БҰҰ Қазақстан: жылдық есеп 2022
Жылдық есепте Біріккен Ұлттар Ұйымының (БҰҰ) көптеген серіктестерімен бірге БҰҰ-ның 2021-2025 жж. Арналған тұрақты даму ынтымақтастығы шеңберінде жүзеге асырылатын 2030 жылға дейінгі тұрақты даму күн тәртібінде белгіленген ұлттық басымдықтар мен мақсаттарға қол жеткізуде Қазақстанға қолдау көрсетуде 2022 жылы қол жеткізген жетістіктері жинақталған. Сонымен қатар құжатта негізгі даму үрдістерін, туындайтын қиындықтарды және олардың ұлттық тұрақты даму басымдықтары үшін салдарын қарастырады және 2023 жылға арналған басымдықтарымыз бен жоспарымызға шолу жасайды.
Негіздемелік бағдарламаны жүзеге асырудың екінші жылы барысында БҰҰ бірлескен ақпараттық-насихаттауды тереңдете түсті, ұлттық басымдықтарға сәйкестікті арттырды, адам құқықтарына негізделген көзқарас пен дәлелді саясат бойынша кеңесті нығайтты. Біз Әлеуметтік кодексті, Жастар саясатының 2023-2027 жж. арналған тұжырымдамасын және «Адам саудасына қарсы күрес туралы» заңды әзірлеу сияқты маңызды саяси өзгерістерді қолдадық. Біріккен Ұлттар Ұйымы сондай-ақ тұрақты даму мақсаттары және өңірлік ынтымақтастыққа арналған бірқатар платформаларға қатысты, мысалы, Алматыдағы Тұрақты даму Саммиті, Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының 7-ші съезі, сондай-ақ, БҰҰ Бас хатшысы орынбасарының және БҰҰ Бас Ассамблеясы Төрағасының Қазақстанға сапарын ұйымдастырды.