Баспасөз мәлімдемесі

БҰҰ мәлімдемесі: МООНСА қызметкерлерін уақытша Алматыға көшіру

20 тамыз 2021

АЛМАТЫ – Біріккен Ұлттар Ұйымы қызметкерлердің бір тобын уақытша Алматыға көшірді. Олар Ауғанстандағы БҰҰ отбасының жұмысына маңызды қолдау көрсетеді.

Жалпы саны 100-ге жуық адам болатын Біріккен Ұлттар Ұйымының Ауғанстанға жәрдемдесу бойынша миссиясы (МООНСА), сондай-ақ БҰҰ агенттіктері, қорлары мен бағдарламаларының халықаралық қызметкерлері Алматыда уақытша кеңсе құрады деп жоспарлануда. Бұл шара БҰҰ-ға Ауғанстан халқына барынша аз қауіп-қатермен өмірлік маңызды көмек көрсетуді жалғастыруға мүмкіндік береді, сонымен бірге БҰҰ қызметкерлеріне төнетін қауіпті азайтады. Жағдай бірқалыпты болғаннан кейін қызметкерлер Ауғанстанға оралады.

БҰҰ ауған халқына қиын уақытта қолдау көрсетуге міндеттеледі. Гуманитарлық қызметкерлердің көпшілігі миллиондаған мұқтаж жанға өмірлік маңызы бар көмек беру үшін Ауғанстанда қалады.

Алматы қаласындағы уақытша кеңсе Ауғанстандағы қауіпсіздік жағдайына байланысты Ауғанстанда және одан тыс жерлердегі БҰҰ қызметкерлерінің уақытша ротация орталығы ретінде бола алады.

Біріккен Ұлттар Ұйымы Қазақстан Үкіметіне МООНСА-ның қашықтағы кеңсесін орналастыруға берген келісімі үшін, сондай-ақ кеше Біріккен Ұлттар Ұйымының Ауғанстанға жәрдемдесу бойынша миссиясының алғашқы қызметкерлерін Алматыда қарсы алу кезіндегі тамаша ынтымақтастығы мен қолдауы үшін үлкен ризашылығын білдіреді.

Баспасөз конференцияның толық бейнежазбасы:

https://www.youtube.com/watch?v=cSQpz9nLtx4

Elnara Bainazarova

Эльнара Байназарова

БҰҰ Тұрақты үйлестіруші кеңсесі
БҰҰ Тұрақты үйлестірушісі кеңсесінің Баспасөз және коммуникациялар бойынша кеңесшісі
Эльнара БҰҰ Байланыс тобының төрайымы; БҰҰ -ның Тұрақты даму үшін ынтымақтастық бағдарламасын қолдау стратегиясын, баспасөз және бағдарламалық коммуникацияларды жоспарлайды және ілгерілетеді; БҰҰ елдік тобының байланыс және ақпараттық қызметін үйлестіреді; бұқаралық ақпарат құралдарымен жұмыс жасауда БҰҰ елдік тобына қолдау көрсетеді; баспа мен брендингті басқаруды қолдайды; цифрлық байланыс пен БҰҰ -ның негізгі байланыс өнімдерін дамытуды басқарады және қолдайды; және негізгі ұлттық бұқаралық ақпарат құралдарымен серіктестікті дамытады.

Осы бастамаға қатысушы БҰҰ агенттіктері

БҰҰ Тұрақты үйлестіруші кеңсесі
Біріккен Ұлттар Ұйымының Тұрақты үйлестіруші кеңсесі
БҰҰ Ауғанстан бойынша қолдау миссиясы
Біріккен Ұлттар Ұйымының Ауғанстан бойынша қолдау миссиясы

Біз осы бастама арқылы қолдайтын мақсаттар