БАҚ байқауы: Қазақстан климаты үшін өзгерістер

Қазақстандағы БҰҰ Қазақстандағы журналистерді қоршаған ортаны жақсарту үшін өз шеберліктерін көрсетуге және 2500 АҚШ долларына дейінгі бағалы сыйлықтарға ие болуға, сондай-ақ Глазго қаласында өтетін COP26 Климат бойынша тараптар конференциясына жолдама ұтып алуға шақырады.

Байқау Дүниежүзілік қоршаған ортаны қорғау күнінде (5 маусым) басталады және жеңімпаздар Халықаралық ашық аспан үшін таза ауа күні (7 қыркүйек) анықталады.

Климаттың өзгеруі Қазақстанға қалай әсер етеді және бұл біздің денсаулығымызға, экономикамызға, азық-түлікпен қамтамасыз етуге және біз өмір сүретін бүкіл табиғатқа нені білдіреді? Қазақстанда климаттың өзгеруіне бейімделу немесе оның салдарын азайту үшін қандай мүмкіндіктер бар?

Біздің мақсатымыз - климаттың өзгеруі мәселесі туралы хабардарлықты арттырып, аталған тақырыпты қоғам күн тәртібінің басты сауалына айналдыру, адамдарды шешім табуға шабыттандыру және ынталандыру.

Адамзаттың қазіргі кездегі экстремалды климаттық жағдайы тиісті және жедел әрекеттерді талап етеді. Климаттың өзгеруі мәселесі қазіргі уақытта БҰҰ Бас хатшысы Антониу Гутерриш қазіргі заманның ең үлкен проблемасы деп атаған ең кең таралған және қауіпті дағдарыстардың бірі болып табылады. Климаттың өзгеруі біздің өмір сүруімізге қауіп төндіреді, сондықтан біз назарға тез арада басымдық беріп, әрекет етуіміз керек. Атап айтқанда, Париж келісіміне сәйкес жаһандық температураның 1,5 градусқа дейінгі деңгейін төмендету қажет. Елдердің, компаниялардың немесе азаматтардың климаттың өзгеруіне қарсы күрес күштері біздің планетамызға ғана емес, адамдардың денсаулығы мен әл-ауқатына да пайдасын тигізуі мүмкін. COVID-19 пандемиясынан кейін жаңа, қалпына келген әлемді құру үшін климаттық әрекет аса маңызды.

 

Байқау ережелері:

  1. Байқауға қатысу үшін журналистер мен блогерлер Қазақстандағы баспа және электронды БАҚ көздерінде жарияланған Қазақстандағы климаттың өзгеруінен туындайтын қауіп туралы хабардарлықты арттыратын және мүмкін шешімдер ұсынатын көлемі 800 сөзге дейін мақаланы ұсынады.
  1. Мақала баспа және/немесе онлайн-бұқаралық ақпарат құралдарында, ақпараттық бюллетеньде, веб-сайтта немесе блогта жарияланған нақты материал болуы керек. Мақала қазақ, орыс немесе ағылшын тілдерінде жазылуы мүмкін.
  1. Ұсынымға мақаладан басқа, автордың аты, азаматтығы, Қазақстандағы тұрғылықты мекенжайы, лауазымы, бұқаралық ақпарат құралдарының немесе блогтың атауы, жарияланған мақалаға сілтемелер және оған мақаланы жазуға түрткі болған себептің қысқаша сипаттамасы (100 сөзден аспайтын) бар Word немесе PDF форматындағы ұсыным формасы қоса жіберілуі тиіс (қосымшаны қараңыз). Құжатта сонымен бірге мақала жасауда автормен ынтымақтастықта болған адамдардың (фотограф, соавтор, зерттеуші және т.б.) аты-жөні көрсетілуі керек. Егер аталған мақала таңдалса, онда сыйлықты тек басты автор алады және жүлдені команда мүшелері арасында өзі бөледі.
  2. PDF немесе Word форматындағы мақала мен ұсыным формасы contest@changepr.kz мекен-жайына жіберілуі керек. Ұсынымдар 2021 жылдың 5 маусымынан бастап (Дүниежүзілік қоршаған ортаны қорғау күні) 2021 жылдың 31 шілде күні түнгі 24:00 дейін қабылданады. Анықтама үшін байланыс телефоны: +7 727 272 05 09, моб: +7 707 638 97 74.
  1. Байқауға келесі талаптарға сәйкес келетін қатысушылар шақырылады:
  • Қазақстан Республикасының азаматтығы
  • 18 жасқа толған
  1. БҰҰ қызметкерлері мен серіктестерінен тұратын қазылар алқасы мақалаларды келесі критерийлер бойынша бағалайды:
  • Мақала креативтілігі мен ерекшелігі;
  • Мақаланы дайындау үшін жүргізілген зерттеу деңгейі;
  • Мақаланың мемлекеттік қызметкерлерді, кәсіпкерлерді, азаматтық қоғам өкілдерін, жеке адамдарды климаттың өзгеруіне қарсы күресу үшін белгілі бір шаралар қабылдауға шабыттандыруы немесе ынталандыруы үшін әсер ету мүмкін дәрежесі.
  1. Бірінші, екінші және үшінші орындардың жеңімпаздары сәйкесінше бағасы 2500, 1300 және 800 АҚШ доллары көлемінде құнды сыйлықтарға ие болады. Бірінші орын иегері COVID-19 індеті шектеулері физикалық қатысуға мүмкіндік берген жағдайда, 2021 жылдың қарашасында Глазго қаласында өтетін COP 26 Тараптар конференциясына қатысуға мүмкіндік алады. Сондай-ақ, байқаудың қорытындысы бойынша ең үздік 10 мақала авторлары Қазақстандағы БҰҰ атынан сертификаттарға ие болады.
  1. Конкурсқа тек жеке тұлғалар ғана қатыса алады. Қатысушылар олардың атынан ұсынылған жұмыстардың авторлары және авторлық құқық иелері болуы керек. Материал басқа автордың шығармасының аудармасы немесе бейімделуі емес, түпнұсқа шығарма болуы керек. Әр үміткер қалағанынша байқауға бірнеше мақала тапсыра алады.
  1. Авторларға өз мақалаларына фотосуреттер қоса беру ұсынылады және олар фотосуреттерді пайдалану құқығын қамтамасыз етуі керек. Мақала авторлары сыйлықтың бір бөлігін мақаланы дайындауға қатысқан басқа әріптестерімен бөлісу туралы шешім қабылдауы мүмкін (зерттеу, фотосуреттер және т.б.). Мақаланы дайындауда қанша адам қатысқанына қарамастан БҰҰ мақала үшін бір ғана құнды сыйлық ұсынады.
  1. Барлық ұсынылған мақалалардың авторлары өз туындыларына құқықты сақтайды. Авторлар мақалаларын жібере отырып, БҰҰ-ға оларды әрқашан авторлары мен бұқаралық ақпарат құралдарын көрсете отырып, оларды коммерциялық емес мақсаттарда пайдалану құқығын береді. БҰҰ материалдарды кез-келген коммерциялық пайдалануы үшін автор мен бұқаралық ақпарат құралдарының келісімін сұрайды.
  1. Байқауға басқа елдерде тұратын авторлар қатыса алады, бірақ сыйлықтар мен аталған сертификаттарға ие бола алмайды. БҰҰ қызметкерлері, консультанттар мен тағылымдамашылар конкурсқа қатыса алады, бірақ жүлделерге ие бола алмайды. Сыйлық алуға құқығы жоқ, бірақ мақаласын қазылар алқасы үздік қатарында таңдаған қатысушыға да Қазақстандағы БҰҰ атынан сертификат беріледі.
  1. Ұсыным тапсыру арқылы қатысушы өзінің ұсынылған материалға барлық қажетті құқықтарының бар екендігіне және аталған материалға қатысты өзінің іс-әрекетімен үшінші тарап құқықтарын бұзбайтынына кепілдік береді. Жұмыстарда жарнамалық материалдар болмауы керек. Жіберілген материалдарға рецензия жасалмайды және қайтарылмайды.
  1. Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынған элементтері бар, балағат сөздер, қорлау сипатындағы мәлімдемелер мен әрекеттер, адамның қадір-қасиетін қорлайтын, саяси, діни, этникалық араздықты қоздыратын және т.б. жұмыстарға қатысуға жол берілмейді.
  1. БҰҰ-ның Қазақстандағы тұрақты үйлестірушісі кеңсесі, Біріккен Ұлттар Ұйымының қоршаған ортаны қорғау бағдарламасы (ЮНЕП), БҰҰ Даму бағдарламасы (БҰҰДБ) бірлесіп жеңімпаздарды Қазақстандағы БҰҰ және БҰҰДБ веб-сайтында және әлеуметтік желілердегі парақшаларында Халықаралық ашық аспан үшін таза ауа күнінен (7 қыркүйек) бастап жариялайды.

 

Media Contacts
Author
Elnara Bainazarova
RCO
Development Coordination Officer, Communications and Advocacy
Elnara co-chairs the UN Communications Group; plans and facilitates strategy, advocacy and programme communications in support of the UNSDCF; coordinates the communication and advocacy activities on the UNCT; supports the RC and the UNCT on public messaging and media outreach; supports publication and branding management; leads and supports the UNCT digital communication and key communication products development; liaises with local media environment and conducts networking and partnership relations with key national media outlets.
Elnara Bainazarova
UN entities involved in this initiative
RCO
United Nations Resident Coordinator Office
UNDP
United Nations Development Programme
UNEP
United Nations Environment Programme