Қазақстандағы Біріккен Ұлттар Ұйымы

Kazakh boy at the steppe.
Photo: © Ospan Ali

Біріккен Ұлттар Ұйымының елдік тобы (БҰҰЕТ) әрбір әйел мен ердің, қыз бен ұлдың, әсіресе, ең осал топтар өмірінің жақсы әрі қауіпсіз болуын қамтамасыз ету үшін Қазақстан халқы мен үкіметімен, сондай-ақ басқа да даму серіктестерімен жұмыс жасайды.

Біріккен Ұлттар Ұйымының елдік тобы экономикалық және әлеуметтік даму мен денсаулық сақтау, қоршаған ортаны қорғау мен апат зардаптарын жою, тиімді басқару мен адам құқықтарын насихаттау, гендерлік теңдік және әйелдердің ілгерілеуі сияқты көптеген мәселелер бойынша қызмет атқарады.

Қазақстандағы жұмысымызда біз Біріккен Ұлттар Ұйымының барлық жоспарлау және бағдарламалау құжаттарын әзірлеу мен енгізу ұлттық дамудың қажеттіліктері мен басымдықтарына толық сәйкес келетініне кепілдік береміз.

Caption: Kazakh boy in the steppe
Photo: © Ospan Ali

Негізгі кезеңдер:

Тұрақты даму мақсаттары Қазақстан

Қазақстандағы БҰҰ жүйесі елдің ЭЫДҰ стандарттарына қол жеткізу арқылы әлемнің ең дамыған 30 елінің қатарына қосылу ұмтылысын нық қолдайды. Біз 2030 жылға дейінгі Тұрақты даму жөніндегі жаһандық күн тәртібі мен оның 17 Тұрақты даму мақсаты Қазақстанға «Қазақстан-2050» стратегиясында және кейінгі реформалар күн тәртібінде айқындалған даму мұраттарына тиімді қол жеткізуге көмектесетін маңызды құрал екеніне сенімдіміз.