Әйелдер мен қыздардың құқықтары мен мүмкіндіктері тең болғанда не өзгереді?
Бейбіт келіссөздерден бастап климаттық әрекеттерге, технология, ғылым және мәдениетке дейін — әйелдер баршаға арналған әділ әрі тұрақты болашақты қалыптастыруда.
🇺🇳Халықаралық әйелдер күніне арналған БҰҰ жаһандық бейнежолдауында әлем көшбасшыларының үндері бірікті. Олардың қатарында БҰҰ Бас хатшысы Антониу Гутерриш, сондай-ақ Тұрақты даму мақсаттарының жаһандық жақтастары мен танымал мәдениет қайраткерлері, соның ішінде Мишель Йео бар.
🇰🇿 Қазақстан да осы жаһандық үндеуде ұсынылғанына қуаныштымыз. ЮНФПА-ның Қазақстандағы Құрметті елшісі Қалия - Ақмаржан Көшербаева әйелдер мен қыздардың құқықтары мен мүмкіндіктерін қолдауға арналған бұл бастамаға әлемдік деңгейдегі тұлғалармен бірге қосылды.