Баспасөз мәлімдемесі

Елордалық Триатлон саябағында гендерлік зорлық-зомбылыққа қарсы күреске арналған мурал ашылды

25 қараша 2022

Қазақстанда бұған дейін жұбы болған әрбір 6-шы әйел физикалық және жыныстық зорлық-зомбылыққа ұшыраған. Жұбынан физикалық зорлық-зомбылық көрген әйелдердің жартысы зорлықтың тіпті ауыр түрлері жасалғанын айтты.

Caption: Фото: ЮНФПА Қазақстан

25 қараша әйелдерге қатысты зорлық-зомбылықты жоюдың халықаралық күні болып табылады, бұл сонымен қатар «Гендерлік зорлық-зомбылыққа қарсы 16 күндік белсенділік» акциясының басталуын білдіреді. 25 қараша мен 10 желтоқсан аралығында дүние жүзінде әйелдер мен қыздарға қатысты зорлық-зомбылықтың барлық түрін жоюға шақыратын түрлі науқандар өтуде.

Caption: Фото: ЮНФПА Қазақстан

Науқанның басталуына орай, 25 қарашада сағат 16:00-де елодалық Триатлон саябағында зорлық-зомбылықсыз әлемге деген үмітті білдіретін «Сyber Nomad» муралы ашылды.

«Сyber Nomad» эскизінің авторы, қазақстандық суретші Charli Sword-тың айтуынша, мұнда гендерлік және тұрмыстық зорлық-зомбылық мәселесі жәбірленушінің зорлық-зомбылыққа саналы түрде қарсы тұру ретінде ұсынылған: «Бұл осы концепцияға негізделген бірінші туындым. Осыны жасауға нақты осындай жағдайды басынан өткерген адам шабыттандырды. Бұл экспозицияда - өз бағасын білетін, еркін, белсенді әйелді бейнелейтін көшпелі әйелдің тарихи сипатының көрінісі бейнеленген»

Caption: Фото: ЮНФПА Қазақстан

Муралдың тұсаукесері ұйымдастырушылардың – БҰҰ-ның Халықты қоныстандыру қоры (ЮНФПА) мен Канаданың Қазақстандағы Елшілігінің қатысуымен өтті. Бұл науқанның мақсаты – гендерлік және тұрмыстық зорлық-зомбылық мәселесіне назар аудару: статистикаға сәйкес, өткен жылы Қазақстанда 157 884 қылмыс тіркелсе, оның 61 464-і тұрмыстық зорлық-зомбылыққа жатқызылған. Ішкі істер министрінің айтуынша, 2022 жылдың 9 айында 100 мыңнан астам тұрмыстық зорлық-зомбылық фактісі тіркелген, бірақ олардың 60% жәбірленушілер арыз жазудан бас тартқандықтан полиция тиісті шараларды қолдана алмаған.

kussainova

Жамиля Құсайынова

ЮНФПА
ЮНФПА Коммуникациялар бойынша маман

Осы бастамаға қатысушы БҰҰ агенттіктері

ЮНФПА
БҰҰ Халық қоныстану қоры

Біз осы бастама арқылы қолдайтын мақсаттар