Біздің ұжым Қазақстан

Stephen O'Malley

Стивен О'Малли

БҰҰ Тұрақты үйлестіруші кеңсесі
БҰҰ-ның Қазақстандағы Тұрақты үйлестірушісі м.а.
 
 
 
Стивен О'Малли мырзаның даму және гуманитарлық жұмыста 25 жылдан астам тәжірибесі бар. 2024 ж. 1 қарашасынан бастап БҰҰ-ның Қазақстандағы Тұрақты үйлестірушісі міндетін атқарушы болып тағайындалды.

Осы лауазымға дейін ол БҰҰ Гуманитарлық істерді үйлестіру басқармасының (OCHA) Африка 1 бойынша директорының орынбасары болды. 2021-2024 жж. Ведомствоаралық тұрақты комитеттің Төтенше жағдайлар жөніндегі директорлар тобының жобасы болып табылатын «Тең-теңімен» жобасының директоры қызметін атқарды. 2018-2021 жж. OCHA Оңтүстік Судан кеңсесінің басшысы болды. Осы тапсырма барысында ол OCHA штаб-пәтеріне 2020 жылдың наурызынан желтоқсанына дейін COVID-19 күрес бойынша тобының жетекшісі ретінде жіберілді. OCHA-ға қызметтен бұрын О'Малли мырза 2013-2018 жж. Барбадос және Шығыс Кариб бассейні мемлекеттері ұйымы жанында БҰҰ Тұрақты үйлестірушісі және БҰҰ Даму бағдарламасының Тұрақты өкілі болды.

Осыған дейін О'Малли мырза Нью-Йорктегі OCHA штаб-пәтерінде 12 жыл жұмыс істеді, онда үйлестіру және әрекет ету бөлімі директорының орынбасары, Орталық төтенше жағдайларға ден қою қоры хатшылығының басшысы, сондай-ақ Оңтүстік және Орталық Африкаға қатысты түрлі лауазымдарды атқарды. БҰҰ-ға дейін Солтүстік Америка, Еуропа және Африкадағы Médecins sans Frontières үкіметтік емес ұйымында жеті жыл жұмыс істеді. Ол жеке сектордағы мансабын Канаданың Торонто қаласындағы Decima Research компаниясында бастады.

Канада азаматы О'Малли мырза Канададағы Квинс Университетінің сауда бойынша бакалавры және саясаттану саласындағы магистрі және Колумбия университетінің (АҚШ) халықаралық және қоғамдық қатынастар мектебінің халықаралық қатынастар магистрі дәрежелеріне ие.
Aidai Kurmanova

Айдай Курманова

ЮНЕП
ЮНЕП Орталық Азия бойынша субаймақтық кеңсе басшысы
 
Айдай Курманова ханым өзінің қызметін Алматыдағы Орталық Азия бойынша кеңсесінің басшысы ретінде 2019 жылдың 2 ақпанында бастады. Оның тұрақты даму саласындағы 21 жылдық тәжірибесі бар. БҰҰ қоршаған орта жөнiндегi бағдарламасына келгенге дейін ол бес жыл бойы Қырғыз Республикасы Экономика Министрлігінің статс-хатшысы қызметін атқарды. Оның негізгі мамандандыру бағыттары тұрақты экономикалық даму саясатын жобалау және жүзеге асыру болып табылады. Ол жасыл экономика, электрондық үкімет, сондай-ақ шағын және орта бизнесті дамыту бойынша стратегиялық құжаттарды әзірледі. Ол тұрақты даму мақсаттарының Қырғыз Республикасында ұлттық деңгейде бейімделуіне жетекшілік етті. Экономикалық өсу мен бизнес жағдайларын жақсартуға бағытталған заң жобаларын ілгерілету бойынша Қырғыз Республикасының Парламентімен жұмыс істеген маңызды практикалық тәжірибесі бар. Жапониядағы Халықаралық университетінің экономикалық даму магистрі және Қырғыз Республикасы Президенті жанындағы Басқару академиясының мемлекеттік басқару магистрі дәрежелеріне ие.
piric

Амир Пирич

ЮНЕСКО
Алматыдағы ЮНЕСКО Аймақтық кеңсесінің Директоры және ЮНЕСКО-ның Қазақстандағы, Қырғызстандағы, Тәжікстандағы және Түрікменстандағы өкілі
 
 
 
Доктор Амир Пирич ЮНЕСКО-да 2004 жылдан бері жұмыс істейді, бастапқыда ЮНЕСКО-ның ішкі қадағалау қызметінде (IOS) бағалау бөлімінің бастығы және жақында Германияның Гамбург қаласындағы ЮНЕСКО-ның өмір бойы оқыту институтында бағдарламалардың бас үйлестірушісі болды. Ол 2023 жылдың 1 сәуірінен бастап Алматыдағы ЮНЕСКО Аймақтық кеңсесінің Директоры (міндетін атқарушы) болып тағайындалды. ЮНЕСКО-ға келгенге дейін доктор Амир Пирич әртүрлі мекемелерде жұмыс істеді. 2004 жылы Ослода орналасқан Солтүстік инновациялық зерттеулер институтта және 1996-2004 жылдар аралығында Жаңа Зеландия Үкіметте жұмыс істеді. Ол мемлекеттік басқару саласындағы философия докторы, сонымен қатар Роскилле университетінде (Дания) еуропалық қоғам, ғылым және инженерия магистр дәрежесінің иесі.
Доктор Пиричтің қос азаматтығы бар (Жаңа Зеландия мен Сербия).



Ashita Mittal

Ашита Миттал

БҰҰЕҚЖБ
БҰҰ ЕҚБ аймақтық Өкілі
 
 
Ашита Миттал ханым 21 жылдан астам уақыт бойы Біріккен Ұлттар Ұйымының Есірткі және қылмыс жөніндегі басқармасымен (БҰҰ ЕҚБ) есірткі, трансұлттық ұйымдасқан қылмыс және терроризммен күрес саласында қызмет атқарып келеді. Өзбекстан, Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан және Түрікменстанды, сондай-ақ Оңтүстік Кавказдың үш мемлекеті - Армения, Грузия және Әзірбайжанды қамтитын Орталық Азиядағы БҰҰ ЕҚБ өңірлік бөлімшесінің өңірлік өкілі лауазымына келгенге дейін ол 2009-2014 жылдар аралығында БҰҰ ЕҚБ Ауғанстандағы (COAFG) елдік бөлімшесі өкілінің міндетін атқарушы және орынбасары лауазымын атқарды. Ол 1995-2009 жылдары Оңтүстік Азия аймақтық филиалында БҰҰ ЕҚБ өкілінің орынбасары болып жұмыс істеді. Бұған дейін ол Үндістандағы Дүниежүзілік азық-түлік бағдарламасында жұмыс істеп, азық-түлік қауіпсіздігі мәселелерімен айналысқан. Миттал ханым есірткіні бақылау мәселелері бойынша бірнеше мақала, баяндамалар мен зерттеулердің авторы және бірлескен авторы. Үндістандағы Дели Университетінде психология магистрі және әлеуметтік жұмыс магистрі дәрежесін алған Миттал ханым АҚШ-тағы Фулбрайт бағдарламасының стипендиаты (1989-90) болып табылады.
Vlastimil Samek

Властимил Самек

БҰҰ АО
БҰҰ Жаһандық коммуникациялар департаментінің Өкілі
 
Властимил Самек мырза БҰҰ жаһандық коммуникациялар департаментінің Өкілі және Қазақстандағы БҰҰ Ақпараттық орталығының басшысы болып табылады. Бұған дейін ол Біріккен Ұлттар Ұйымында Қоғамдық ақпарат департаментінің Өкілі; Индонезиядағы БҰҰ Ақпараттық орталығы директорының м.а. және Пәкістан Ислам Республикасындағы БҰҰ Ақпараттық орталығы директорының м. а. болып жұмыс істеді. Халықаралық істер, дипломатия, экономикалық дипломатия, коммуникациялар және қоғаммен байланыс саласында 30 жылдан астам тәжірибесі бар. Ол Біріккен Ұлттар Ұйымына өз елінде Сыртқы істер министрлігі және Өнеркәсіп және сауда министрлігінде түрлі басшылық лауазымдарда қызмет еткеннен кейін қосылды, БҰҰ дейінгі қызметінде Мьянма, Бангладеш және Моңғолиядағы дипломатиялық миссияларға ұзақ мерзімді тағайындаулары бар. Прагадағы (Чех Республикасы) Экономикалық Университеттің магистр дәрежесіне ие.
Gabriela Ionascu

Габриэла Ионашку

ЮНЭЙДС
ЮНЭЙДС Қазақстан бойынша Елдік директоры
Д-р Габриэла Ионаiку 2017 жылы Қазақстандағы ЮНЭЙДС-ке Cтратегиялық ақпарат бойынша кеңесші ретінде қосылды және 2022 жылдан бастап ЮНЭЙДС-тің Қазақстандағы директоры болып тағайындалды. Оның жақында Орталық Азия, Азия-Тынық мұхиты және Шығыс Еуропа аймақтарында ЮНЭЙДС-те 25 жылдық тәжірибесі бар. Габриэланың денсаулық сақтау саласындағы магистр дәрежесіне ие. Габриэланың АИТВ/ЖИТС саясатын әзірлеу, қаражат жинау, дерекқорды әзірлеу, эпидемиологиялық модельдеу, мониторинг және бағалау және бағдарламаларды басқару саласында 25 жылдан астам тәжірибесі бар. Габриела Молдова Республикасының азаматы, оның ана тілі румын тілі, ағылшын, орыс және француз тілдерін жетік меңгерген. 2020 жылы Габриэла «Қазақстанның денсаулық сақтау жүйесіне қосқан үлесі үшін» медалімен марапатталды.
Justin Allim Rashid

Джастин Рашид

БҰҰКҚД
БҰҰ Қорғау және қауіпсіздік департаментінің Қауіпсіздік бойынша кеңесшісі
 
Джастин Рашид мырза 2021 жылғы мамырдан бастап Біріккен Ұлттар Ұйымының Қазақстандағы қауіпсіздік мәселелері жөніндегі кеңесшісі қызметін атқарады. Джастин Біріккен Ұлттар Ұйымына 2015 жылы Йемендегі ЮНИСЕФ-тің қауіпсіздік жөніндегі кеңесшісі ретінде қосылып, сол жерде ол үш жыл жұмыс істеді. Нигериядағы әлемдік азық-түлік бағдарламасында үзілістен кейін 2019 жылы Иорданиядағы UNDSS-ке ауысты, онда ол қайтадан қауіпсіздік кеңесшісі болып жұмыс істеді және БҰҰ-ның COVID-19-ға байланысты әрекетіндегі басты тұлға болды. Біріккен Ұлттар Ұйымына келгенге дейін Джастин мырза Ұлыбританияда мемлекеттік қызметкер болған. Оның кейінгі халықаралық тәжірибесі Таяу Шығыста жеке қауіпсіздік саласында бірнеше жыл жұмыс істеуді қамтиды. Джастин мырза Ұлыбританиядағы Эксетер университетін психология бакалавры дәрежесімен бітірді, содан кейін Корнелл университеті мен Оңтүстік Калифорния университетінде халықаралық қатынастар бойынша магистр дәрежесін алды. Джастин - Ұлыбритания азаматы.
amrisheva

Дина Амришева

БҰҰ Әйелдер
Қазақстандағы "БҰҰ-әйелдер құрылымы" кеңсесінің басшысы міндетін уақытша атқарушы
 
 
 
Бұған дейін Дина Амришева ханым Астанадағы АҚШ Елшілігінде гранттар және бюджет бойынша аға үйлестірушісі және даму қаржы институты «Қазақстанның инвестициялық қоры» АҚ жобаның аға менеджері қызметтерін атқарған. Оның инвестиция, демократияны құру, даму бағдарламалары, стратегиялық серіктестік пен адами капиталды нығайту, инклюзивті өсуге жәрдемдесу, гендерлік теңдікке қол жеткізу және әйелдердің құқықтары мен мүмкіндіктерін кеңейту, басқару жүйелерін жетілдіруге бағытталған халықаралық және ұлттық бағдарламаларды жүзеге асыру мен басқаруда 19 жылдан астам үлкен кәсіби тәжірибесі бар. Амришева ханымның шетел тілдері, есеп және аудит мамандықтары бойынша дәрежелері бар. Ол сонымен қатар Корнелл және Гарвард университеттерінде мемлекеттік басқару және гуманитарлық бағдарламалардың мониторингі мен бағалауы мамандықтары бойынша оқыды.
lipcanu

Думитру Липкану

БҰҰ ЖКББ
Орталық Азия бойынша БҰҰ ЖКББ Өкілі м.а.
 
 
 
Думитру Липкану мырза 2020 жылдың 1 қазанында Қазақстан, Алматы қаласындағы Орталық Азиядағы БҰҰ Босқындар ісі жөніндегі Жоғарғы комиссары басқармасы кеңсесіне тағайындалды. Ол 2010 жылдан бастап БҰҰ ЖКББ-да жұмыс жасайды және өз мансабында Молдова, Оңтүстік Судан, Украина және Иорданиядағы төтенше және ұзаққа созылған жағдайларда босқындар мен ел ішінде қоныс аударған адамдарды қорғау мақсатында түрлі қызметтер атқарды. Оның тәжірибе салаларына қауымдастық деңгейдегі босқындарды қорғау, босқындар мен қоныс аударған халықтың әлеуметтік-экономикалық мүмкіндіктерін арттыруға қолдау көрсету, босқындардың интеграциясын ілгерілету үшін жергілікті қауымдастықтармен жұмыс істеу, гуманитарлық ведомствоаралық ынтымақтастық және төтенше жағдайлар кезінде әрекет етуді үйлестіру кіреді және олармен ғана шектелмейді. БҰҰ ЖКББ дейін Липкану мырза Халықаралық көші-қон ұйымында (ХКҰ) жұмыс істеді, содан кейін Румыния мен Бельгиядағы халықаралық компанияларда қызмет атқарды. Липкану мырза үйленген, екі баласы бар. 1997 жылы Молдовада экономикалық зерттеулер бойынша бакалавр дәрежесін алды, содан кейін АҚШ пен Швейцарияда бірнеше тағылымдамадан өтті. Ағылшын, француз, орыс және румын тілдерін жетік меңгерген.

kasya

Катаржина Вавьерниа

БҰҰ ДБ
Қазақстандағы БҰҰДБ Тұрақты өкілі
Катаржина Вавьерниа, (азаматығы - Польша Республикасы), 2005 жылдан бері Біріккен Ұлттар Ұйымында жұмыс істейді. 2019 жылдың сәуірінен бастап Сан-Томе және Принсипидегі БҰҰ Даму бағдарламасының тұрақты өкілі қызметін атқарды. Бір жарым жыл бойы БҰҰ-ң Сан-Томе мен Принсипидегі уақытша Тұрақты үйлестіруші қызметін атқарды. Осы тағайындауға дейін К. Вавьерниа БҰҰДБ Малавидегі (2013-2018) Тұрақты өкілінің орынбасары болды. 2008 жылдан 2013 жылға дейін Гвинея-Бисаудағы БҰҰДБ Тұрақты өкілінің орынбасары қызметін атқарды. 2005 жылдан 2008 жылға дейін К. Вавьерниа БҰҰДБ Анголадағы кеңсесінде оқыту мен әлеуетті арттыруға және сатып алуларға жауапты болды.
Бұған дейін К. Вавьерниа бес жыл бойы Оңтүстік Африкада және Мозамбикте үкіметтік емес секторда микроқаржы жөніндегі кеңесші болып жұмыс істеді, онда босқындар үшін табыс әкелетін бағдарламаларды басқарды. Өз еңбек жолын Польшадағы корпоративтік секторда 1996 жылы бастады. К. Вавьернианың Варшава Экономика мектебінде (Польша) банк ісі және қаржы саласында магистр дәрежесі және Бирмингем университетінде (Ұлыбритания) халықаралық даму (мамандық: жанжал, қауіпсіздік және даму) бойынша жоғары білімнен кейінгі білім туралы дипломы бар.
К. Вавьерниа ағылшын, португал, француз, испан тілдерін және негізгі деңгейде орыс тілін біледі. Сондай-ақ К. Вавьерниа саяхаттауды және жаңа мәдениеттерді тануды жақсы көреді. Ол волонтерлік қағидаттарды ұстанады және адамдармен тұрған ортасында қарым-қатынас құруды ұнатады. Оның екі егіз қызы бар.

imnadze

Каха Имнадзе

РЦПДЦА
Бас хатшының Арнайы өкілі және БҰҰ Орталық Азиядағы превентивтік дипломатия жөніндегі аймақтық орталығының басшысы
 
 
 
Имнадзе мырзаның дипломатия, мемлекеттік қызмет және бизнесте 30 жылдан астам тәжірибесі бар. 1989 жылы Сыртқы істер министрлігі қызметіне кіріскен оның дипломатия, келіссөздер және делдалдық, сыртқы саясат, қорғаныс және қауіпсіздік, жанжалдарды шешу және саяси тәуекелдерді бағалау салаларында үлкен тәжірибесі бар. Имнадзе мырза Грузияның Канададағы елшісі және Халықаралық азаматтық авиация ұйымындағы Тұрақты өкілі қызметін атқарған. Бұған дейін 2013-2022 жж. аралығында Грузияның БҰҰ жанындағы Тұрақты өкілі қызметін атқарған. Имнадзе мырза жеке секторда 10 жыл жұмыс істеді, саяси тәуекелдерді бағалау және инвестициялаумен айналысты. Имнадзе мырза Тбилиси мемлекеттік университетін бітірген. Грузин, ағылшын және орыс тілдерінде сөйлейді.
Kairat Nazhmidenov

Қайрат Нәжімеденов

ФАО
ФАО Өкілі
 
Білімі: Халықаралық бизнес университеті (UIB), Қазақ ұлттық аграрлық университеті (ҚазҰАУ). Әртүрлі кезеңдерде Нәжімеденов мырза CARANA корпорациясында (1994-2001), Азия даму банкінде (2002) және Дүниежүзілік банкте (2003-2004) экономист, сондай-ақ ФАО экономика және инвестициялар жөніндегі халықаралық сарапшы (2004-2019), оның ішінде ФАО штаб-пәтерінде (Рим, Италия) және Еуропа мен Орталық Азияға арналған ФАО өңірлік бөлімшесінде (Будапешт, Венгрия) экономист болған. 2017 жылдан бастап ФАО-ның Қазақстандағы байланыс және серіктестік жөніндегі бюросын басқарады. Нәжімеденов мырзаның аграрлық азық-түлік секторы мен ауылдық аудандарды дамытуға, орман және балық шаруашылығын жақсарту мен қалпына келтіруге, жер және су ресурстарын тұрақты басқаруға, Шығыс Еуропада, Оңтүстік Кавказда, Орталық және Оңтүстік-Шығыс Азияда ресурс үнемдеуші және климаттық технологияларды енгізуге экономика мен инвестициялар саласында әлемнің 18 елінде көпжылдық халықаралық жұмыс тәжірибесі бар.
madina

Мадина Сариева

БҰҰЕҚЖБ
БҰҰЕҚБ Қазақстан бойынша Бағдарламалық офисінің жетекшісі м.а.
Мадина Сариева 2022 жылдың ақпанынан бастап Қазақстандағы БҰҰ-ның Есірткі және қылмыс жөніндегі басқармасының (UNODC) Бағдарламалық офисінің жетекшісі міндетін атқарушы болып табылады. Оның қылмысты алдын алу және қылмыстық құқық қорғау саласындағы 15 жылдан астам прогрессивті және жауапты тәжірибесі бар. UNODC-де жұмыс істеген кезеңінде ол Орталық Азия елдеріне техникалық көмек көрсету жобаларын жүзеге асырумен айналысты, бұл жобалар пенитенциарлық реформаны, құқық қорғау органдарын реформалауды, криминалистикалық қызметтердің сапасын арттыруды, адам саудасына және заңсыз миграцияға қарсы күресте қылмыстық әділет шараларын күшейтуді көздеді. 2007 жылдан 2010 жылға дейін Мадина Сариева БҰҰ-ның Есірткі және қылмыс жөніндегі басқармасында есірткі заңсыз айналымы, ақша жуу және сыбайлас жемқорлықпен күрес мәселелері бойынша маман болып жұмыс істеді. Мадина Сариева құқық және мемлекеттік басқару саласының магистрі.
bogner

Матильда Богнер

БҰҰ АҚЖКБ
БҰҰ Адам құқықтары жөніндегі Жоғарғы Комиссары Басқармасының Орталық Азия бойынша аймақтық өкілі
 
 
 
Матильда Богнер ханым БҰҰ жүйесінде 2006 жылдан бері жұмыс істейді. Орталық Азияға келгенге дейін Богнер ханым 4 жыл бойы БҰҰ-ның Украинадағы адам құқықтарын бақылау миссиясын басқарды. Бұл оның БҰҰ Адам құқықтары жөніндегі Жоғарғы Комиссары Басқармасының Орталық Азиядағы аймақтық кеңсесінің басшысы қызметіне екінші рет тағайындалуы. Бұған дейін ол Тынық мұхит аймағындағы және Оңтүстік-Шығыс Азиядағы АҚЖК аймақтық кеңселерін басқарды. Ол сондай-ақ БҰҰ Ливиядағы Қолдау Миссиясының (UNSMIL) Адам құқықтары, өтпелі әділеттілік және заң үстемдігі бөлімін басқарды және жақында БҰҰ-ның Беларусьтегі адам құқықтары жөніндегі аға кеңесшісі болды. БҰҰ-ға дейін Богнер ханым Еуропа және Орталық Азия аймағындағы адам құқықтары саласында тоғыз жыл жұмыс істеген және орыс тілін жетік меңгерген. Ол заң саласы бойынша білім алған және Австралияда қылмыстық қорғаушы болып қызмет атқарған.
Nikita Shabayev

Никита Шабаев

БҰҰЕ
БҰҰ Волонтерлер Бағдарламасының Қазақстандағы Елдік үйлестірушісі
Никита Шабаевтың мемлекеттік сектор, ұкіметтік емес ұйымдар және БҰҰ-мен даму саласында 15 жылдан астам тәжірибесі бар. Ол 2015 жылдан бастап БҰҰ-ның әр түрлі жобаларында жұмыс істеп келеді: БҰҰ ЭКСПО-2017, БҰҰДБ жобасы бойынша жастардың дамуы, БҰҰДБ-ның әлеуметтік қамту жобасы, БҰҰДБ-ның Қазақстандағы мемлекеттік қызметті оңтайландыру жобасы. БҰҰ Волонтері ретінде Қазақстан оңтүстігінде корпоративті волонтерлікті дамытуға үлесін қосты.
Nikolay Pomoshchnikov

Николай Помощников

ЭСКАТО
Солтүстік және Орталық Азияға арналған АТМЭӘК Субөңірлік кеңсесінің басшысы
 
Помощников мырзаның екіжақты және көпжақты дипломатия саласындағы тәжірибесі мол. 2011 жылы, АТМЭӘК-ке қосылар алдында, ол Ресей Федерациясының АТМЭӘК жанындағы тұрақты өкілінің орынбасары болған. Оның Төтенше және Өкілетті Уәкіл (екінші сыныпты) дипломатиялық дәрежесі бар. Саяси ғылымдарының кандидаты атанған.
Dr Rashed Mustafa Sarwar

Рашед Мұстафа Сарвар

ЮНИСЕФ
БҰҰ Балалар қорының (ЮНИСЕФ) Қазақстандағы Өкілі
 
 
 
Доктор Рашед Мұстафа Сарвар Орталық Азия мен Кавказ, Еуропа мен Оңтүстік- шығыс Азиядағы саяси ауысу жағдайындағы, дамушы, кіріс дəрежесі орта жəне жоғары, сол секілді төтенше гуманитарлық жəне дағдарыс жағдайларындағы мемлекеттерде ЮНИСЕФ жəне БҰҰ өкілдіктерінде 25 жылдан астам алуан түрлі дəрежелерде қызмет атқарып келеді. Қазақстандағы тағайындалуына дейін доктор Рашид Польша мемлекетінде босқындарға көмек көрсету қызметін басқарды. Екі жылдық қызметі барысында ол Польшадағы миллиондаған украиндық босқын балалар мен əйелдерге арналған құны 250 миллион АҚШ долларынан асатын бағдарламаны басқарып, ЮНИСЕФ қызметінің тиімділігін қамтамасыз етті. 2020 жылдан 2022 жылға дейін Малайзияда ЮНИСЕФ өкілі жəне Бруней- Даруссаламда Арнайы өкіл қызметін, 2015 – 2020 жылдары Беларусь Республикасындағы ЮНИСЕФ өкілі қызметін, 2009 – 2015 жылдары Азербайджандағы ЮНИСЕФ өкілінің орынбасары қызметтерін атқарды.
Бұған дейін 2006-2009 жылдар аралығында доктор Рашед Сарвар Ресей Федерациясының Солтүстік Кавказ өңірінде, 5 Солтүстік Кавказ республикалары: Дағыстан, Шешен Республикасы, Солтүстік Осетия, Ингушетия жəне Кабардин – Балқар мемлекеттерінде ЮНИСЕФ өкілдігінің жетекшісі қызметін атқарды. 1995 жылдан 2006 жылға дейін Сарвар Шығыс Тимор мен Абхазиядағы (Грузия) БҰҰ Жоғары комиссиясының кеңсесінде, Тəжікстандағы БҰҰ Дүниежүзілік азық-түлік бағдарламасы ұйымында, сол секілді Оңтүстік – Шығыс Азиядағы (Шығыс Тимор мен Мьянма) ЮНИСЕФ ұйымының кеңсесінде денсаулық сақтау жəне тамақтану, ерте жастағы балаларды дамыту жəне иммундау бойынша кең көлемді бағдарламалар аясында қызметтер атқарды. Доктор Сарвар – Бангладеш Халық Республикасының азаматы. Жоғары медициналық білімі бар. Бангла, ағылшын, орыс тілдерін еркін меңгерген.
serhan

Серхан Ақтопрақ

КЖХҰ
Қырғызстан, Тәжікстан, Түрікменстан және Өзбекстан бойынша үйлестіру функциялары бар Қазақстандағы ХКҚҰ миссиясының басшысы
 
 
 
Серхан Ақтопрақ мырза 2024 жылдың қазанында Халықаралық көші-қон ұйымы, БҰҰ Көші-қон агенттігінің (ХКҚҰ) Қазақстандағы Миссиясының басшысы, Орталық Азия бойынша үйлестіруші болып тағайындалды. Ақтопрақ мырза көші-қонды басқару саласында 18 жылдан астам тәжірибесі бар. Осы тағайындауға дейін Ақтопрақ мырза Папуа-Жаңа Гвинеядағы (2021-2024 жж.) миссиясының басшысы болды, онда ол елдегі гуманитарлық үйлестіру механизмін қайта құрылымдау мен реформалауды сәтті басқарды. 2018-2021 жылдары Ақтопрақ мырза Женевадағы ХКҚҰ штаб-пәтерінде Жеке сектордағы серіктестік бөлімінің басшысы, Әзербайжандағы ХКҚҰ Миссияның басшысы (2015-2018), жоба менеджері (2011-2015), жоба офицері (2009-2011) және заң қызметкері болды (2007-2008). Ақтопрақ мырза Еуропалық зерттеулер бойынша магистр, Еуропалық Одақтың иммиграциялық заңының маманы. Ақтопрақ мырза ХКҚҰ-ның бірнеше басылымдарының авторы. Ағылшын, орыс, әзірбайжан, араб және түрік тілдерін жетік меңгерген.
skender syla

Скендер Сыла

ДДСҰ
ДДСҰ өкілі - Қазақстандағы ДДСҰ Елдік кеңсесінің басшысы
 
Доктор Скендер Сыла ДДСҰ-да 20 жылдан астам жұмыс істейді. Қазақстанға тағайындалғанға дейін доктор Сыла ДДСҰ-ның Болгариядағы өкілі (2017-2022 жж.), ДДСҰ-ның Приштина кеңсесінің басшысы (2009-2016 жж.), ал 2000-2005 жж. аймақтарда жанжалдан кейінгі қалпына келтіру және ел деңгейінде денсаулық сақтау жүйесін дамыту кезеңдерінде мамандар санатының Ұлттық қызметкері ретінде әртүрлі лауазымдарды атқарды, кейін Копенгагендегі ДДСҰ-ның Еуропалық өңірлік бюросында жұмыс істеді.
ДДСҰ-ға келгенге дейін «Mother Teresa (Тереза ана)» гуманитарлық ұйымында (1996-1998) және Халықаралық медициналық корпуста (1998-2000), Батыс Балқандағы гуманитарлық дағдарыстардан зардап шеккен адамдарды қолдайтын түрлі гуманитарлық бағдарламаларда дәрігер ретінде жұмыс істеді.
Приштина университетінің медицина факультетін бітірген, Копенгаген университетінің халықаралық денсаулық сақтау магистрі дәрежесіне ие.
Talgat Umirzhanov

Талғат Өміржанов

ХЕҰ
ХЕҰ Ұлттық үйлестірушісі
 
ХЕҰ-да 1997 жылдан бері қызмет етіп келеді. 1989-1993 жж - Ұлттық пікір мен нарықты зерттеу ұлттық орталығы директорының орынбасары. 1985-1989 жж. - Қазақстан теледидар және радио хабарлары жөніндегі мемлекеттік комитеті әлеуметтану қызметінің аға редакторы. ХЕҰ-ның Қазақстандағы ұлттық үйлестірушісі лайықты жұмыс күн тәртібін ілгерілетеді және Қазақстан Республикасы үшін лайықты еңбек бағдарламасын іске асыруға жауап береді, ХЕҰ конвенцияларын ратификациялауға техникалық көмек ұйымдастырады, сонымен қатар ХЕҰ мен елдің арасындағы ынтымақтастықты қолдау мен дамытуды қамтамасыз етеді. ХЕҰ-ның елдегі мақсатты қызметін тұжырымдау үшін әлеуметтік-экономикалық дамудың басымдықтарын анықтау да оның басымдығы болып табылады. БҰҰ елдік тобының мүшесі болып табылады және елдегі басқа да халықаралық ұйымдармен тығыз байланыста.