Қазақстан Республикасындағы БҰҰ Тұрақты үйлестірушісі Микаэла Фриберг-Стори Президент Қасым-Жомарт Тоқаевқа сенім грамоталарын тапсырды
НҰР-СҰЛТАН – Бүгін Микаела Фриберг-Стори ханым Жоғары Мәртебелі Президент Қасым-Жомарт Тоқаевқа сенім грамоталарын табыс етті.
Микаэла Фриберг-Стори ханым Қазақстан Республикасындағы Біріккен Ұлттар Ұйымының Тұрақты үйлестірушісі қызметіне ресми кірісті.
Сенім грамоталарын тапсыру ресми рәсімі мен Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевпен кездесуден кейін Микаела Фриберг-Стори ханым БАҚ өкілдеріне келесі сөз жолдады: "Қазақстандағы БҰҰ жүйесінің Тұрақты үйлестірушісі ретінде лауазымға кірісу мен үшін үлкен мәртебе. Мен аталған тағайындалуды БҰҰ мен Қазақстан арасындағы табысты ынтымақтастықты одан әрі нығайту мүмкіндігі, әрі БҰҰ Тұрақты даму саласындағы ынтымақтастықтың жаңа негіздемелік бағдарламасын іске асыруға ат салысу қадамы ретінде қарастырамын".
Негіздемелік бағдарламаның басымдықтары мемлекеттік органдар, азаматтық қоғам және ғылым өкілдерімен өткізілген көпжақты талқылаулар барысында анықталды. 2030 жылға дейінгі күн тәртібіне барлық Қазақстан халқы, соның ішінде әйелдер, жастар, ерекше қажеттіліктері бар адамдар қатысуы керек деген «ешкімді артта қалдырмау» идеясымен жасалды.
Барлық әлемдегі сияқты Қазақстандағы пандемиядан туындаған экономикалық құлдырау тұрақты даму мақсаттарына қол жеткізуге қауіп төндіріп, ынтымақтастық шеңберін іске асыруға әсер етуі мүмкін. Осы дамып келе жатқан қажеттіліктер Ұйымның Қазақстанмен біріккен әрекеті, БҰҰ-ның әлеуметтік-экономикалық ден қою мен қалпына келтіруді қолдау жөніндегі жоспары аясында қолжетімді болады. Бұл мақсат ынтымақтастықтың жаңа негіздемелік бағдарламасына толық сәйкес келеді.
Ынтымақтастық бағдарламасы үш тақырыптық бағытта – Адам дамуы және тең құқылы қатысу; Тиімді институттар, адам құқықтары және гендерлік теңдік; Инклюзивті экономикалық өсу және экологиялық тұрақтылық атты стратегиялық серіктестердің бірлескен әрекеттері тұрақты дамудың әлеуметтік, экономикалық және экологиялық аспектілеріне бағытталған алты бағытта жүзеге асырылады.
Біріккен Ұлттар Ұйымы дамудың болашақ жоспарлары мен Үкіметтің тұрақты дамуға деген қарқынды ұмтылысы туралы көзқарасты дамыту үшін Қазақстанға арналған қолдауын тереңдетуде. БҰҰ-ның Қазақстандағы жүйесі құндылықтарға, адам құқықтарына негізделген сенімді серіктес болып қала береді. Ұйым жұмысы мемлекет пен қоғамдағы серіктестерге басқарудың ең қажетті кеңестерін, техникалық көмек пен ғаламдық желілерге қол жеткізуге бағытталған.
Биографиялық ақпарат:
Микаэла Фриберг-Стори ханымның бейбітшілік, қауіпсіздік және даму саласындағы 20 жылдан астам тәжірибесі бар. Жақында ол Халықаралық Қызыл Крест және Қызыл Жарты Ай қозғалысы үшін гуманитарлық операциялар мен дипломатия саласындағы стратегиялық көшбасшылықты қамтамасыз етті. Сонымен қатар Швеция Үкіметіне қарасты Бейбітшілік, қауіпсіздік және даму агенттігінің қауіпсіздік секторын реформалау бөлімінің бастығы және Швеция Сыртқы істер министрлігі Қауіпсіздік саясаты департаментінде қызмет атқарған.
БҰҰ-ның Косоводағы уақытша әкімшілігі миссиясының құрамында Фриберг-Стори ханым Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымының (ЕҚЫҰ) сайлауды бақылау бойынша миссияларын басқарды, Еуропалық Одаққа интеграция кеңесінің директоры және БҰҰ-ның Косово бойынша Арнайы өкілі лауазымында қызмет етті.
Фриберг-Стори ханым Стокгольм Университетінің саяси ғылымдар бойынша бакалавр және Уппсала Университетінің гуманитарлық көмек бойынша магистр дәрежелеріне ие.
Қосымша ақпарат бойынша: Қазақстандағы БҰҰ баспасөз хатшысы Эльнара Байназарова, +7 701 9400086, e-mail: elnara.bainazarova@un.org.