Жасанды интеллекттің дамуы ең алдымен әйелдерге әсер етеді
Жасанды интеллектті (AI) бизнес пен қоғамда практикалық қолдану «TECHNOWOMEN CENTRAL ASIA: AI FUTURE» халықаралық форумында талқыланды.
Жасанды интеллекттің бизнес пен қоғамда практикалық қолданылуы Астанада мыңға жуық қатысушының басын қосқан «TECHNOWOMEN CENTRAL ASIA: AI FUTURE» халықаралық форумында Астана халықаралық қаржы орталығында талқыланды. Форум аясында AI қолдану бойынша шеберлік сабақтары өтіп, оған 300-ге жуық әйел қатысты.
Бұл IT-индустриясының, жоғары оқу орындарының, ҮЕҰ-ның халықаралық және қазақстандық сарапшыларын, заңгер ғалымдар мен мәдениет сарапшыларын біріктірген алғашқы кең ауқымды пікірталас. «TechnoWomen Central Asia: AI Future» халықаралық форумы Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссияның, Халықаралық электрбайланыс одағының, ҚР Цифрлық даму және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің, Астана IT университеті және «Astana Hub» халықаралық технологиялық паркі қолдауымен өтті.
Бейнебайланыс арқылы қатысушыларға Халықаралық электрбайланыс одағының (ХЭО) Бас хатшысы Дорин Богдан-Мартин сөз сөйледі. «Халықаралық электрбайланыс одағы өмірдің барлық салаларында AI қосымшаларын дамытуға жәрдемдесу, осы мысалдарды жаһандық ауқымда қолжетімді ету және қауымдастықтарды біріктіру үшін AI for Good бағдарламамыз арқылы AI-мен айналысатын барлық адамдар үшін платформа құруға ұмтылады. Инженерлік белсенділер, әзірлеушілерді қодап, және, тұтастай алғанда, Тұрақты даму мақсаттарына қол жеткізу үшін AI-ны тікелей бағыттайды», - деп атап өтті Наталья Мочу, ТМД аймағындағы ХЭО аймақтық директоры.
«2030 жылға қарай беделді әлемдік сарапшылардың пікірінше, IT кәдімгі әйелдер кәсібіне айналады. Сондықтан қазір еліміздің алдында әйелдердің цифрлық дағдыларын ілгерілету, әйелдердің электронды коммерциядағы кәсіпкерлігін қолдау және AI секторына тарту міндеті тұр», - деді шараға қатысушыларға жолдауында Аида Балаева, Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссияның төрайымы.
Форум аясында ҚР Президенті жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссияның қолдауымен жүзеге асырылып жатқан TechGirls бағдарламасы бойынша оқуын аяқтаған 12 қыздың үздік жобалары және халықаралық «Astana Hub» технологиялық паркі ашылды. Сондай-ақ Robotec орталығымен бірге робототехникадан қыздар арасында жарыс өтті. Байқауда жеңіске жеткен қыздар командасы UBES Инженерлік және бағдарламалау мектебінің оқу грантына иеленіп, бағалы сыйлықтармен марапатталды.
«2030 жылға қарай AI-ның әлемдік экономикаға қосқан үлесі 15,7 трлн долларды құрайды», - деді ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі Вице-министрі Асқар Жамбакин. «Қажетті технологиялық инфрақұрылым 90-нан астам дерекқорды біріктіретін AI ұлттық платформасын дамыту түрінде қалыптасуда. Назарбаев орталығының базасында AI саласындағы құзыреттілік орталығы құрылуда. Қазақ тілі моделінің толыққанды экожүйесін құру жұмыстары жүргізілуде», - деді Жамбакин.
«ҚР Президенті жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссия «Әйелдерді цифрландыру» күн тәртібін алға жылжытып, қыздар мен әйелдерді цифрлық экономикаға қосу үшін жағдай жасауда. Ұлттық комиссияның мұрындық болуымен сәтті «IT-Ayel» жобасы жүзеге асырылуда, оның аясында мыңнан астам әйел кодсыз, төмен кодты бағдарламалау бойынша оқытылды, веб-сайттар, мобильді қосымшалар жасауды үйренді және цифрлық білімдерін арттырды. Қазіргі уақытта 4000-нан астам қыз қатысатын TechGirls жобасы жүзеге асырылуда. Бұл жоба қыздарға цифрлық әлемде өз орнын табуға және IT саласында мансап жасауға мүмкіндік береді», - деп атап өтті «Technowomen» басқарма төрайымы Азиза Шөжеева.
Форум аясында «TechnoWomen Leaders 2023» байқауының қорытындысы шығарылды:
- «Цифрлық мүмкіндіктерді кеңейту волонтеры» номинациясының жеңімпаздары: Technovation Girls жобасының «Kinergy» қоғамдық қоры және ASMAR Ұлттық кәсіпкер әйелдер қауымдастығы өңірлердегі әйелдер кәсіпкерлігін дамытуға қосқан үлесі үшін;
- «Әйелдердің цифрлық білім берудегі үздігі» номинациясы бойынша жеңімпаздар: «IT Ayel» жобасы бойынша «Astana Hub» халықаралық технопаркі – әйелдерді кодсыз және төмен кодты бағдарламалау бойынша оқыту, 2000-нан астам әйел қатысушылар. Қырғызстаннан TechnoWomen KG жүзеге асырып жатқан «Акыл Айым» жобасы ауылдық жерлердегі 600-ден астам әйелді цифрлық дағдыларға үйретеді.
- «Цифрлық технологияның үздігі» номинациясында Сәбира Күлшімбаева әйелдерге цифрландыру арқылы босануға дайындалуға көмектесетін «Banana mama» жобасымен жеңіске жетті.
Өңірлердің су тасқынынан зардап шеккен тұрғындарын қолдау үшін Technowomen «Жалғыз емесcін» жобасын бастады, ол үш мәселені шешуге бағытталған – мектеп оқушыларының қашықтан оқытуды жалғастыруы үшін гаджеттерді (модем, планшет, ноутбук) жинау, онлайн психологиялық-медициналық көмекті, гигиеналық өнімдер мен нәресте формулаларын жинауды іске қосу.