30 жылдық серіктестік: БҰҰ-ның Қазақстанда тұрақты дамуды ілгерілетудегі ролі
10 наурыз 2023
БҰҰ-ның Қазақстандағы қызметінің 30 жылдығы атап өтілді
Бүгін Астанада «Қазақстандағы Біріккен Ұлттар Ұйымына 30 жыл және БҰҰ-ның 2021-2025 жж. арналған Тұрақты даму ынтымақтастығы шеңберінің Басқарушы комитеті» тақырыбында БҰҰ Тұрақты үйлестірушісі кеңсесі және ҚР Сыртқы істер министрлігі ұйымдастыруымен арнайы іс-шара өтті.
ҚР Сыртқы істер министрінің бірінші орынбасары Қайрат Омаров, БҰҰ-ның Қазақстандағы Тұрақты үйлестірушісі Микаэла Фриберг-Стори, БҰҰ агенттіктерінің басшылары, дипломатиялық корпус, азаматтық қоғам және БАҚ өкілдері тұрақты дамуға қол жеткізудегі ынтымақтастықты нығайту жолдарын талқылап, пікір алмасты.
Қатысушылар БҰҰ 2021-2025 жж. арналған Тұрақты даму ынтымақтастығы негіздемелік шеңберін (ТДЫНШ) жүзеге асыру жолы, әрі озық тәжірибелерімен бөлісті. Тақырыптық топтардың төрағалары Қазақстанда БҰҰ Негіздемелік шеңберін жүзеге асыру басталғаннан бері қол жеткізілген негізгі нәтижелерді таныстырып, 2023 жылға арналған мақсаттарды белгіледі.
«Біз БҰҰ-ның Қазақстандағы 30 жылдығын атап өтуге қуаныштымыз. БҰҰ-ның Қазақстандағы жұмысы соңғы үш онжылдықта үлкен жолдан өтті және біз елдің дамуын қолдауда қол жеткізген жетістіктерімізді мақтан тұтамыз. Алдағы жылдарда біз басқару мен заң үстемдігін нығайту, тұрақты экономикалық өсуге жәрдемдесу, адам әлеуетін нығайту, гендерлік теңдік пен әйелдердің мүмкіндіктерін кеңейту және климаттың өзгеруі мәселелерін шешуді қоса алғанда, бірнеше негізгі бағыттарға назар аударамыз. Күшті біріктіріп, Қазақстан халқының жарқын болашағын құра аламыз деп сенеміз», - деді Микаэла Фриберг-Стори, БҰҰ-ның Қазақстандағы Тұрақты үйлестірушісі.
БҰҰ Негіздемелік шеңбері стратегиялық серіктестердің – БҰҰ елдік тобы, мемлекеттік органдар, азаматтық қоғам мен жеке сектор өкілдерінің негізгі ресурстарын біріктіру арқылы 2030 жылға дейінгі күн тәртібіне қол жеткізудің негізгі құралы болып табылады. Стратегиялық серіктестер үш тақырыптық бағыт – адам әлеуетін кеңейту, тиімді басқару, инклюзивті экономика және қорғалған планета атты тұрақты дамудың әлеуметтік, экономикалық және экологиялық өлшемдеріне назар аударатын алты нәтиже бойынша ынтымақтасады.
Соңғы 30 жылда БҰҰ Қазақстанда теңсіздікті азайту, институттарды жаңғырту, экономиканы әртараптандыру және халықтың ең осал топтары – балалар, әйелдер, қарттар, мигранттар мен босқындарды қолдау сияқты көптеген салаларда ұлттық, аймақтық және жергілікті деңгейде 400-ден астам жобаны жүзеге асырды.
Жазылды
Эльнара Байназарова
БҰҰ Тұрақты үйлестіруші кеңсесі
БҰҰ Тұрақты үйлестірушісі кеңсесінің Баспасөз және коммуникациялар бойынша кеңесшісі