Тұрақты даму саласындағы қазақстандық бизнестің жетістіктері мен озық тәжірибесі марапатталды
28 наурыз 2024
Іс-шарада «Жусан Банк», Сәтбаев атындағы ҚазҰТЗУ, OnlineKazFinance, RSK Bank және т.б. компаниялар өзінің үздік тәжірибесімен бөлісті.
Бүгін Алматыдағы БҰҰ Плаза алаңында тұрақты бизнес тәжірибесін ілгерілетуге арналған инновациялық бастама болып табылатын БҰҰ Жаһандық шартының SDG Ambition бизнес-акселератор бағдарламасының марапаттау рәсімі өтті. Іс-шарада «Жусан Банк», Сәтбаев атындағы ҚазҰТЗУ, OnlineKazFinance, RSK Bank және т.б. компаниялар өзінің үздік тәжірибесімен бөлісті.
SDG Ambition бизнес-акселераторы – бұл 17 Тұрақты даму мақсатын бизнестің стратегиялық және операциялық аспектілеріне біріктіруді жеделдету үшін БҰҰ сарапшылары мен серіктестері әзірлеген алты айлық білім беру бастамасы. 2023 жылдың қазанынан 2024 жылдың наурызына дейін Орталық Азия елдері үшін арнайы тренинг ұйымдастырылып, оған Қазақстан, Өзбекстан және Қырғызстаннан 40 компания өкілдері қатысты.
БҰҰ-ның Қазақстандағы Тұрақты үйлестірушісі Микаэла Фриберг-Стори: «Ақпан айында бизнес және адам құқықтары акселераторының жақында іске қосылуы және алдағы мамырда климат мәселелері бойынша акселераторы жергілікті бизнес қоғамдастықтың бұл бастамаларға қызығушылық артып отырғанын анық көрсетеді. Ол өз кезегінде халықаралық күн тәртібіне сәйкестігінің көрсеткіші.Тұрақты даму мақсаттарына қол жеткізуде бизнес негізгі рөл атқарады», - деп атап өтті.
БҰҰ қайырымдылыққа негізделген серіктестіктен стратегиялық іскерлік қарым-қатынастарды құруға көшті. Акселератор бағдарламасы өсуді ынталандыру, жұмыс орындарын құру және әлеуметтік мәселелерді шешу үшін инновацияларды ілгерілетудің тиімді құралы екенін дәлелдеді. Ол сонымен қатар климаттың өзгеруіне қарсы күреске бизнесті белсенді тартуда маңызды рөл атқарады. Бүгінде Қазақстанның 62 компаниясы БҰҰ Жаһандық шартына мүше.
БҰҰ Жаһандық шарты – әлемдегі ең ірі корпоративтік тұрақтылық бастамасы. 2000 жылы негізі қаланған БҰҰ Жаһандық шарты компанияларды өз стратегиялары мен операцияларын адам құқықтары, еңбек, қоршаған орта және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі он әмбебап қағидатпен сәйкестендіруге және Тұрақты даму мақсаттарын алға жылжытуға шақырады. Бүгінде Жаһандық шарт дүние жүзінде 21 мыңнан астам кәсіпорындар мен ұйымдарды біріктіреді.
Жазылды
Эльнара Байназарова
БҰҰ Тұрақты үйлестіруші кеңсесі
БҰҰ Тұрақты үйлестірушісі кеңсесінің Баспасөз және коммуникациялар бойынша кеңесшісі