БҰҰ Қазақстан: жылдық есеп 2022
Жылдық есепте Біріккен Ұлттар Ұйымының (БҰҰ) көптеген серіктестерімен бірге БҰҰ-ның 2021-2025 жж. Арналған тұрақты даму ынтымақтастығы шеңберінде жүзеге асырылатын 2030 жылға дейінгі тұрақты даму күн тәртібінде белгіленген ұлттық басымдықтар мен мақсаттарға қол жеткізуде Қазақстанға қолдау көрсетуде 2024 жылы қол жеткізген жетістіктері жинақталған. Сонымен қатар құжатта негізгі даму үрдістерін, туындайтын қиындықтарды және олардың ұлттық тұрақты даму басымдықтары үшін салдарын қарастырады және 2025 жылға арналған басымдықтарымыз бен жоспарымызға шолу жасайды.
Қазақстан мен БҰҰ арасындағы серіктестік одан әрі нығайып, елдің көпжақты ынтымақтастық пен тұрақты дамуға бейілділігін тағы бір мәрте дәлелдеді. 2024 жылы БҰҰ денсаулық сақтау, білім беру және әлеуметтік қорғау салаларындағы баршаға қолжетімді әлеуметтік қызметтерді дамытуға бағытталған саясат пен әлеуетті жетілдіруге назар аударды. Сонымен қатар экономиканы әртараптандыру мен экологиялық тұрақтылықты нығайтуға қолдау көрсетті. Адам құқықтарын жүзеге асыру мен мүмкіндіктерді кеңейту мақсатында БҰҰ Үкімет, азаматтық қоғам, халықаралық әріптестер, жеке сектор және басқа да мүдделі тараптармен тығыз ынтымақтастықта жұмыс атқарды.