Баспасөз мәлімдемесі

«Қазақстандағы ауыл шаруашылығының цифрлық технологиялары» конкурсы

12 шілде 2021

Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігімен бірлесіп, Біріккен Ұлттар Ұйымының Азық-түлік және ауылшаруашылық ұйымының аймақтық филиалы (бұдан әрі ФАО) «Қазақстандағы ауыл шаруашылығының цифрлық технологиялары» конкурсының жариялау туралы хабарлайды (бұдан әрі Конкурс). Бұл байқау ауыл шаруашылығына инновациялық технологияларды енгізудегі озық және табысты тәжірибені анықтап, көрсетеді.

Өтініш берудің соңғы мерзімі 2021 жылдың 31 шілдесіне дейін.

Іріктелген шаруа қожалықтарына цифрландыруға салынған инвестициялардың қайтарымын зерттеу және бағалау үшін техникалық-экономикалық мамандар (ФАО есебінен) бөлінеді. Толық ақпаратты ұсынған үміткерлерді Конкурс комиссиясы іріктеп, 2021 жылдың қарашасында өтетін «Қазақстандағы ауыл шаруашылығының цифрлық технологиялары» қорытынды онлайн-конференциясы кезінде өз тәжірибелерін ұсынуға мүмкіндік береді.

Конкурсқа қатысу үшін Қазақстанның ауылшаруашылық саласына, оның ішінде орман және балық шаруашылығымен айналысатын қалалық және ауылдық жерлердегі жеке тұлғалар мен ұйымдардан өтініштер қабылданады.

Конкурс талаптары:

  • Қарастырылып отырған үздік тәжірибелер 2018 және 2021 жылдар аралығында сәтті енгізілуі керек;
  • Өтінімде көрсетілген цифрлық шешімдер Қазақстанда дамуы немесе қолданылуы тиіс;
  • Өтінімде көрсетілген цифрлық шешімдер Қазақстанда жасалған (әлде шетелде жасалып, Қазақстанда пайдаланып жатқан болулары) керек;
  •  Озық тәжірибелер цифрлық технологиялардың кем дегенде бір түріне негізделуі тиіс, соның ішінде мобильді/ спутниктік технологиялар, бұлтты есептеу, машиналық оқыту, сенсорлық желі, заттар Интернеті және т.б.
  • Шешімдер ықтимал көбейту немесе масштабтау үшін ауылшаруашылық саласында жұмыс істейтін мүдделі тараптар үшін қол жетімді болуы керек.
  • *Конкурсқа қатысу үшін ақы алынбайды.

Өтініш беру үшін келесі сілтеме бойынша жобаңызды сипаттайтын форманы толтырыңыз https://forms.gle/mp94M5Sqj3X3YqPH8.

Қосымша ақпарат:

Егер сізде қосымша сұрақтар туындаса, бізбен келесі электрондық пошта мекенжайы: gulnaz.iskakova@fao.org арқылы байланыса аласыз.

 

 

«Қазақстандағы ауыл шаруашылығының цифрлық технологиялары» конкурсы

Elnara Bainazarova

Эльнара Байназарова

БҰҰ Тұрақты үйлестіруші кеңсесі
БҰҰ Тұрақты үйлестірушісі кеңсесінің Баспасөз және коммуникациялар бойынша кеңесшісі
Эльнара БҰҰ Байланыс тобының төрайымы; БҰҰ -ның Тұрақты даму үшін ынтымақтастық бағдарламасын қолдау стратегиясын, баспасөз және бағдарламалық коммуникацияларды жоспарлайды және ілгерілетеді; БҰҰ елдік тобының байланыс және ақпараттық қызметін үйлестіреді; бұқаралық ақпарат құралдарымен жұмыс жасауда БҰҰ елдік тобына қолдау көрсетеді; баспа мен брендингті басқаруды қолдайды; цифрлық байланыс пен БҰҰ -ның негізгі байланыс өнімдерін дамытуды басқарады және қолдайды; және негізгі ұлттық бұқаралық ақпарат құралдарымен серіктестікті дамытады.

Осы бастамаға қатысушы БҰҰ агенттіктері

ФАО
Біріккен Ұлттар Ұйымының Азық-түлік және ауыл шаруашылығы ұйымы

Біз осы бастама арқылы қолдайтын мақсаттар