Өзгерістердің қозғаушы күші: БҰҰ мен қазақстандық бизнес тұрақты дамуды қамтамасыз ету үшін күш біріктіруде
28 қараша 2023
Қазақстандық бизнес тұрақты даму үшін
28 қараша күні Қазақстандағы БҰҰ Тұрақты үйлестірушісі кеңсесінің ұйымдастыруымен «Қазақстандық бизнес тұрақты даму үшін» атты арнайы пікірталас өтті. Басты мақсат – бизнес қауымдастығын Тұрақты даму мақсаттарымен (ТДМ) және оларға қол жеткізудегі Қазақстанның жетістіктерімен таныстыру, тұрақты дамуды қолдауда БҰҰ мен бизнес секторы арасындағы ынтымақтастықты кеңейту. Іс-шараға Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика Вице-министрі Абзал Әбдікәрімов пен Hepsiburada компаниялар тобының Бас директоры Эмин Имер, сондай-ақ қазақстандық мемлекеттік органдарының, бизнес қауымдастықтарының, БҰҰ серіктестері мен Жаһандық шарттың 60-тан астам өкілдері қатысты: «Самұрық-Қазына» АҚ, «Бәйтерек» АҚ, «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ, «Қазпочта» АҚ, «Қазақэкспорт», Халық банкі, ЦентрКредит Банк, Жусан Банк, Фридом Финанс және т.б.
Тұрақты дамуға қол жеткізуде бизнестің жеткіліксіз рөлі – адамзаттың 2030 жылға дейін қол жеткізуді жоспарлағаны мен қазіргі ахуалы арасындағы алшақтық әлі де айтарлықтай үлкен болуының себептерінің бірі. Қазірдің өзінде көптеген сарапшылар күш-жігерді жеделдетпесе, көптеген мақсаттарға қол жеткізілмейтінін айтады. Тұрақты даму мақсаттары индексі бойынша Қазақстан тұрақты дамуға қол жеткізу бойынша 166 елдің ішінде 66-шы орында.
Іс-шара барысында БҰҰ-ның Қазақстандағы Тұрақты үйлестірушісі Микаэла Фриберг-Стори: «БҰҰ-ның Қазақстандағы Жаһандық шарт бойынша ынтымақтастығымыз ерекше және бүгінгі кездесу осының тағы бір дәлелі болып табылады. Осында жиналған сан алуан жеке қайраткерлер мен ұйымдар тұрақтылық тек моральдік құндылық емес, стратегиялық артықшылық екенін түсінетіні біз үшін қуанышты. Заманауи әлемде тұрақты бизнес жүргізу таңдау мәселесі емес, – қажеттілік; тұрақтылыққа, бәсекеге қабілеттілікке және ұзақ мерзімді табысқа апаратын жол», деп атап өтті.
БҰҰ қайырымдылыққа негізделген серіктестіктен стратегиялық іскерлік қарым-қатынастарды құруға көшті. Бизнес экономикалық өсуді қамтамасыз етуде, жұмыс орындарын құруда, әлеуметтік мәселелерді шешу үшін инновацияларды енгізуде және климаттың өзгеруіне қарсы күреске белсенді қатысуда маңызды рөл атқарады. Бүгінде Қазақстанның 52 компаниясы БҰҰ Жаһандық шартына мүше.
Үкімет, бұқаралық ақпарат құралдары, азаматтық қоғам, жеке сектор, жастар және басқа да мүдделі тараптар тұрақты дамуды жүзеге асыруда басты рөл атқарады. Іс-шараға қатысушылар тұрақты даму мақсаттарының жаһандық әсерін және осы мақсаттарға қол жеткізу барлығы үшін неғұрлым әділ, тұрақты және гүлденген әлемге қалай әкелетінін атап өтті. Қатысушылар тұрақты дамуға қол жеткізуде жеке сектор маңызды рөл атқаратынын мойындады.
Жазылды
Эльнара Байназарова
БҰҰ Тұрақты үйлестіруші кеңсесі
БҰҰ Тұрақты үйлестірушісі кеңсесінің Баспасөз және коммуникациялар бойынша кеңесшісі