БҰҰ-Қазақстан: ынтымақтастық, серіктестік және сенімге 25 жыл
Қазақстанның өңірдегі және әлемдегі рөлінің өзгеруіне байланысты бастапқыда техникалық көмек көрсетуге маманданған Қазақстандағы БҰҰ жүйесінің жұмысы даму проблемаларының ұзақ мерзімді шешімдерін әзірлеу және іске асыру үшін жергілікті қатысушылардың әлеуетін арттыру үшін халықаралық тәжірибені тарту алаңына айналды.
Соңғы 25 жыл ішінде БҰҰ агенттіктері макроэкономикалық реформаларға, әлеуметтік мәселелерге, гендерлік теңдікке, денсаулық сақтау мен қоршаған ортаны басқаруға қатысты көптеген стратегияларды, бағдарламалар мен заңнаманы дайындау және іске асыру бойынша үкіметтің күш-жігерін қолдап келеді.
25 жыл ішінде Қазақстанмен қарым-қатынасымыз мүлдем басқа деңгейге көтерілді.
Енді бізде БҰҰ-ның Астана және Алматы қалаларында орналасқан, түрлі салаларда мол тәжірибесі бар тұрақты 20 агенттігі бар. Біз бұдан былай шетелдік көмек көрсетпейміз - керісінше, біз елдің әр бұрышындағы әйел мен ер, әр қыз және ұл үшін қазіргіден де гүлденген қоғам құру үшін даму саласындағы қалған кейбір мәселелерді шешу жолында бірлесіп жұмыс істеу үшін Қазақстанның серіктесіне айналдық. Қазақстанның даму саласындағы тәжірибесі БҰҰ-ның басқа елдермен тәжірибе алмасуына көбірек ықпал етер шабыт көзіне айналды.