НҰР-СҰЛТАН - Байқау климаттың өзгеруі мәселесі туралы хабардарлықты арттыру, сондай-ақ қоғамдық күн тәртібінің тақырыбына айналдыру, адамдарды шешімдер табуға шабыттандыруға бағытталған.
2021-2030 жж БҰҰ Экожүйені қалпына келтіру онжылдығы 2030 жылға дейінгі барлық 17 Тұрақты даму мақсаттарына, соның ішінде кедейлікті, аштықты жоюды жүзеге асыруға үлес қосады және дүниежүзіндегі жүздеген мың экожүйелерді қалпына келтіру бастамаларына, саяси қолдау мен мемлекеттік және жеке меншіктегі саяси әлеуетке инвестиция салуға ұмтылады.
Адамзаттың қазіргі кездегі экстремалды климаттық жағдайы нақты әрі жедел әрекеттерді талап етеді. Атап айтқанда, Париж келісіміне сәйкес жаһандық температураның 1,5 градусқа дейін төмендеуін жеделдету қажет. Елдер, компаниялар немесе азаматтардың климаттың өзгеруіне қарсы күрес күштері біздің планетамызға ғана емес, адамдардың денсаулығы мен әл-ауқатына да пайдасын тигізуі мүмкін.
Байқауға қатысу үшін журналистер мен блогерлер Қазақстандағы баспа және электронды БАҚ көздерінде жарияланған Қазақстандағы климаттың өзгеруінен туындайтын қауіп туралы хабардарлықты арттыратын және мүмкін шешімдер ұсынатын көлемі 800 сөзге дейін мақаланы ұсынады.
Қазақстандағы БҰҰ Тұрақты үйлестірушісі Микаэла Фриберг-Стори: «Ғылым бізге келесі 10 жыл - бұл климаттық апаттың алдын-алу, ластану ағынын қайтару және түрлердің жойылуын тоқтату үшін соңғы мүмкіндігіміз деп айтады. Осы байқау арқылы біз адамдарды экожүйелерді қалпына келтіру және экологиялық хабардарлықты арттыру бойынша жаңа, стандарттан тыс шешімдер іздеуге ынталандырғымыз келеді», - деп атап өтті.
Бірінші, екінші және үшінші орын иегерлеріне сәйкесінше бағасы 2500, 1300 және 800 АҚШ доллар көлеміндегі құнды сыйлықтар беріледі. Бірінші орын иегері, егер COVID-19 пандемиясы физикалық қатысуға мүмкіндік берсе, 2021 жылдың қарашасында Глазгода өтетін COP 26 Тараптар конференциясына қатысуға мүмкіндік алады. Сондай-ақ, байқаудың қорытындысы бойынша ең үздік 10 мақала авторлары Қазақстандағы БҰҰ атынан сертификаттарға ие болады.
«БҰҰ Даму бағдарламасы көптеген жылдар бойы биоалуандылықты сақтау мәселелерінде Қазақстан Үкіметінің негізгі серіктесі болып табылады. 2004 жылдан бастап БҰҰДБ Дүниежүзілік экологиялық қордың қаржылық қолдауымен Қазақстан Үкіметімен серіктестікте биоалуандылықты сақтау саласында 10 ауқымды бастаманы жүзеге асырды. Қазақстанның ғаламдық маңызы бар экожүйелерін сақтау жөніндегі іс-шараларға қосқан үлесі 29 млн астам АҚШ долларын құрайды», - деді Қазақстандағы БҰҰ Даму бағдарламасының Тұрақты өкілі Якуп Бериш.
Пандемияға байланысты шығарындылардың уақытша төмендеуіне қарамастан, осы ғасырда Жер жаһандық жылыну деңгейі кем дегенде 3 °C-қа жақындады, өсімдіктер мен жануарлардың 8 миллион түрінің 1 миллионнан астамы толығымен жойылып кету қаупі төніп отыр және ластану салдарынан болған аурулар жыл сайын 9 миллионға жуық адамның мезгілсіз қайтыс болуына әкелуде.
«БҰҰ-ның экожүйені қалпына келтіру онжылдығы адамдар қауымдастық ретінде, ұлт ретінде және жаһандық қозғалыс ретінде бірігетін болса, табысты болады. Өзгерістерге саяси серпін беретін саясаткерлерден, ғылыми шешімдерді жасаушы ғалымдардан, жасыл өндірісті дамытушы бизнес қауымдастықтан, жастар мен азаматтық қоғамнан бастап әрқайсымыздың рөлі маңызды. Табиғатқа қатысты ой-таным мен оны бағалауды өзгерту үшін олардың дауысы барынша анық естілуі керек», - деді Орталық Азия бойынша ЮНЕП өңірлік бюросының жетекшісі Айдай Құрманова.
2021 жыл климат пен биоалуандылық конвенцияларының алдағы кездесулеріне байланысты өте маңызды, онда үкіметтер осы онжылдықта парниктік газдар шығарындыларын екі есеге жуық төмендету, биоалуандылықты сақтау және қалпына келтіру арқылы планетаны қорғау үшін қарқынды мақсаттарды қоюы тиіс.
Байқаудың толық шарттарымен мына сілтеме бойынша танысуға болады:
https://kazakhstan.un.org/en/130264-bak-baykauy-kazakstan-klimaty-ushin…
Орталық коммуникациялар қызметіндегі баспасөз брифингтің толық бейнежазбасы:
https://t.co/G4wDLjvpe9?amp=1
PDF немесе Word форматындағы мақала мен ұсыным формасы contest@changepr.kz мекен-жайына жіберілуі керек.
Ұсынымдар 2021 жылдың 5 маусымынан бастап (Дүниежүзілік қоршаған ортаны қорғау күні) 2021 жылдың 31 шілде күні түнгі 24:00 дейін қабылданады. Анықтама үшін байланыс телефоны: +7 727 272 05 09, моб: +7 707 638 97 74.
Қосымша ақпарат бойынша: Қазақстандағы БҰҰ баспасөз хатшысы Эльнара Байназарова, +7 701 9400086, e-mail: elnara.bainazarova@un.org.