«Қазақстандағы ауыл шаруашылығының цифрлық технологиялары» конкурсы
12 шілде 2021
Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігімен бірлесіп, Біріккен Ұлттар Ұйымының Азық-түлік және ауылшаруашылық ұйымының аймақтық филиалы (бұдан әрі ФАО) «Қазақстандағы ауыл шаруашылығының цифрлық технологиялары» конкурсының жариялау туралы хабарлайды (бұдан әрі Конкурс). Бұл байқау ауыл шаруашылығына инновациялық технологияларды енгізудегі озық және табысты тәжірибені анықтап, көрсетеді.
Өтініш берудің соңғы мерзімі 2021 жылдың 31 шілдесіне дейін.
Іріктелген шаруа қожалықтарына цифрландыруға салынған инвестициялардың қайтарымын зерттеу және бағалау үшін техникалық-экономикалық мамандар (ФАО есебінен) бөлінеді. Толық ақпаратты ұсынған үміткерлерді Конкурс комиссиясы іріктеп, 2021 жылдың қарашасында өтетін «Қазақстандағы ауыл шаруашылығының цифрлық технологиялары» қорытынды онлайн-конференциясы кезінде өз тәжірибелерін ұсынуға мүмкіндік береді.
Конкурсқа қатысу үшін Қазақстанның ауылшаруашылық саласына, оның ішінде орман және балық шаруашылығымен айналысатын қалалық және ауылдық жерлердегі жеке тұлғалар мен ұйымдардан өтініштер қабылданады.
Конкурс талаптары:
- Қарастырылып отырған үздік тәжірибелер 2018 және 2021 жылдар аралығында сәтті енгізілуі керек;
- Өтінімде көрсетілген цифрлық шешімдер Қазақстанда дамуы немесе қолданылуы тиіс;
- Өтінімде көрсетілген цифрлық шешімдер Қазақстанда жасалған (әлде шетелде жасалып, Қазақстанда пайдаланып жатқан болулары) керек;
- Озық тәжірибелер цифрлық технологиялардың кем дегенде бір түріне негізделуі тиіс, соның ішінде мобильді/ спутниктік технологиялар, бұлтты есептеу, машиналық оқыту, сенсорлық желі, заттар Интернеті және т.б.
- Шешімдер ықтимал көбейту немесе масштабтау үшін ауылшаруашылық саласында жұмыс істейтін мүдделі тараптар үшін қол жетімді болуы керек.
- *Конкурсқа қатысу үшін ақы алынбайды.
Өтініш беру үшін келесі сілтеме бойынша жобаңызды сипаттайтын форманы толтырыңыз https://forms.gle/mp94M5Sqj3X3YqPH8.
Қосымша ақпарат:
Егер сізде қосымша сұрақтар туындаса, бізбен келесі электрондық пошта мекенжайы: gulnaz.iskakova@fao.org арқылы байланыса аласыз.