Ертеңгі күнді қалыптастыру: Астанада БҰҰ іс-шарасы Болашақ саммитінің негізгі бастамаларын ұсынды
10 қыркүйек 2024
Болашақ саммиті: жаһандық консенсус жолында
Бүгін Астанада «Болашақ саммиті: жаһандық консенсус жолында» жоғары деңгейдегі семинар алдағы 2024 жылғы 22-23 қыркүйекте Нью-Йорктегі БҰҰ штаб-пәтерінде өтетін Болашақ саммитіне дайындықтағы маңызды шаралардың бірі болды. Іс-шараны БҰҰ Тұрақты үйлестірушісі кеңсесі және Maqsut Narikbayev University бірлесіп ұйымдастырды.
Саммит қарсаңында 100-ден астам қатысушы, оның ішінде дипломатиялық корпус, ғылыми орта және БАҚ өкілдері, Болашақ саммиттің негізгі тақырыптарын, Қазақстанның көпжақты дипломатиядағы нығайып келе жатқан рөлін, сондай-ақ бейбітшілік, қауіпсіздік және тұрақты даму үшін жаңа жаһандық пакт қалыптастыруға бағытталған БҰҰ елдерінің негізгі үлесін талқылады. Іс-шарада Германия, Швеция және Нидерланды елдерінен өзара бірлескен үйлестіруінің нақты тақырыптары: Болашақ пактісі, Жаһандық цифрлық келісім және Болашақ ұрпақ декларациясы туралы баяндамалар ұсынылды.
Микаэла Фриберг-Стори, БҰҰ-ның Қазақстандағы Тұрақты үйлестірушісі: «Біздің өмір сүруіміз үшін жаһандық ынтымақтастық бұрынғыдан да маңызды, бірақ сенімсіздік пен ескірген жүйелер әлемінде оған қол жеткізу қиынға соғады. Болашақ саммиті – бұл біздің дұрыс жолға қайта оралу мүмкіндігіміз. Ол ортақ мақсаттарға жету және жаңа мәселелерді шешу үшін қалай бірлесіп жұмыс істей алатынымызға назар аударады. Бұл Саммит тиімді жаһандық басқару үшін қажетті сенімді қалпына келтіруге көмектеседі», - деп атап өтті.
Maqsut Narikbayev University студенті Әмина Бектаубаева «Жастар үні» ретінде жастарды шешім қабылдау үдерісіне тартудың маңыздылығы туралы сөз сөйледі. Болашақ саммиті жас ұрпақтың қажеттіліктерін көрсетуге ұмтылып, Саммитке дайындық барысында жастар пікірлерін ескеру үшін әртүрлі ортадан келген жастарды тарту жұмыстары жүргізілді. Биыл шілдеде Қазақстандағы БҰҰ жанындағы Жастар кеңесі құрылды.
Семинар талқылаулары Болашақ саммитіне дайындық барысын тікелей хабардар етеді. Әлемдік көшбасшылар осы айдың соңында Нью-Йоркте жиналатын кезде, Саммит пен Пакт жақсы әлемді құру үшін қуаты мен табандылығы ерекше маңызды мүдделі тараптардың атсалысуы арқылы мазмұнды болады.
Анықтама
Біріккен Ұлттар Ұйымының 75 жылдығына және мүше-мемлекеттерді келешек проблемаларды шешуге үндеуге байланысты БҰҰ Бас хатшысы Болашақ саммитін өткізуді ұсынды. 2024 жылдың қыркүйегінде Нью-Йоркте жоспарланған іс-шара тұрақты дамуды, халықаралық бейбітшілік пен қауіпсіздікті, ғылым мен технологияны, жастарды және жаһандық басқаруды қамтитын Болашақ пакт қабылдауымен тамамдалады. 2023 жылғы Тұрақты даму саммитінің нәтижелеріне сүйене отырып, Болашақ саммиті жаңа тәуекелдер мен мүмкіндіктерге жауап бере отырып, 2030 жылға дейінгі тұрақты даму күн тәртібін іске асыру бойынша күш-жігерді жеделдетуге бағытталады.
Жазылды
Эльнара Байназарова
БҰҰ Тұрақты үйлестіруші кеңсесі
БҰҰ Тұрақты үйлестірушісі кеңсесінің Баспасөз және коммуникациялар бойынша кеңесшісі