитын арнайы білім беру платформасына қолжетімділік ашылды.Көкшетаудағы хаб – бүгінде 10 000-нан астам еріктінің басын қосқан ұлттық «ЮНИСЕФ Жастары» желісінің бір бөлігі. Бағдарламаның жетістіктері қуантады: тек 2025 жылдың өзінде бүкіл Қазақстан бойынша еріктілер 500 тоннадан астам қоқыс жинап, 20 000-нан астам ағаш отырғызды. Сондай-ақ, 100 000-нан астам балаға бала құқықтары мен цифрлық қауіпсіздік туралы ағартушылық сабақтарын өткізді. Бағдарлама бастамаларының медиа-қамтылымы 1 миллионнан астам адамды құрады.ЮНИСЕФ-тің алдағы екі жылға арналған жоспары – волонтерлік қозғалысқа 20 000-ға жуық жасты тартып, еліміздің 6 өңірлік хабы арқылы 2 миллионнан астам баланы пайдалы жобалармен қамту. Көкшетаудағы жаңа орталық көшбасшылық қасиеттерін дамытуға және балалардың мүдделерін қорғауға ниетті 16-35 жас аралығындағы барлық белсенді азаматтар — мектеп оқушылары, студенттер мен жас мамандар үшін ашық.
1 of 5
Баспасөз мәлімдемесі
14 сәуір 2026
Астанада университеттердің ТДМ-ға қол жеткізудегі рөлі талқыланды
Іс-шара алғаш рет Қазақстанда 2030 жылға дейінгі Тұрақты даму күн тәртібін іске асыруға жауапты жоғары оқу орындарының басшылары мен құрылымдық бөлімшелері үшін ұйымдастырылды. Оның мақсаты – қолданыстағы шектеулерді еңсеруге бағытталған практикалық ұсыныстар әзірлеу және үздік тәжірибелермен алмасу болды. Іс-шараға Қазақстанның 89 жоғары оқу орындарының өкілдері қатысты. Кіріспе сөзінде Қазақстандағы БҰҰ Тұрақты үйлестірушісі Саранго Раднарагча: «Университеттер тұрақты даму үдерістерінің өзегінде тұр және оларды тек білім беру мекемелері ретінде ғана емес, сонымен қатар негізгі серіктестер ретінде қарастыру қажет. Білім беру, зерттеу және инновациялар арқылы олар практикалық шешімдерді қалыптастырып, оларды ұлттық және жергілікті деңгейлерде енгізуге ықпал ете алады. Осы тұрғыда университеттермен халықаралық ынтымақтастық пен серіктестікті нығайту тұрақты дамуды ілгерілету және ТДМ-ға қол жеткізу үшін шешуші мәнге ие», - деп атап өтті. Пікір алмасу мен үздік тәжірибелерді талқылау келесі тақырыптық бағыттар бойынша топтық интерактивті сессияларда жалғасты: университеттерді басқару жүйесіне ТДМ қағидаттарын енгізу; тұрақты даму үшін дағдыларды қалыптастырудағы университеттердің рөлі; университеттік зерттеулердің тұрақты трансформациядағы маңызы; студенттердің ТДМ-ды іске асырудағы көшбасшылық рөлін күшейту; гендерлік-инклюзивті университеттік ортаны қалыптастыру; университеттер мен мүдделі тараптар арасындағы серіктестікті нығайту; университеттердің адами капиталын дамыту. Дөңгелек үстел қорытындысы бойынша қатысушылар Қазақстандағы жоғары білім беру жүйесіне тұрақты даму қағидаттарын тиімді енгізуге ықпал ететін практикалық ұсынымдар әзірледі.
1 of 5
Баспасөз мәлімдемесі
04 наурыз 2026
БҰҰ-ның Қазақстандағы Тұрақты үйлестірушісі Қазақстан Сенат Төрағасымен тұрақты даму күн тәртібін ілгерілету мәселесін талқылады
Кездесу барысында тараптар Қазақстан мен БҰҰ арасындағы ынтымақтастықтың негізгі бағыттарын, соның ішінде Тұрақты даму мақсаттарын іске асыру, заңнамалық процестерде халықаралық сараптаманы пайдалану және тұрақты даму күн тәртібін ілгерілету мәселелерін талқылады. Әсіресе Сенаттың тұрақты дамуды іске асыруды мониторингтеу жөніндегі Парламенттік комиссиясының жұмысы мен Қазақстанның тұрақты даму саласындағы көшбасшылық рөлі атап өтілді.Сондай-ақ тараптар гендерлік теңдік, әйелдердің парламенттегі өкілдігі, бюджеттік жоспарлау, адам құқықтары саласындағы халықаралық міндеттемелерді іске асыру, алдағы өңірлік бастама - Өңірлік экологиялық саммит пен ынтымақтастық болашағын талқылады.Кездесу қорытындысы бойынша БҰҰ мен Қазақстан Парламенті арасындағы серіктестікті одан әрі нығайту және тұрақты даму мақсаттарына қол жеткізуді жеделдету бағытындағы бірлескен жұмысты жалғастыруға дайындық білдірілді.
1 of 5
Баспасөз мәлімдемесі
25 ақпан 2026
БҰҰ және ЕО Орталық Азияда гендерлік теңдікті ілгерілету және гендерлік зорлық-зомбылықтың алдын алу жөніндегі өңірлік бағдарламаны іске қосты
Бағдарлама өңірде гендерлік зорлық-зомбылықтың алдын алу және гендерлік теңдікті ілгерілету жөніндегі күш-жігерді күшейтуге бағытталған. «Гендерлік теңдік үшін зиянды көзқарастар мен нормаларға қарсы тұру (CHANGE)» атты бағдарлама БҰҰДБ, ЮНФПА және БҰҰ Әйелдер құрылымымен ұлттық билік органдарымен, азаматтық қоғам ұйымдарымен және жеке сектормен тығыз ынтымақтастықта жүзеге асырылады.«Әйелдер мен қыздардың құқықтары мен мүмкіндіктерін кеңейту, гендерлік зорлық-зомбылықтың барлық түрлерінің алдын алу және гендерлік теңдік саласында тұрақты әрі өлшенетін прогреске қол жеткізу өңірдің одан әрі дамуы үшін шешуші мәнге ие. CHANGE бағдарламасы ЕО мен БҰҰ арасындағы берік әріптестікті көрсетеді және Орталық Азия елдерінің гендерлік теңдікті ілгерілету жөніндегі күш-жігерін қолдайды», — деді ЕО-ның Қазақстандағы Елшісі Алешка Симкич ханым. Заңнамалық және саяси тетіктердегі ілгерілеуге қарамастан, гендерлік зорлық-зомбылықтың алдын алу Орталық Азияда басым бағыт болып қала береді. БҰҰ бағалауынша, шамамен әрбір үшінші әйел немесе қыз өмірінде зорлық-зомбылыққа ұшыраған, ал әлеуметтік стигма мен үнсіздік хабарлау деңгейін төмендетуде. Соңғы өңірлік үрдістер тіркелген жағдайлардың өсуін көрсетеді, бұл бір жағынан хабардарлықтың артуын, екінші жағынан қорғау жүйесіндегі олқылықтарды айғақтайды.«Гендерлік зорлық-зомбылықты тек институционалдық шаралармен жою мүмкін емес — бұл тұрақты қоғамдық өзгерістерді талап етеді», — деді БҰҰ-ның Қазақстандағы Тұрақты үйлестірушісі Саранго Раднарагча ханым. «БҰҰ гендерлік теңдікті ілгерілетуге және зорлық-зомбылықтың түпкі себептерін инклюзивті диалог пен ұзақ мерзімді әріптестік арқылы жоюға бағытталған шешімдерді қолдауға бейілді». Бағдарлама зорлық-зомбылыққа нөлдік төзімділік қағидатын ілгерілету; азаматтық қоғам ұйымдарының әлеуетін, үйлестіруін және адвокациялық рөлін күшейту; сондай-ақ әйелдердің экономикалық мүмкіндіктерін кеңейту және тұрақты табыс көздеріне қолжетімділігін арттыру арқылы өңірде гендерлік зорлық-зомбылық деңгейін төмендетуге ықпал етеді.«Гендерлік зорлық-зомбылық — бұл тек адам құқықтарының бұзылуы ғана емес, сонымен қатар инклюзивті әрі орнықты дамуға айтарлықтай кедергі», — деді БҰҰДБ-ның Тұрақты өкілі Катаржина Вавьерниа ханым. «Бұл Көпелдік бағдарлама аясында БҰҰ мен ЕО үкіметтерге нақты әрі өлшенетін өзгерістерге қол жеткізу үшін сараптаманы, әріптестіктерді және ресурстарды біріктіруде».Тамыры тереңде жатқан кемсітуші әлеуметтік нормалар бұл тәуекелдерді күшейтеді: 2023 жылғы Гендерлік әлеуметтік нормалар индексі Орталық Азияда гендерлік кемсітушілік көзқарастардың жоғары деңгейде сақталғанын көрсетеді, респонденттердің басым бөлігі әйелдерге қатысты кем дегенде бір кемсітушілік көзқарасты білдірген, ал кейбір жағдайларда интимдік серіктес тарапынан жасалатын зорлық-зомбылыққа төзімділік кең таралған. Цифрлық технологиялар арқылы жасалатын зорлық-зомбылық та маңызды мәселеге айналуда, әйелдердің едәуір бөлігі онлайн-қудалау мен қорқытуға тап болғанын хабарлайды.«CHANGE бағдарламасының іске қосылуы гендерлік зорлық-зомбылықтың барлық түрлерін жою жолындағы әріптестіктің маңызын айқындайды», — деді ЮНФПА-ның Қазақстандағы өкілі және Қырғызстан мен Түрікменстан бойынша елдік директоры Чинве Огбонна ханым. «ЕО, БҰҰ және ұлттық әріптестер бірлесіп 2030 жылға дейінгі Тұрақты даму күн тәртібіне қол жеткізу жолында нақты нәтижелерге қол жеткізеді». Сонымен қатар, әйелдердің еңбек нарығына қатысу деңгейінің төмендігі және ақысыз күтім жұмыстарының шамадан тыс жүктемесі сияқты экономикалық теңсіздіктер олардың қауіпсіздік пен қолдау іздеу мүмкіндіктерін шектейді. Өңірдегі тәжірибе орнықты ілгерілеу зиянды көзқарастарға қарсы тұратын, қауымдастық деңгейіндегі акторларды нығайтатын және әйелдердің экономикалық мүмкіндіктерін кеңейтетін ұзақ мерзімді алдын алу шараларын талап ететінін көрсетеді. Өңірлік тәсілді қолдана отырып, бағдарлама елдерге ортақ сын-қатерлерді шешуге, тәжірибе алмасуға және алдын алу шараларын кең ауқымда күшейтуге қолдау көрсетеді.«Азаматтық қоғам тиімді алдын алу шараларының негізінде жатыр, әсіресе зиянды нормаларға қарсы тұрып, әйелдер мен қыздарды қолдайтын алдыңғы шептегі ұйымдар», — деді БҰҰ Әйелдер Орталық Азия кеңсесінің басшысы және Қазақстандағы елдік өкілі д-р Джерен Гювен Гюреш. «ЕО-БҰҰ CHANGE бағдарламасы аясында біз осы алдыңғы шептегі ұйымдарды нығайтып, әйелдердің мүмкіндіктерін кеңейтіп, Орталық Азияда гендерлік зорлық-зомбылықты азайту үшін қажетті әлеуметтік өзгерістерді ілгерілетудеміз». Бағдарлама 2026–2028 жылдары Орталық Азияның барлық бес елін қамтиды. Ол гендерлік зорлық-зомбылыққа қарсы іс-қимыл бойынша ортақ өңірлік негіз қалыптастырып, сонымен қатар ұлттық басымдықтар мен жергілікті ерекшеліктерді ескеруге мүмкіндік береді.
1 of 5
Latest Resources
1 / 11
1 / 11