Тұрақты даму мақсаттары бойынша жұмысымыз Қазақстан

БҰҰ Қазақстан тұрақты даму мақсаттарын қалай қолдайды?

2015 жылы қыркүйекте 193 елдің көшбасшылары, соның ішінде Президент Н. Назарбаев, Нью-Йорктегі БҰҰ штаб-пәтерінде Біріккен Ұлттар Ұйымының 2015 жылдан кейінгі кезеңге арналған жаңа жаһандық даму күн тәртібін қабылдау үшін бас қосты. Осы құжат аясында 2016–2030 жылдарға арналған 17 Мақсат пен 169 міндеттен тұратын жаһандық Тұрақты даму мақсаттары (ТДМ) бекітілді. ТДМ-ның мақсаты — мемлекеттердің тығыз әріптестігі негізінде шектен тыс кедейлікті жою, баршаға теңдік пен мүмкіндіктерді ілгерілету және планетаны қорғау. Қазақстандағы БҰҰ Елдік тобы ТДМ ұлттық мәнмәтінге бейімдеу, сондай-ақ Қазақстанда ТДМ күн тәртібін ілгерілету және іске асыру мақсатында мемлекеттік органдар, азаматтық қоғам және жеке сектормен тығыз ынтымақтастықта жұмыс істейді. 2016 жылы қарашада Қазақстанда БҰҰ сарапшыларының MAPS (Mainstreaming, Acceleration and Policy Support — интеграциялау, жеделдету және саясаттық қолдау) миссиясы өтті. Бұл өңірдегі осындай алғашқы миссия болды. Оның нәтижелерінің бірі ретінде Қазақстан Сенаты ТДМ жөніндегі парламенттік мәлімдемені қабылдады. 2018 жылғы тамызда Қазақстан Премьер-Министрі БҰҰ ұсынымдарына сүйене отырып, ұлттық жетекшілік пен ұлттық иелікке негізделген ТДМ-ды үйлестірудің ұлттық тетігін құру туралы қаулы қабылдады. Бұл тетік Премьер-Министрдің орынбасары төрағалық ететін ТДМ жөніндегі Үйлестіру кеңесін қамтиды. Үйлестіру кеңесінің жанынан ТДМ-ның бес бағыты бойынша — Адамдар, Планета, Өркендеу, Бейбітшілік және Әріптестік — тиісті мемлекеттік министрлер төрағалық ететін бес сектораралық жұмыс тобы құрылды.

Тұрақты даму мақсаттары Қазақстан

Қазақстандағы БҰҰ жүйесі елдің ЭЫДҰ стандарттарына қол жеткізу арқылы әлемнің ең дамыған 30 елінің қатарына қосылу ұмтылысын нық қолдайды. Біз 2030 жылға дейінгі Тұрақты даму жөніндегі жаһандық күн тәртібі мен оның 17 Тұрақты даму мақсаты Қазақстанға «Қазақстан-2050» стратегиясында және кейінгі реформалар күн тәртібінде айқындалған даму мұраттарына тиімді қол жеткізуге көмектесетін маңызды құрал екеніне сенімдіміз.