Рамазан — үміт пен бейбітшіліктің асқақ мұратын да бейнелейді.
Алайда адамзат отбасының тым көп мүшесі үшін бұл мұрат әлі де қолжетпес күйінде қалып отыр.
Ауғанстаннан Йеменге дейін, Газадан Суданға дейін және одан әрі көптеген өңірлерде адамдар қақтығыстардың, аштықтың, мәжбүрлі қоныс аударудың, кемсітушіліктің және өзге де ауыр сынақтардың қасіретін тартуда.
Осындай күрделі әрі алауыздық жайлаған кезеңде Рамазанның мәңгілік үндеуіне құлақ асайық.
Арадағы алшақтықтарды жоюға.
Қиналып отырған жандарға көмек пен үміт сыйлауға.
Әрбір адамның құқығы мен қадір-қасиетін қорғауға.
Жыл сайын мен мұсылман қауымына арнайы ынтымақ сапарын жасап, оразаға ортақтасамын.
Және жыл сайын Рамазанның бейбітшілік пен мейірімге толы рухынан жігер алып қайтамын.
Осы қасиетті ай баршамызды бірлесе әрекет етіп, барлық адам үшін бейбіт, жомарт әрі әділетті әлем құруға шабыттандырсын.
Рамазан мүбәрак.