БҰҰ мәлімдемесі: МООНСА қызметкерлерін уақытша Алматыға көшіру
20 тамыз 2021
АЛМАТЫ – Біріккен Ұлттар Ұйымы қызметкерлердің бір тобын уақытша Алматыға көшірді. Олар Ауғанстандағы БҰҰ отбасының жұмысына маңызды қолдау көрсетеді.
Жалпы саны 100-ге жуық адам болатын Біріккен Ұлттар Ұйымының Ауғанстанға жәрдемдесу бойынша миссиясы (МООНСА), сондай-ақ БҰҰ агенттіктері, қорлары мен бағдарламаларының халықаралық қызметкерлері Алматыда уақытша кеңсе құрады деп жоспарлануда. Бұл шара БҰҰ-ға Ауғанстан халқына барынша аз қауіп-қатермен өмірлік маңызды көмек көрсетуді жалғастыруға мүмкіндік береді, сонымен бірге БҰҰ қызметкерлеріне төнетін қауіпті азайтады. Жағдай бірқалыпты болғаннан кейін қызметкерлер Ауғанстанға оралады.
БҰҰ ауған халқына қиын уақытта қолдау көрсетуге міндеттеледі. Гуманитарлық қызметкерлердің көпшілігі миллиондаған мұқтаж жанға өмірлік маңызы бар көмек беру үшін Ауғанстанда қалады.
Алматы қаласындағы уақытша кеңсе Ауғанстандағы қауіпсіздік жағдайына байланысты Ауғанстанда және одан тыс жерлердегі БҰҰ қызметкерлерінің уақытша ротация орталығы ретінде бола алады.
Біріккен Ұлттар Ұйымы Қазақстан Үкіметіне МООНСА-ның қашықтағы кеңсесін орналастыруға берген келісімі үшін, сондай-ақ кеше Біріккен Ұлттар Ұйымының Ауғанстанға жәрдемдесу бойынша миссиясының алғашқы қызметкерлерін Алматыда қарсы алу кезіндегі тамаша ынтымақтастығы мен қолдауы үшін үлкен ризашылығын білдіреді.
Баспасөз конференцияның толық бейнежазбасы: