БҰҰ Қазақстан: жылдық есеп 2021
Бұл есеп күнтізбелік 2021 жылға – көп жағынан өте күрделі болған жылға арналған. COVID-19 пандемиясы өмір мен мемлекеттік басқарудың барлық жақтарына әсер етті, ол кезде мектептер бірнеше ай бойы жабық болды, қажеттілігіне қарай әлеуметтік шектеулер енгізіліп, экономика аздап қалпына келудің белгілерін көрсетті. Соған қарамастан, Қазақстан эпидемиологиялық жағдайды басқарудың инновациялық шешімдерін таба отырып, өзінің даму бағдарламасын ілгерілетуді жалғастырды.
Қазақстандағы БҰҰ Елдік тобы әлеуметтік ұйымшылдықты нығайту, инклюзивтілікті арттыру және нормативтік күн тәртібін ілгерілету мақсатында, сондай-ақ елдің даму саласындағы өзінің өршіл мақсаттарына қол жеткізуге ұмтылатынын ескере отырып, Қазақстанмен ынтымақтастықты ұстанады. БҰҰ Елдік тобы адам құқықтары мен инклюзивті ұлттық диалогқа, гендерлік теңдікке және барлық адамдардың (ешкімді назардан тыс қалдырмауға баса назар аудара отырып) құқықтары мен мүмкіндіктерін кеңейтуге негізделген экономикалық, әлеуметтік және саяси жаңғырту арқылы дені сау және білімді халықты, жасыл экономиканы және тұрақты ауыл шаруашылығын, өркендеген бизнесті және баршаға арналған кепілдік берілген адам құқықтарын қамтамасыз ету жөніндегі бағдарламалық міндеттемелер шеңберінде елді қолдауды жалғастыратын болады.