БҰҰ мен Қазақстан даму мақсаттарына бірлесіп қол жеткізудің жол картасын белгіледі
08 қазан 2024
Strategic Prioritization Workshop
Бүгін БҰҰ-ның Қазақстандағы Елдік тобы Қазақстан Үкіметімен бірлесіп, БҰҰ-ның 2026-2030 жж. арналған тұрақты даму ынтымақтастығы бағдарламасынан күтілетін нәтижелерін талқылау үшін стратегиялық басымдықтарды анықтау бойынша семинар өткізді. Бұл іс-шара БҰҰ алдағы бес жылда Қазақстанның ұлттық дамуына қалай қолдау көрсететінін қалыптастырудағы маңызды қадам болды.
Ынтымақтастықтың негіздемелік бағдарламасы тұрақты даму мақсаттарына қол жеткізуге көмектесу үшін ресурстардың қалай бөлінетінін анықтайтын БҰҰ-ның Қазақстандағы барлық қызметі үшін орталық жетекші құжат – жол картасы болып табылады. Ол сондай-ақ БҰҰ, үкімет, азаматтық қоғам, жеке сектор және басқа да мүдделі тараптардың 2030 жылға дейінгі тұрақты даму күн тәртібіне қарай ілгерілеуді жеделдету үшін бірлескен күш-жігерін сипаттайды.
Семинарға мемлекеттік органдар, үкіметтік емес ұйымдар, академиялық және сараптамалық орталықтар, жеке сектордың өкілдерін қоса алғанда, түрлі салалардан 100 астам өкіл қатысты. Талқылаулар ағымдағы мүмкіндіктер мен кедергілер, талап етілетін іс-әрекеттер мен тұрақты дамуға қол жеткізудегі олқылықтарды қоса алғанда, негізгі басым бағыттарды анықтауға арналды. Тұрақты дамуға қол жеткізудегі ілгерілеуді жеделдету жолдарына және Қазақстанның ұлттық мақсаттарына қол жеткізуде БҰҰ барынша қолдау көрсете алатын салаларды анықтауға ерекше назар аударылды. Сондай-ақ аталған мақсаттарға қол жеткізу үшін қажетті қаржылық және қаржылық емес міндеттемелер талқыланды.
«Қазақстан Тұрақты даму индексі бойынша 166 елдің ішінде 66-шы орында. Үдемелі даму бар, бірақ әлі де атқаратын жұмыс көп. Ал бүгінгі талқылау БҰҰ-ның келесі мерзім үшін елге қолдауын қалыптастыруға көмектеседі. Бұл бастамаларымыз біз қызмет ететін адамдардың ұмтылыстарына лайық болуы үшін стратегиямызды ұлттық басымдықтармен сәйкестендірудің бірегей мүмкіндігі», - деді БҰҰ-ның Қазақстандағы Тұрақты үйлестірушісі м.а. Катаржина Вавьерниа.
Соңғы 30 жылда БҰҰ Қазақстанда теңсіздікті азайту, институттарды жаңғырту, экономиканы әртараптандыру және халықтың ең осал топтары – балалар, әйелдер, қарттар, мигранттар мен босқындарды қолдау сияқты көптеген салаларда ұлттық, аймақтық және жергілікті деңгейде 400-ден астам жобаны жүзеге асырды.
Жазылды
Эльнара Байназарова
БҰҰ Тұрақты үйлестіруші кеңсесі
БҰҰ Тұрақты үйлестірушісі кеңсесінің Баспасөз және коммуникациялар бойынша кеңесшісі