БҰҰ Тұрақты даму саммиті қарсаңында дипломатиялық корпусты жұмылдыруда
12 қыркүйек 2023
Астанада Тұрақты даму саммиті бойынша арнайы брифинг ұйымдастырылды.
2023 жылдың 18-19 қыркүйегінде Нью-Йоркте БҰҰ Бас Ассамблеясы шеңберінде өтетін 2023 Тұрақты даму мақсаттарының (ТДМ) маңызды саммиті қарсаңында БҰҰ-ның Қазақстандағы кеңсесі Қазақстанда тіркелген дипломатиялық корпустың 50 өкілінің қатысуымен жоғары деңгейдегі брифинг ұйымдастырды. ҚР Ұлттық экономика министрлігі мен Экономикалық зерттеулер институтымен бірлесіп өткізілген шара тұрақты дамуға қатысты маңызды мәселелерді талқылауға қатысушыларды біріктірді. Іс-шара жергілікті деңгейде батыл және трансформациялық әрекеттердің шұғыл қажеттігін көрсетті.
Біз 2030 жылға жақындаған сайын тұрақты даму мақсаттары тығырыққа тірелді. Соңғы есеп бойынша мақсаттардың 15% ғана орындалуда, ал 37% 2015 жылдың бастапқы деңгейінен де төмен регрессияны көрсетуде. Ағымдағы үрдістер сақталатын болса, 2030 жылы 575 миллион адам әлі де жаппай кедейшілікте өмір сүреді, ал гендерлік алшақтықты жою үшін шамамен 300 жыл қажет болады. Мысалы, Қазақстанда халықтың 10% ұлттық байлықтың 66% иеленсе, жердің 21,3% тозған, ал ерлер мен әйелдердің өмір сүру ұзақтығының айырмашылығы 8 жыл. Алайда Қазақстан Орталық Азиядағы ең урбанизацияланған мемлекет: халықтың 62%-ға жуығы қалаларда тұрады, ал 1993 жылдан бері ана өлімі 73%-ға төмендеді.
Алдағы ТДМ саммиті 2030 жылға дейінгі күн тәртібін және оның 17 ТДМ іске асыруда қол жеткізілген прогресті жан-жақты бағалау үшін мемлекет және үкімет басшыларын біріктіруге бағытталған. Әлемдік көшбасшылар ТДМ трансформациясы бойынша батыл жаһандық және ұлттық міндеттемелерді қабылдайды деп күтілуде. Саммиттің қорытындысы келісілген саяси декларация болмақ.
Қазақстандағы БҰҰ Тұрақты үйлестірушісі Микаэла Фриберг-Стори құрметті аудитория алдында сөйлеген сөзінде: «Тұрақты дамуға қол жеткізудегі ілгерілеушілік барлық жерде баяу жүріп жатыр және өзара бірлескен әрекет тапшылығынан ең осал топтар зардап шегетіні анық. Бірақ сәтсіздіктерге қарамастан, оң өзгеріс әлі де мүмкін. Саммитте саяси декларациядан бөлек, біз елдерді 2030 жылға дейінгі күн тәртібін іске асыруды жеделдететін әрекеттерге ерікті міндеттемелер қабылдауға шақырамыз. Көптеген басқа елдер сияқты Қазақстан да біз бетбұрыс кезеңінде тұр. Әлем елдеріне тұрақты даму мақсаттарын өздерінің даму жоспарлары, саясаты және стратегияларына одан әрі енгізуі керек. Осылайша біз тұрақты дамуға бірыңғай әрі тиімді тәсіл жасаймыз», деп түйіндеді.
Үкімет, бұқаралық ақпарат құралдары, азаматтық қоғам, жеке сектор, жастар және басқа да мүдделі тараптар ТДМ жүзеге асыруда басты рөл атқарады. Олардың қатысуы ТДМ Саммитінің сәтті өтуі және оның жалғасы үшін маңызды болады. Іс-шараға қатысушылар ТДМ жаһандық әсерін және осы мақсаттарға қол жеткізу барлығы үшін неғұрлым әділ, тұрақты және гүлденген әлемге қалай әкелетінін атап өтті.
Жазылды
Эльнара Байназарова
БҰҰ Тұрақты үйлестіруші кеңсесі
БҰҰ Тұрақты үйлестірушісі кеңсесінің Баспасөз және коммуникациялар бойынша кеңесшісі