БҰҰ тұрмыстық және гендерлік зорлық-зомбылық туралы қазақстандық докудрама тұсаукесерін өткізді
18 сәуір 2023
"Жалғыз емессің"
"БҰҰ-әйелдер" құрылымы және Орталық Азия мен Ауғанстан елдері үшін "Жарық сәулесі" бастамасының Аймақтык бағдарламасы Еуропалық Одақ пен ҚР Үкіметінің қолдауымен түсірілген "Жалғыз емессің" қазақстандық сериалды жариялауға ізет етеді.
«Біз тұрмыстық және гендерлік зорлық-зомбылықпен тек күш бірігіп күресе аламыз. Зардап шеккендер жалғыз емес екенін, көмек бар екенін және үндемей жүру дұрыс емес екенін білуі керек. Кинематография -хабардарлықты арттырудың, күресті таратудың және барлығына біз, әлем ретінде, гендерлік зорлық-зомбылықты тоқтату үшін қолдан келгеннің бәрін жасайтынымызды білдірудің ең жақсы тәсілдерінің бірі. Еуропалық Одақ бұл жобаны қолдайтынын мақтан тұтады және өз жұмысын осы бағытта жалғастырады», - деді Кестутис Янкаускас, Қазақстандағы Еуропалық одақтың Елшісі.
"Жалғыз емecсің" тұрмыстық және гендерлік зорлық-зомбылық мәселесі, сондай-ақ қоғамдағы кемсітушілік гендерлік стереотиптер туралы баяндайды. Әр кейіпкердің өз өмірлік хиқаясы бар, бірақ барлығы бір кезде қиын жағдайға тап болған. Әр серияда сенім телефондарының байланыстары, инфографика, әлемдегі және Қазақстандағы зорлық-зомбылық проблемасы туралы зерттеу нәтижелерінің деректері көрсетілген.
«Зорлық-зомбылықтың жынысы мен жас ерекшілігі жоқ. Түсірілім тобы жақындарыңыз немесе өзіңіз кенеттен зорлық-зомбылыққа тап болған жағдайда не істеу керектігін айқын көрсеткен. Барлық серіктестерге алғысым шексіз, солардың арқасында "Жалғыз емессің" экранға сәтті шығуда. Сериалдың қазақ тілінде түсірілгені және кең аудиторияға қолжетімді болып отырғаны өте маңызды», - деді Мария Доценко, Қазақстандағы «БҰҰ-әйелдер» құрылымның Өкілі.
Продюсер Сандуғаш Рахимжанова мен қоюшы режиссерлер Дәулет Ислямов пен Ерлан Кусаиновтың жетекшілігімен қазақстандық түсіруші тобы сериалда жұмыс жасаған. Көркем сахналарда қазақстандық театрлардың актерлері мен Қазақ ұлттық өнер университетінің түлектері рөлдерді сомдады.
«Өкінішке орай, соңғы уақытта біз қазақстандық отбасыларда болып жатқан зорлық-зомбылықтың өрескел жағдайлары туралы баспасөзден жиі хабардар болып отырмыз. Бұл жобада біз зорлық - зомбылық норма емес екенін, бұл туралы үндемеуге болмайтынын және бұл тақырып қоғам үшін маңызды және қажет екенін көрсеткіміз келді», - атап өтті сериалдың Атқарушы продюсері Сандуғаш Рахимжанова.
Сериал деректі драма форматында түсірілген. Жанры бойынша, актерлермен қатар, фильмге күн сайын өз жұмысында, қоғамдық және қайырымдылық қызметі барысында қиын жағдайдаға тап болған адамдарға көмектесетін қазақстандық сарапшылар қатысады.
"Жалғыз емессің" қазақстандық Aitu Super App қосымшасында, сондай-ақ теледидарда көрсетілетін болады. Сериалдың премьералық көрсетілімдері осы күндері Алматы мен Астанада өтеді.
Осы бастамаға қатысушы БҰҰ агенттіктері
БҰҰ Әйелдер
Гендерлік теңдік және әйелдер құқықтары мен мүмкіндіктерін кеңейту мәселелері бойынша Біріккен Ұлттар Ұйымы агенттігі