Баспасөз мәлімдемесі

Қазақстан Президенті «Теңдік буыны» жаһандық форумында бейнеүндеу жариялады

02 шілде 2021

НҰР-СҰЛТАН – Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев «БҰҰ-әйелдер» құрылымының Франция және Мексика Үкіметтерімен бірлесіп ұйымдастырған «Теңдік буыны» жаһандық форумына қатысушыларға бейне-үндеу жасады.

Қасым-Жомарт Тоқаев гендерлік зорлық-зомбылықты тоқтатудың және әйелдер мен балаларға әлеуметтік және құқықтық қолдауды күшейтудің маңыздылығын атап өтті. Ол Қазақстанның өңірдегі гендерлік теңдікке қол жеткізуді жеделдетудегі рөлін атап өтті.

«Теңдік буыны» форумы - гендерлік теңдікке қол жеткізудегі үдерісті жеделдетуге арналған, гендерлік теңдікті қамтамасыз ету ісінде дамуға қол жеткізу үшін нақты, өршіл және қайта құрушы іс-қимылдар сериясын іске қосатын айтулы оқиға.

«БҰҰ-әйелдер» құрылымы және Мексика мен Франция үкіметтері ұйымдастырған, жастармен және азаматтық қоғаммен бірлесе отырып, Форум үкіметтерді, феминистік көшбасшыларды, жастарды және гендерлік теңдік, бағдарламалар мен саясат саласындағы инновациялық инвестицияларды жариялау үшін барлық секторлардың өзгерістерін жинады. Ол алты әрекет коалициясы аясында бес жылдық іс-қимыл жоспарының басталуын атап өтті. «Теңдік буыны» форумы іс-әрекеттер мен ресурстарды бейбітшілікті, қауіпсіздік пен гуманитарлық қызметті қолдауға бағыттау мақсатында әйелдер, бейбітшілік, қауіпсіздік және гуманитарлық қызмет туралы инновациялық Шартты іске асыруға кіріседі.

«Біз берік құқықтық база құрдық, оның маңызды элементі - 2030 жылға дейінгі отбасылық және гендерлік саясат тұжырымдамасы. Өткен айда мен адам құқықтары саласындағы одан арғы шаралар туралы Жарлыққа қол қойдым, оның негізгі бағыттарының бірі гендерлік теңдікті қамтамасыз ету болып табылады. Гендерлік мәселені шешу - өңірлік өлшемдегі еліміздің сыртқы саясаттағы басымдықтарының бірі», – деді мемлекет басшысы. 

Қазақстандықтар мен Қазақстандағы ұйымдар, соның ішінде FemAgora қоғамдық қоры, іс-қимыл Коалицияларына қосылып, форумға тіркелді. 

Әлия Әл-Ясир, Еуропа және Орталық Азия елдері үшін «БҰҰ-әйелдер» құрылымының өңірлік директоры: «Бұл - Қазақстан үшін жаһандық деңгейде гендерлік теңдікті ілгерілетудегі өз тәжірибесін көрсетуге, нақты міндеттемелер туралы жариялауға және жаңа әріптестік қатынастарды жолға қоюға тамаша мүмкіндік. Азаматтық қоғам белсенділеріне форум жұмысына қосқан үлестері үшін ерекше алғыс айтқым келеді. Біз бәріміз үшін тең болашақ құрып, әр әйел мен қыздың құқығын қорғауды қамтамасыз ете аламыз».

Форум бүкіл әлем COVID-19 пандемиясының салдарын жою бойынша шаралар қабылдаған кезде өтуде, бұл теңсіздіктің гендерлік және басқа түрлерін күшейтеді және барлық елдердегі әйелдер мен қыздарға пропорционалды емес күйде әсер етеді. COVID-19-ға дейін әлемдегі әрбір үшінші әйел зорлық-зомбылыққа ұшырады; пандемия кезінде кейбір елдерде сенім телефондарына қоңырау шалу саны бес есе өсті. Қазіргі прогресс қарқыны кезінде гендерлік теңдікке қол жеткізу үшін тағы 130 жыл қажет болады. Қазіргі контексте форум мен іс-қимыл Коалициялары осы пандемиямен күресу, қалпына келтіру процесін тездету және барлығына әділетті, инклюзивті және тең болашақты құру үшін маңызды және шұғыл қадам болып табылады.

«Франция бірқатар нақты, өршіл және ұзақ мерзімді міндеттемелерді бірге жариялау үшін үкіметтерді, халықаралық ұйымдарды, азаматтық қоғам өкілдерін, жастарды, жеке секторды және бүкіл әлемнің белсенділерін біріктірді. Бұл әрекеттер мен есеп берудің тұрақты қозғалысы гендерлік теңдік үшін маңызды және берік коалицияны қамтамасыз етеді. Форум болашақ ұрпақ үшін өмірлік маңызды өзгерістерге қол жеткізу үшін қажет», - деп атап өтті Францияның Қазақстандағы Елшісі Дидье Канесс. 

Қосымша ақпарат алу үшін: Куралова Балнура, «БҰҰ-Әйелдер» құрылымының қоғаммен байланыс жөніндегі үйлестірушісі, balnura.kuralova@unwomen.org , +7 701 910 08 08
 

Қазақстан Президенті «Теңдік буыны» жаһандық форумында бейнеүндеу жариялады

Elnara Bainazarova

Эльнара Байназарова

БҰҰ Тұрақты үйлестіруші кеңсесі
БҰҰ Тұрақты үйлестірушісі кеңсесінің Баспасөз және коммуникациялар бойынша кеңесшісі
Эльнара БҰҰ Байланыс тобының төрайымы; БҰҰ -ның Тұрақты даму үшін ынтымақтастық бағдарламасын қолдау стратегиясын, баспасөз және бағдарламалық коммуникацияларды жоспарлайды және ілгерілетеді; БҰҰ елдік тобының байланыс және ақпараттық қызметін үйлестіреді; бұқаралық ақпарат құралдарымен жұмыс жасауда БҰҰ елдік тобына қолдау көрсетеді; баспа мен брендингті басқаруды қолдайды; цифрлық байланыс пен БҰҰ -ның негізгі байланыс өнімдерін дамытуды басқарады және қолдайды; және негізгі ұлттық бұқаралық ақпарат құралдарымен серіктестікті дамытады.

Осы бастамаға қатысушы БҰҰ агенттіктері

БҰҰ Әйелдер
Гендерлік теңдік және әйелдер құқықтары мен мүмкіндіктерін кеңейту мәселелері бойынша Біріккен Ұлттар Ұйымы агенттігі

Біз осы бастама арқылы қолдайтын мақсаттар