Біздің ұжым Қазақстан

Michaela Friberg-Storey

Микаэла Фриберг-Стори

БҰҰ Тұрақты үйлестіруші кеңсесі
Қазақстандағы БҰҰ Тұрақты үйлестірушісі
Микаэла Фриберг-Стори ханым БҰҰ-ның Қазақстандағы Тұрақты үйлестірушісі қызметін 2020 жылдың қарашасынан бастап атқарады. Осыған дейін Фриберг-Стори ханым Швецияның Қызыл Кресті және Халықаралық Қызыл Крест және Қызыл Жарты Ай қоғамдары Федерациясы (IFRC) арқылы Халықаралық Қызыл Крест және Қызыл Жарты Ай қозғалысы үшін гуманитарлық операциялар мен дипломатия саласындағы стратегиялық көшбасшылықты қамтамасыз етті. Сонымен қатар Швеция Үкіметі жанындағы Бейбітшілік, қауіпсіздік және даму агенттігінің қауіпсіздік секторын реформалау бөлімінің бастығы және Швеция Сыртқы істер министрлігі Қауіпсіздік саясаты департаментінде қызмет атқарған. Халықаралық деңгейдегі мансабын «Шекарасыз дәрігерлер» ұйымынан бастады. Фриберг-Стори ханым Стокгольм Университетінің саяси ғылымдар бойынша бакалавр және Уппсала Университетінің гуманитарлық көмек бойынша магистр дәрежелеріне ие.
Aidai Kurmanova

Айдай Курманова

ЮНЕП
ЮНЕП Орталық Азия бойынша субаймақтық кеңсе басшысы
 
Айдай Курманова ханым өзінің қызметін Алматыдағы Орталық Азия бойынша кеңсесінің басшысы ретінде 2019 жылдың 2 ақпанында бастады. Оның тұрақты даму саласындағы 21 жылдық тәжірибесі бар. БҰҰ қоршаған орта жөнiндегi бағдарламасына келгенге дейін ол бес жыл бойы Қырғыз Республикасы Экономика Министрлігінің статс-хатшысы қызметін атқарды. Оның негізгі мамандандыру бағыттары тұрақты экономикалық даму саясатын жобалау және жүзеге асыру болып табылады. Ол жасыл экономика, электрондық үкімет, сондай-ақ шағын және орта бизнесті дамыту бойынша стратегиялық құжаттарды әзірледі. Ол тұрақты даму мақсаттарының Қырғыз Республикасында ұлттық деңгейде бейімделуіне жетекшілік етті. Экономикалық өсу мен бизнес жағдайларын жақсартуға бағытталған заң жобаларын ілгерілету бойынша Қырғыз Республикасының Парламентімен жұмыс істеген маңызды практикалық тәжірибесі бар. Жапониядағы Халықаралық университетінің экономикалық даму магистрі және Қырғыз Республикасы Президенті жанындағы Басқару академиясының мемлекеттік басқару магистрі дәрежелеріне ие.
piric

Амир Пирич

ЮНЕСКО
Алматыдағы ЮНЕСКО Аймақтық кеңсесінің Директоры (міндетін атқарушы) және ЮНЕСКО-ның Қазақстандағы, Қырғызстандағы, Тәжікстандағы және Түрікменстандағы өкілі
 
 
 
Доктор Амир Пирич ЮНЕСКО-да 2004 жылдан бері жұмыс істейді, бастапқыда ЮНЕСКО-ның ішкі қадағалау қызметінде (IOS) бағалау бөлімінің бастығы және жақында Германияның Гамбург қаласындағы ЮНЕСКО-ның өмір бойы оқыту институтында бағдарламалардың бас үйлестірушісі болды. Ол 2023 жылдың 1 сәуірінен бастап Алматыдағы ЮНЕСКО Аймақтық кеңсесінің Директоры (міндетін атқарушы) болып тағайындалды. ЮНЕСКО-ға келгенге дейін доктор Амир Пирич әртүрлі мекемелерде жұмыс істеді. 2004 жылы Ослода орналасқан Солтүстік инновациялық зерттеулер институтта және 1996-2004 жылдар аралығында Жаңа Зеландия Үкіметте жұмыс істеді. Ол мемлекеттік басқару саласындағы философия докторы, сонымен қатар Роскилле университетінде (Дания) еуропалық қоғам, ғылым және инженерия магистр дәрежесінің иесі.
Доктор Пиричтің қос азаматтығы бар (Жаңа Зеландия мен Сербия).



Ashita Mittal

Ашита Миттал

БҰҰЕҚЖБ
БҰҰ ЕҚБ аймақтық Өкілі
 
 
Ашита Миттал ханым 21 жылдан астам уақыт бойы Біріккен Ұлттар Ұйымының Есірткі және қылмыс жөніндегі басқармасымен (БҰҰ ЕҚБ) есірткі, трансұлттық ұйымдасқан қылмыс және терроризммен күрес саласында қызмет атқарып келеді. Өзбекстан, Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан және Түрікменстанды, сондай-ақ Оңтүстік Кавказдың үш мемлекеті - Армения, Грузия және Әзірбайжанды қамтитын Орталық Азиядағы БҰҰ ЕҚБ өңірлік бөлімшесінің өңірлік өкілі лауазымына келгенге дейін ол 2009-2014 жылдар аралығында БҰҰ ЕҚБ Ауғанстандағы (COAFG) елдік бөлімшесі өкілінің міндетін атқарушы және орынбасары лауазымын атқарды. Ол 1995-2009 жылдары Оңтүстік Азия аймақтық филиалында БҰҰ ЕҚБ өкілінің орынбасары болып жұмыс істеді. Бұған дейін ол Үндістандағы Дүниежүзілік азық-түлік бағдарламасында жұмыс істеп, азық-түлік қауіпсіздігі мәселелерімен айналысқан. Миттал ханым есірткіні бақылау мәселелері бойынша бірнеше мақала, баяндамалар мен зерттеулердің авторы және бірлескен авторы. Үндістандағы Дели Университетінде психология магистрі және әлеуметтік жұмыс магистрі дәрежесін алған Миттал ханым АҚШ-тағы Фулбрайт бағдарламасының стипендиаты (1989-90) болып табылады.
Vlastimil Samek

Властимил Самек

БҰҰ АО
БҰҰ Жаһандық коммуникациялар департаментінің Өкілі
 
Властимил Самек мырза БҰҰ жаһандық коммуникациялар департаментінің Өкілі және Қазақстандағы БҰҰ Ақпараттық орталығының басшысы болып табылады. Бұған дейін ол Біріккен Ұлттар Ұйымында Қоғамдық ақпарат департаментінің Өкілі; Индонезиядағы БҰҰ Ақпараттық орталығы директорының м.а. және Пәкістан Ислам Республикасындағы БҰҰ Ақпараттық орталығы директорының м. а. болып жұмыс істеді. Халықаралық істер, дипломатия, экономикалық дипломатия, коммуникациялар және қоғаммен байланыс саласында 30 жылдан астам тәжірибесі бар. Ол Біріккен Ұлттар Ұйымына өз елінде Сыртқы істер министрлігі және Өнеркәсіп және сауда министрлігінде түрлі басшылық лауазымдарда қызмет еткеннен кейін қосылды, БҰҰ дейінгі қызметінде Мьянма, Бангладеш және Моңғолиядағы дипломатиялық миссияларға ұзақ мерзімді тағайындаулары бар. Прагадағы (Чех Республикасы) Экономикалық Университеттің магистр дәрежесіне ие.
Gabriela Ionascu

Габриэла Ионашку

ЮНЭЙДС
ЮНЭЙДС Қазақстан бойынша Елдік директоры
Д-р Габриэла Ионаiку 2017 жылы Қазақстандағы ЮНЭЙДС-ке Cтратегиялық ақпарат бойынша кеңесші ретінде қосылды және 2022 жылдан бастап ЮНЭЙДС-тің Қазақстандағы директоры болып тағайындалды. Оның жақында Орталық Азия, Азия-Тынық мұхиты және Шығыс Еуропа аймақтарында ЮНЭЙДС-те 25 жылдық тәжірибесі бар. Габриэланың денсаулық сақтау саласындағы магистр дәрежесіне ие. Габриэланың АИТВ/ЖИТС саясатын әзірлеу, қаражат жинау, дерекқорды әзірлеу, эпидемиологиялық модельдеу, мониторинг және бағалау және бағдарламаларды басқару саласында 25 жылдан астам тәжірибесі бар. Габриела Молдова Республикасының азаматы, оның ана тілі румын тілі, ағылшын, орыс және француз тілдерін жетік меңгерген. 2020 жылы Габриэла «Қазақстанның денсаулық сақтау жүйесіне қосқан үлесі үшін» медалімен марапатталды.
Justin Allim Rashid

Джастин Рашид

БҰҰКҚД
БҰҰ Қорғау және қауіпсіздік департаментінің Қауіпсіздік бойынша кеңесшісі
 
Джастин Рашид мырза 2021 жылғы мамырдан бастап Біріккен Ұлттар Ұйымының Қазақстандағы қауіпсіздік мәселелері жөніндегі кеңесшісі қызметін атқарады. Джастин Біріккен Ұлттар Ұйымына 2015 жылы Йемендегі ЮНИСЕФ-тің қауіпсіздік жөніндегі кеңесшісі ретінде қосылып, сол жерде ол үш жыл жұмыс істеді. Нигериядағы әлемдік азық-түлік бағдарламасында үзілістен кейін 2019 жылы Иорданиядағы UNDSS-ке ауысты, онда ол қайтадан қауіпсіздік кеңесшісі болып жұмыс істеді және БҰҰ-ның COVID-19-ға байланысты әрекетіндегі басты тұлға болды. Біріккен Ұлттар Ұйымына келгенге дейін Джастин мырза Ұлыбританияда мемлекеттік қызметкер болған. Оның кейінгі халықаралық тәжірибесі Таяу Шығыста жеке қауіпсіздік саласында бірнеше жыл жұмыс істеуді қамтиды. Джастин мырза Ұлыбританиядағы Эксетер университетін психология бакалавры дәрежесімен бітірді, содан кейін Корнелл университеті мен Оңтүстік Калифорния университетінде халықаралық қатынастар бойынша магистр дәрежесін алды. Джастин - Ұлыбритания азаматы.
amrisheva

Дина Амришева

БҰҰ Әйелдер
Қазақстандағы "БҰҰ-әйелдер құрылымы" кеңсесінің басшысы міндетін уақытша атқарушы
 
 
 
Бұған дейін Дина Амришева ханым Астанадағы АҚШ Елшілігінде гранттар және бюджет бойынша аға үйлестірушісі және даму қаржы институты «Қазақстанның инвестициялық қоры» АҚ жобаның аға менеджері қызметтерін атқарған. Оның инвестиция, демократияны құру, даму бағдарламалары, стратегиялық серіктестік пен адами капиталды нығайту, инклюзивті өсуге жәрдемдесу, гендерлік теңдікке қол жеткізу және әйелдердің құқықтары мен мүмкіндіктерін кеңейту, басқару жүйелерін жетілдіруге бағытталған халықаралық және ұлттық бағдарламаларды жүзеге асыру мен басқаруда 19 жылдан астам үлкен кәсіби тәжірибесі бар. Амришева ханымның шетел тілдері, есеп және аудит мамандықтары бойынша дәрежелері бар. Ол сонымен қатар Корнелл және Гарвард университеттерінде мемлекеттік басқару және гуманитарлық бағдарламалардың мониторингі мен бағалауы мамандықтары бойынша оқыды.
Zeynal Hajiyev

Зейнал Гаджиев

КЖХҰ
ХКҚҰ Орталық Азия бойынша субаймақтық үйлестірушісі, ХКҚҰ-ның Қазақстан, Қырғызстан, Түрікменстан және Өзбекстан бойынша кеңсенің басшысы
Зейнал Гаджиев мырза Қазақстанда 2019 жылдан бастап ХКҚҰ-ның Орталық Азия бойынша субаймақтық үйлестіруші, және де ХКҚҰ-ның Қазақстан, Қырғызстан, Түрікменстан,Өзбекстан кеңсенің бысшысы болып тағайындалды. Зейнал Гаджиев мырза Ұлыбританиядағы Ноттингем Трент Университетінің мемлекеттік басқару мамандығы бойынша дипломына (1997) және Бауман аттындағы Мәскеу мемлекеттік техникалық университетінің инженері дипломына ие (1986). Оның академиялық білімі Беларуссия, Ирак, Косово сияқты елдердегі 25 жылдан астам тәжірибесімен үйлеседі. Гаджиев мырза Орталық Азия үкіметтері мен азаматтық қоғамды адам саудасының алдын-алуда және жоюда, сондай-ақ қауіпсіз көші-қонды қамтамасыз етуге көмек көрсетуге өз үлесін қосудағы қолдауын қуаттайды.
kasya

Катаржина Вавьерниа

БҰҰ ДБ
Қазақстандағы БҰҰДБ Тұрақты өкілі
Катаржина Вавьерниа, (азаматығы - Польша Республикасы), 2005 жылдан бері Біріккен Ұлттар Ұйымында жұмыс істейді. 2019 жылдың сәуірінен бастап Сан-Томе және Принсипидегі БҰҰ Даму бағдарламасының тұрақты өкілі қызметін атқарды. Бір жарым жыл бойы БҰҰ-ң Сан-Томе мен Принсипидегі уақытша Тұрақты үйлестіруші қызметін атқарды. Осы тағайындауға дейін К. Вавьерниа БҰҰДБ Малавидегі (2013-2018) Тұрақты өкілінің орынбасары болды. 2008 жылдан 2013 жылға дейін Гвинея-Бисаудағы БҰҰДБ Тұрақты өкілінің орынбасары қызметін атқарды. 2005 жылдан 2008 жылға дейін К. Вавьерниа БҰҰДБ Анголадағы кеңсесінде оқыту мен әлеуетті арттыруға және сатып алуларға жауапты болды.
Бұған дейін К. Вавьерниа бес жыл бойы Оңтүстік Африкада және Мозамбикте үкіметтік емес секторда микроқаржы жөніндегі кеңесші болып жұмыс істеді, онда босқындар үшін табыс әкелетін бағдарламаларды басқарды. Өз еңбек жолын Польшадағы корпоративтік секторда 1996 жылы бастады. К. Вавьернианың Варшава Экономика мектебінде (Польша) банк ісі және қаржы саласында магистр дәрежесі және Бирмингем университетінде (Ұлыбритания) халықаралық даму (мамандық: жанжал, қауіпсіздік және даму) бойынша жоғары білімнен кейінгі білім туралы дипломы бар.
К. Вавьерниа ағылшын, португал, француз, испан тілдерін және негізгі деңгейде орыс тілін біледі. Сондай-ақ К. Вавьерниа саяхаттауды және жаңа мәдениеттерді тануды жақсы көреді. Ол волонтерлік қағидаттарды ұстанады және адамдармен тұрған ортасында қарым-қатынас құруды ұнатады. Оның екі егіз қызы бар.

imnadze

Каха Имнадзе

РЦПДЦА
Бас хатшының Арнайы өкілі және БҰҰ Орталық Азиядағы превентивтік дипломатия жөніндегі аймақтық орталығының басшысы
 
 
 
Имнадзе мырзаның дипломатия, мемлекеттік қызмет және бизнесте 30 жылдан астам тәжірибесі бар. 1989 жылы Сыртқы істер министрлігі қызметіне кіріскен оның дипломатия, келіссөздер және делдалдық, сыртқы саясат, қорғаныс және қауіпсіздік, жанжалдарды шешу және саяси тәуекелдерді бағалау салаларында үлкен тәжірибесі бар. Имнадзе мырза Грузияның Канададағы елшісі және Халықаралық азаматтық авиация ұйымындағы Тұрақты өкілі қызметін атқарған. Бұған дейін 2013-2022 жж. аралығында Грузияның БҰҰ жанындағы Тұрақты өкілі қызметін атқарған. Имнадзе мырза жеке секторда 10 жыл жұмыс істеді, саяси тәуекелдерді бағалау және инвестициялаумен айналысты. Имнадзе мырза Тбилиси мемлекеттік университетін бітірген. Грузин, ағылшын және орыс тілдерінде сөйлейді.
Kairat Nazhmidenov

Қайрат Нәжімеденов

ФАО
ФАО Өкілі
 
Білімі: Халықаралық бизнес университеті (UIB), Қазақ ұлттық аграрлық университеті (ҚазҰАУ). Әртүрлі кезеңдерде Нәжімеденов мырза CARANA корпорациясында (1994-2001), Азия даму банкінде (2002) және Дүниежүзілік банкте (2003-2004) экономист, сондай-ақ ФАО экономика және инвестициялар жөніндегі халықаралық сарапшы (2004-2019), оның ішінде ФАО штаб-пәтерінде (Рим, Италия) және Еуропа мен Орталық Азияға арналған ФАО өңірлік бөлімшесінде (Будапешт, Венгрия) экономист болған. 2017 жылдан бастап ФАО-ның Қазақстандағы байланыс және серіктестік жөніндегі бюросын басқарады. Нәжімеденов мырзаның аграрлық азық-түлік секторы мен ауылдық аудандарды дамытуға, орман және балық шаруашылығын жақсарту мен қалпына келтіруге, жер және су ресурстарын тұрақты басқаруға, Шығыс Еуропада, Оңтүстік Кавказда, Орталық және Оңтүстік-Шығыс Азияда ресурс үнемдеуші және климаттық технологияларды енгізуге экономика мен инвестициялар саласында әлемнің 18 елінде көпжылдық халықаралық жұмыс тәжірибесі бар.
laetitia

Летисия Баззии-Вейл

ЮНИСЕФ
БҰҰ Балалар қорының (ЮНИСЕФ) Қазақстандағы Өкілінің міндетін атқарушы
 
 
 
Летисия Баззии-Вэйл 2022 жылдың 1 наурызынан бастап Біріккен Ұлттар Ұйымы Балалар қорының (ЮНИСЕФ) Қазақстан Республикасындағы Өкілінің орынбасары болып тағайындалды. Ол Париждегі Пантеон-Сорбонна университетінде саясат және халықаралық/еуропалық құқық магистрі дәрежесін алды. Оның балаларды қорғауға ерекше назар аудара отырып, халықаралық даму саласындағы ынтымақтастық саласында жиырма жылдан астам тәжірибесі бар. Летисия ЮНИСЕФ-те соңғы 12 жыл бойы Сенегал мен Кот-д'Ивуарда балаларды қорғау қызметінің басшысы ретінде жұмыс істеді. Ол өзінің командасымен әлеуметтік қорғау, әділет, қауіпсіздік, білім және денсаулық сақтау министрліктерімен тығыз ынтымақтастықта, жалпы секторлық тәсілдерді қолдана отырып, балаларды қорғау жүйесін нығайтуға үлес қосты. Оның дамыған және төтенше жағдайларда да бағдарламаларды басқару тәжірибесі бар.

ЮНИСЕФ-ке қызметкер ретінде келгенге дейін 2009 жылы Летисиа ЮНИСЕФ-тің Батыс және Орталық Африкадағы аймақтық кеңсесінде, ЮНИСЕФ-тің әртүрлі аймақтағы кеңселерімен, ХЕҰ (Халықаралық еңбек ұйымы), USAID, Дүниежүзілік банк, IDRC (Халықаралық дамуды зерттеу орталығы) және жеке сараптама орталықтарымен бірлесіп жұмыс істеді. Сондай-ақ балаларға қатысты зорлық-зомбылыққа қарсы, бала саудасы, балалар еңбегі, балалар соты, әл-ауқат және әлеуметтік қорғау жүйелері салаларында білім мен саясатты дамыту үшін еңбек етті.
bogner

Матильда Богнер

БҰҰ АҚЖКБ
БҰҰ Адам құқықтары жөніндегі Жоғарғы Комиссары Басқармасының Орталық Азия бойынша аймақтық өкілі
 
 
 
Матильда Богнер ханым БҰҰ жүйесінде 2006 жылдан бері жұмыс істейді. Орталық Азияға келгенге дейін Богнер ханым 4 жыл бойы БҰҰ-ның Украинадағы адам құқықтарын бақылау миссиясын басқарды. Бұл оның БҰҰ Адам құқықтары жөніндегі Жоғарғы Комиссары Басқармасының Орталық Азиядағы аймақтық кеңсесінің басшысы қызметіне екінші рет тағайындалуы. Бұған дейін ол Тынық мұхит аймағындағы және Оңтүстік-Шығыс Азиядағы АҚЖК аймақтық кеңселерін басқарды. Ол сондай-ақ БҰҰ Ливиядағы Қолдау Миссиясының (UNSMIL) Адам құқықтары, өтпелі әділеттілік және заң үстемдігі бөлімін басқарды және жақында БҰҰ-ның Беларусьтегі адам құқықтары жөніндегі аға кеңесшісі болды. БҰҰ-ға дейін Богнер ханым Еуропа және Орталық Азия аймағындағы адам құқықтары саласында тоғыз жыл жұмыс істеген және орыс тілін жетік меңгерген. Ол заң саласы бойынша білім алған және Австралияда қылмыстық қорғаушы болып қызмет атқарған.
Nikita Shabayev

Никита Шабаев

БҰҰЕ
БҰҰ Волонтерлер Бағдарламасының Қазақстандағы Елдік үйлестірушісі
Никита Шабаевтың мемлекеттік сектор, ұкіметтік емес ұйымдар және БҰҰ-мен даму саласында 15 жылдан астам тәжірибесі бар. Ол 2015 жылдан бастап БҰҰ-ның әр түрлі жобаларында жұмыс істеп келеді: БҰҰ ЭКСПО-2017, БҰҰДБ жобасы бойынша жастардың дамуы, БҰҰДБ-ның әлеуметтік қамту жобасы, БҰҰДБ-ның Қазақстандағы мемлекеттік қызметті оңтайландыру жобасы. БҰҰ Волонтері ретінде Қазақстан оңтүстігінде корпоративті волонтерлікті дамытуға үлесін қосты.
Nikolay Pomoshchnikov

Николай Помощников

ЭСКАТО
Солтүстік және Орталық Азияға арналған АТМЭӘК Субөңірлік кеңсесінің басшысы
 
Помощников мырзаның екіжақты және көпжақты дипломатия саласындағы тәжірибесі мол. 2011 жылы, АТМЭӘК-ке қосылар алдында, ол Ресей Федерациясының АТМЭӘК жанындағы тұрақты өкілінің орынбасары болған. Оның Төтенше және Өкілетті Уәкіл (екінші сыныпты) дипломатиялық дәрежесі бар. Саяси ғылымдарының кандидаты атанған.
ronny

Ронни Линдстром

ЮНФПА
ЮНФПА-ның Қазақстан бойынша Өкілі, Қырғызстан мен Түрікменстан бойынша Елдік директоры
 
Ронни Линдстром мырза еңбек жолын Орталық Азиядағы ЮНФПА-да бастады, мұнда ол Өзбекстанда орналасқан Орталық Азия республикалары үшін бағдарламалар бөлімінің қызметкері болып жұмыс істеді. Сондай-ақ, ол Азия-Тынық мұхиты аймағында және басқару қызметтері департаментінде жұмыс істеді, сонымен қатар келісімшарттарды қарау комитетінің хатшысы болды. Линдстром мырза кейінірек Қытайдағы ЮНФПА өкілінің орынбасары қызметін атқарды, сол жерден Женевадағы Бас хатшының кеңсесі жанындағы CEB хатшылығына жіберілді, содан кейін ол Шығыс Тимордағы, Дилидегі ЮНФПА-ға қайтып оралды. Швеция елінде туып өскен Линдстром мырза Дельта университетінің (АҚШ) саясаттану және тарих саласындағы гуманитарлық ғылымдар бакалавры, Миссисипи университетінің (АҚШ) және Калифорния университетінің (АҚШ) саяси ғылымдар магистрі, сонымен қатар Риверсайдтағы (АҚШ) Калифорния университетінің саясаттану докторы дәрежесін алған.
skender syla

Скендер Сыла

ДДСҰ
ДДСҰ өкілі - Қазақстандағы ДДСҰ Елдік кеңсесінің басшысы
 
Доктор Скендер Сыла ДДСҰ-да 20 жылдан астам жұмыс істейді. Қазақстанға тағайындалғанға дейін доктор Сыла ДДСҰ-ның Болгариядағы өкілі (2017-2022 жж.), ДДСҰ-ның Приштина кеңсесінің басшысы (2009-2016 жж.), ал 2000-2005 жж. аймақтарда жанжалдан кейінгі қалпына келтіру және ел деңгейінде денсаулық сақтау жүйесін дамыту кезеңдерінде мамандар санатының Ұлттық қызметкері ретінде әртүрлі лауазымдарды атқарды, кейін Копенгагендегі ДДСҰ-ның Еуропалық өңірлік бюросында жұмыс істеді.
ДДСҰ-ға келгенге дейін «Mother Teresa (Тереза ана)» гуманитарлық ұйымында (1996-1998) және Халықаралық медициналық корпуста (1998-2000), Батыс Балқандағы гуманитарлық дағдарыстардан зардап шеккен адамдарды қолдайтын түрлі гуманитарлық бағдарламаларда дәрігер ретінде жұмыс істеді.
Приштина университетінің медицина факультетін бітірген, Копенгаген университетінің халықаралық денсаулық сақтау магистрі дәрежесіне ие.
Talgat Umirzhanov

Талғат Өміржанов

ХЕҰ
ХЕҰ Ұлттық үйлестірушісі
 
ХЕҰ-да 1997 жылдан бері қызмет етіп келеді. 1989-1993 жж - Ұлттық пікір мен нарықты зерттеу ұлттық орталығы директорының орынбасары. 1985-1989 жж. - Қазақстан теледидар және радио хабарлары жөніндегі мемлекеттік комитеті әлеуметтану қызметінің аға редакторы. ХЕҰ-ның Қазақстандағы ұлттық үйлестірушісі лайықты жұмыс күн тәртібін ілгерілетеді және Қазақстан Республикасы үшін лайықты еңбек бағдарламасын іске асыруға жауап береді, ХЕҰ конвенцияларын ратификациялауға техникалық көмек ұйымдастырады, сонымен қатар ХЕҰ мен елдің арасындағы ынтымақтастықты қолдау мен дамытуды қамтамасыз етеді. ХЕҰ-ның елдегі мақсатты қызметін тұжырымдау үшін әлеуметтік-экономикалық дамудың басымдықтарын анықтау да оның басымдығы болып табылады. БҰҰ елдік тобының мүшесі болып табылады және елдегі басқа да халықаралық ұйымдармен тығыз байланыста.
Hans Friedrich Schodder

Ханс Фридрих Шоддер

БҰҰ ЖКББ
БҰҰ БЖКБ Орталық Азия бойынша Өкілі
 
Ханс Фридрих Шоддер мырза 2020 жылдың қыркүйегінен бастап Орталық Азия бойынша БҰҰ БЖКБ-ның Өкілі қызметін атқарады. Бұған дейін Шоддер мырза БҰҰ БЖКБ-ның Сербиядағы Өкілі, оның ішінде БҰҰ-ның Тұрақты үйлестірушісі міндетін уақытша атқарушысы болып бір жыл жұмыс істеді. 2012-2015 жылдары Шоддер мырза Үндістандағы БҰҰ БЖКБ-ның Миссия Басшысының орынбасары, 2014 жылы Сирия дағдарысы кезінде БҰҰ БЖКБ-ның Төтенше жағдайлар жөніндегі аға үйлестірушісі және 2008-2012 жылдары БҰҰ БЖКБ-ның Қырғызстандағы Өкілі қызметін атқарды. Шоддер мырза өзінің мансабын 1991 жылы Гонконгта БҰҰ БЖКБ-да бастады, содан кейін Вьетнамда түрлі лауазымдарда жұмыс істеді ,1996-2001 жылдары БҰҰ БЖКБ-ның Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымымен Байланыс кеңсесінде сыртқы байланыстар бойынша аға кеңесші болды, 2001-2008 жылдары Украина, Судан және Шри-Ланка елдерінде БҰҰ БЖКБ-ның құқықтық сұрактары бойынша аға кеңесшісі қызметін атқарды. Шоддер мырза үйленген және екі баласы бар. Лондон Университетінің Шығыс және Африка зерттеулер мектебін (School of Oriental and African Studies) «Әлеуметтік антропология және вьетнамдық зерттеулер» мамандығы бойынша бітірді.