ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев бастамасымен ұйымдастырылған Өңірлік экологиялық саммит (RES 2026) 2026 жылғы 22–24 сәуірде Астана қаласында өтеді. Біріккен Ұлттар Ұйымы Саммиттің стратегиялық серіктесі болып табылады және ол Орталық Азиядағы экологиялық тұрақтылықты ілгерілету үшін үкіметтерді, халықаралық ұйымдарды және басқа да мүдделі тараптарды біріктіреді.
Саммит аясында БҰҰ-ның он сегіз агенттігі климаттық іс-қимыл, экологиялық тұрақтылық және тұрақты даму бағыттарын қамтитын 27 сессия мен 5 семинарды бірлесіп ұйымдастырады. Саммит ортақ экологиялық сын-қатерлерге үйлестірілген өңірлік шешімдерді ілгерілетуге арналған алаң болады. Негізгі нәтижелердің бірі Орталық Азия мемлекеттері басшыларының өңірлік экологиялық ынтымақтастық туралы Бірлескен декларацияны қабылдауы болады. Сонымен қатар БҰҰ-мен серіктестікте әзірленген 2026–2030 жылдарға арналған Іс-қимыл бағдарламасы ұсынылып, өңірдің орнықты әрі тұрақты болашағын қамтамасыз етуге бағытталады.