БҰҰ Тұрақты үйлестірушісі кеңсесі

Қазақстан Республикасындағы БҰҰ Тұрақты үйлестірушісі кеңсесі БҰҰ Тұрақты үйлестірушінің стратегиялық басшылығымен жұмыс істейді және барлық мүшелердің БҰҰ Елдік тобының кеңестері мен шешімдерін қабылдау процестеріне толық көлемде қатыса алатынына, сондай-ақ тұрақты қарым-қатынас жасау мен ақпарат алмасу арқылы хабардар етілуіне кепілдік беретін тетіктерді жасау мен енгізуді қолдайды.

Тұрақты үйлестіруші құзіреті мен көшбасшылығы жоғары мәртебелі, БҰҰ даму жүйесінің жоғары деңгейдегі өкілі болып табылады, ол тағайындалған өкіл және БҰҰ Бас хатшысына есеп береді. Олар 2030 жылға арналған күн тәртібін жүзеге асыру бойынша елдердің күш-жігерін қолдау үшін БҰҰ-ның даму бойынша жедел қызметін үйлестіруге жауапты; БҰҰ-мен ынтымақтастықтың шеңберлік бағдарламасын әзірлеуде, бақылауда және есеп беруде БҰҰ елдік тобын басқарады және қолдайды.
Олар БҰҰ-ның ынтымақтастықтың шеңберлік бағдарламасының жүзеге асырылуын үйлестіреді және БҰҰ елдік тобымен агенттік бағдарламалары мен дамуы үшін мекемеаралық біріктірілген қаржыландырудың ұлттық даму қажеттіліктері мен басымдықтарына, сондай-ақ БҰҰ ынтымақтастық шеңбері мен 2030 күн тәртібіне сәйкес келуін қамтамасыз ету үшін жұмыс жасайды.

Тұрақты үйлестіруші БҰҰ Елдік тобының жұмысын қолдайды және қорғайды. Сонымен қатар БҰҰ-ның барлық мүшелерінің, соның ішінде резидент емес агенттіктердің олардың нақты мақсаттарына жетуіне қолдау көрсетеді. Тұрақты үйлестіруші БҰҰ елдік тобын қабылдаушы үкіметпен келісе отырып, үкіметтің басымдықтарына БҰҰ стратегиялық жауабын анықтау және келісу үшін басқарады. Белгілі бір елге қатысты осы жауаптарға сүйене отырып, Тұрақты үйлестіруші жергілікті деңгейде тиімді, пәрменді және икемді құрылымды қамтамасыз ету үшін БҰҰ даму жүйесінің елдік қызметі мәселелері бойынша БҰҰ елдік тобы мүшелері мен үкіметтегі әріптестер арасындағы диалогқа жәрдемдесуде маңызды рөл атқарады.

Қазақстандағы БҰҰ Тұрақты үйлестірушісі кеңсесі Тұрақты үйлестіруші және БҰҰ Елдік тобының міндеттерін қолдауда келесі бес негізгі қызметті орындайды:

  • Стратегиялық жоспарлау
  • Даму экономикасы
  • Серіктестік және дамуды қаржыландыру
  • Деректер мен нәтижелерді басқару және есеп беру
  • Коммуникациялар және ақпараттық қызмет
     

БҰҰ-ның Қазақстандағы Тұрақты үйлестірушісі Саранго Раднарагча

Саранго Раднарагча ханым– Еуропа мен Орталық Азиядағы орнықты даму саласында 25 жылдық тәжірибесі бар жоғары білікті маман. Ол БҰҰ Тұрақты үйлестірушісі лауазымына тағайындалғанға дейін БҰҰ Еуропалық экономикалық комиссиясында (ЕЭК БҰҰ) Қоршаған орта мәселелері жөніндегі өңірлік кеңесші қызметін атқарды, бұл қызметте бірнеше БҰҰ елдік топтарында ЕЭК-тің өкілдік қызметін тиімді қайта ұйымдастырды. Сонымен қатар ол Еуропа мен Орталық Азиядағы 17 елге арналған ЕЭК конвенцияларын, нормалары мен стандарттарын орындауға бағытталған кеңес беру және техникалық сараптама жұмыстарын жүргізді.

2014 жылы ЕЭК БҰҰ-ға келгенге дейін С. Раднарагча ұлттық, өңірлік және халықаралық деңгейлерде орнықты даму және табиғи ресурстарды басқару салаларында табысты еңбек жолын қалыптастырды. Ол Моңғолияның Табиғат және қоршаған орта министрлігінде аға қызметкер, кейін БҰҰДБ, ФАО, БҰҰ Қоршаған орта бағдарламасы, Табиғатты қорғау жөніндегі халықаралық одақ, GIZ және консалтингтік компанияларда түрлі лауазымдарды атқарған. Оның құзыретіне саясатты талдау мен әзірлеу, трансшекаралық ынтымақтастық, серіктестіктерді дамыту, кеңінен қатысуды қамтамасыз ете отырып табиғи ресурстарды басқару, әлеуетті арттыру және бағдарламаларды басқару кіреді.

С. Раднарагча Флиндерс университетінің (Аустралия) Экологиялық менеджмент саласындағы магистрі дәрежесіне ие.

БҰҰ-ның Қазақстандағы Тұрақты үйлестірушісі кеңсесі

sarangoo1

Саранго Раднарагча

БҰҰ-ның Қазақстандағы Тұрақты үйлестірушісі